29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАстана IV Халықаралық форумы аясында Мәскеу қаласында өткен «XXI ғасыр мегаполисі: Қала және балалар» «Өмір сүргің келетін қала» ТМД және ЕурАзЭҚ қалалық оңтайлы конкурс-байқауының лауреаты атанды. Қазақстан астанасы атынан барған делегаттарға Ресей Муниципальды академиясы мен астаналар мен ірі қалалар Халықаралық Ассамблеясының Дипломдары тапсырылды.
Мұндай беделді награда Астанаға Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен жастарды еңбекпен қамту саласындағы күрделі мәселелерді шешуге бағытталған «Жасыл ел» жалпыұлттық бағдарламасын әзірлеп, жүзеге асырғаны үшін берілді.
Сонымен қатар, қосымша білім беру жүйесіндегі ірі жобалар – Оқушылар үйінің құрылысы мен оның базасында балалар үшін Интерактивті Ұлттық парк құру жөніндегі мастер-жоба әзірлегені үшін жоғары бағаға ие болды. Сондай-ақ, байқауды ұйымдастырушылар № 64 «Асылбөбек» балабақшасы базасында жетілуінде кешендік ауытқулары бар балалар үшін тиіптік білім беру-тәрбиелеу технологияларының ілкі жобасын енгізуін атап өтті. Астананың мектептеріндегі білім беру жүйесіне «Болашақ мектебі – бүгіннен» бағдарламасы аясында кешенді бақылау жүргізетін «мектеп оқушысының электронды куәлігі» жүйесі ақпараттық технологиясын енгізу де назардан тыс қалған жоқ.
Астана қаласының ресми сайты astana.kz
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек