«Жас Отан»: Жастар Елбасының стратегиялық бастамаларын қолдайды

25 Желтоқсан 2012, 03:32

Қазақстан жастары Елбасының стратегиялық бастамаларын қолдай отырып, алға қойған жоспарларды орындауға дайын. Бүгін еліміздегі жастар ұйымдары Президент Жолдауындағы маңызды міндеттерді бірігіп іске асыруға шақыратын ел жастарына үндеу жариялады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. Президент Жолдауын қолдау мақсатында «Жас Отан» жастар қанаты студенттер альянсы, Жастар конгресі, Ауыл жастары одағы, жұмысшы жастар одағы, «Жасыл ел» тәрізді ұйымдармен бірлесе жастармен кездесу ұйымдастырды. Кездесуге еліміздің түкпір-түкпірінен 200-ден астам жастар ұйымдарының көшбасшылары мен өкілдері жиналды. «Бүгінгі іс-шара Елбасының Жолдауын талқылауға бағытталған. Шараны еркін сұхбат алаңы ретінде өткізіп отырмыз. Әдеттегіден өзгеше, осы жерде жастар өз пікірлерін, ұсыныстарын айтады», - деді «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Нұрлан Сыдықов. Кездесу барысындан жасотандықтар ел жастарына үндеу жолдады. Олар қазақстандықтарды Президент Жолдауындағы ауқымды міндеттерді бірігіп іске асыруға шақырады. «Жастарды Елбасының Жолдауын қолдауға үндеу жолдап отырмыз. Бүкіл Қазақстан жастарын бірлікке шақыра отырып, Елбасының жастардың алдына қойып отырған ауқымды мақсаттарды жүзеге асыруға белсенді атсалысуға үндейміз. 2050 жылға дейінгі стратегиядағы міндеттер, ең біріншіден жастарға қатысты. Бүгінгі күні жастарға мемлекет тарапынан жағдай жасалып отыр. Ендігі кезекте біз бірлігімізді нығайта отырып, осы жетістіктерді еселеуіміз қажет. Жастардан талап етілетіні - білімді игере отырып, елге қызмет ету», - деп атап өтті Сыдықов. Айымгүл Әбілева

Қазақстан жастары Елбасының стратегиялық бастамаларын қолдай отырып, алға қойған жоспарларды орындауға дайын. Бүгін еліміздегі жастар ұйымдары Президент Жолдауындағы маңызды міндеттерді бірігіп іске асыруға шақыратын ел жастарына үндеу жариялады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Президент Жолдауын қолдау мақсатында «Жас Отан» жастар қанаты студенттер альянсы, Жастар конгресі, Ауыл жастары одағы, жұмысшы жастар одағы, «Жасыл ел» тәрізді ұйымдармен бірлесе жастармен кездесу ұйымдастырды. Кездесуге еліміздің түкпір-түкпірінен 200-ден астам жастар ұйымдарының көшбасшылары мен өкілдері жиналды.

«Бүгінгі іс-шара Елбасының Жолдауын талқылауға бағытталған. Шараны еркін сұхбат алаңы ретінде өткізіп отырмыз. Әдеттегіден өзгеше, осы жерде жастар өз пікірлерін, ұсыныстарын айтады», - деді «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Нұрлан Сыдықов.

Кездесу барысындан жасотандықтар ел жастарына үндеу жолдады. Олар қазақстандықтарды Президент Жолдауындағы ауқымды міндеттерді бірігіп іске асыруға шақырады.

«Жастарды Елбасының Жолдауын қолдауға үндеу жолдап отырмыз. Бүкіл Қазақстан жастарын бірлікке шақыра отырып, Елбасының жастардың алдына қойып отырған ауқымды мақсаттарды жүзеге асыруға белсенді атсалысуға үндейміз. 2050 жылға дейінгі стратегиядағы міндеттер, ең біріншіден жастарға қатысты. Бүгінгі күні жастарға мемлекет тарапынан жағдай жасалып отыр. Ендігі кезекте біз бірлігімізді нығайта отырып, осы жетістіктерді еселеуіміз қажет. Жастардан талап етілетіні - білімді игере отырып, елге қызмет ету», - деп атап өтті Сыдықов.

Айымгүл Әбілева

Бөлісу: