29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыБүгін Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Мұхтар Құл-Мұхаммедтің төрағалығымен Президенттің «Қазақстан-2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі басымдықтарын түсіндіру жөніндегі республикалық кеңес болып өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Кеңеске Президент Әкімшілігі, Үкімет, Премьер-Министр Кеңсесі өкілдері, министрліктер мен ведомстволардың жауапты хатшылары, басшыларының орынбасарлары, Астана, Алматы қалалары мен облыстар әкімдерінің орынбасарлары және ішкі саясат басқармалары бастықтары, ұлттық жоғары оқу орындарының ректорлары, БАҚ жетекшілері қатысты.
«Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» стратегиясында белгіленген айқын бағдарлар сапалы серпіліс жасап, Қазақстан өміріндегі таяу онжылдықтардағы міндеттер мен принциптерді анықтауға мүмкіндік береді. 2050 жылы еліміз әлемнің ең дамыған отыз мемлекетінің қатарына кіруге тиіс. Президент Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей, көпұлтты және көпконфессиялы қоғам табысының негізін жаңа қазақстандық патриотизм қамтамасыз етеді. Бұл болашақ ұрпаққа арналған бағыт-бағдар», - деп атап өтті Мемлекеттік хатшы өз сөзінде.
Мемлекеттік хатшы атап айтқандай, идеологиялық блок қызметкерлерінің бүгінгі міндеті Жолдау басымдықтарын түсіндіру арқылы барша қазақстандықтарды Мемлекет басшысы қойған биік мақсаттарға қол жеткізуге жұмылдыруда.
«Қазақстанның болашақтағы орны мен рөлі «Қазақстан-2050» стратегиясының сәтті іске асырылуына байланысты. Бұл елдің ең маңызды ішкі трансформацияға және жаңаруға дайындығы мен әлеуеті. Қазақстанның дамуы бұдан былай тек бүгінгі әлемдегі ғана емес, «ғасыр белесіндегі» - 2050 жылға дейін қалыптасатын әлемдегі бәсекелестікке бағытталатын болады», - деп атап өтті Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев.
Кеңес барысында сондай-ақ Білім және ғылым министрі, Б.Жұмағұлов, Мәдениет және ақпарат министрі Д.Мыңбай, Экономикалық даму және сауда министрі Е.Досаев, Денсаулық сақтау министрі С.Қайырбекова, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі С.Әбденов, Дін істері агенттігінің төрағасы Қ.Лама Шариф, Дене шынықтыру және спорт істері агенттігінің төрағасы Т.Ермегияев, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры Е.Бабақұмаров сөз сөйледі.
Отырыс қорытындысы бойынша қатысушыларға нақты тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.
BNews.kz
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек