29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары
2013 жылы Қызылорда облысында 20-дан астам жаңа мектеп ашылады. Бұл жөнінде BNews.kz тілшісіне Қызылорда облысының әкімі Болатбек Қуандықов мәлімдеді. «Қазір облыстың әрбір алтыншы тұрғыны – оқушы, ал әрбір жиырма алтыншы тұрғын – балабақша тәрбиеленушісі екенін есепке алсақ, онда 2013 жылы өңірдегі білім саласына 20,4 млрд теңге бюджет қаражаты бөлінеді, – деді ол. – 6 ірі мектептің құрылысы басталады, бұл шамамен 3 000 орын, 4 балабақша – 1 120 орын, құрылысы басталған 14 мектеп пен 6 балабақша салынып бітеді».
«Сондай-ақ, 8 мектеп пен 6 балабақша құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасын дайындау жоспарлануда, – деді әкім. – 2013 жылы Қызылорда қаласына жақын орналасқан Досан ауылында 100 орынға арналған мектептің құрылысы аяқталатынын атап өткім келеді. Бұл мектепті біз мемлекеттік- жекеменшік серіктестіктің негізінде салудамыз».
BNews.kz
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек