25-желтоқсанда Қазақстан Президентінің қатысуымен жалпыхалықтық телекөпір өтеді

24 Желтоқсан 2012, 07:40

Ертең, 25-желтоқсанда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен жалпыхалықтық телекөпір өтеді. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихаты барысында ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлімдеді. «Соңғы жылдары, әсіресе, 2012 жылы Қазақстан Президенті мен Қазақстан Үкіметі еліміздің индустриядық-инновациялық дамуына баса назар аударып отырғаны баршаңызға мәлім. Қазіргі таңда Қазақстанның ұлттық мүддесінің негізгі өзегі, индустриялдық-инновациялық дамудың негізгі бағыты шикізатқа тәуелділіктен арылып, үдемелі индустриялдық-инновациялық даму негізінде ұлттық өндірісті дамыту, өндірістік шикізат арқылы жасампаз экономикаға өту екені белгілі. Ұлттық экономиканы индустрияландыруға бағытталған барлық шаралардың басты мақсаты – ұлттың әл-ауқатты дамуының үдерісі мен әрбір қазақстандықтың өмір сүру сапасын арттыру. Осы тұста 25-ші желтоқсанда Астанада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтетін кезекті жалпыұлттық телекөпірде индустрияландыру картасы жобаларының тұсаукесері зор маңызға ие», - деді А.Әбибуллаев. Сонымен қатар, ОКҚ ресми өкілі аталмыш шара барысында Президент Нұрсұлтан Назарбаев үдемелі индустриялдық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының бастапқы нәтижелерін қорытындылай келе, алдағы кезеңге жаңа бағыттарды айқындап, жоспарлайтынын атап өтті. Сондай-ақ жалпыұлттық телекөпір шеңберінде жыл сайынғы Президенттің өнеркәсіп саласындағы «Алтын сапа» және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін әспеттейтін «Табыс» сыйлығы мен Қазақстанның үздік тауары республикалық көрме конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімін өткізу жоспарлануда. Жеңімпаздарға байқаулардың жоғары марапаты гран-при – «Парыз» бен «Алтын сапа» арнайы жүлделерін Президент Нұрсұлтан Назарбаев табыс етеді. «Кедендік одаққа мүше болып, Дүниежүзілік сауда ұйымына кірер тұста Қазақстан үшін экономикалық дамудың жаңа деңгейі мен шағын және орта бизнесті қолдау баршамызға өте маңызды. Қазақстандық экономикалық саясаттың басты мақсаты – кәсіпкерлік қатынастың бәсекелестікке жарамды бизнесін құру, бәсекелестікке жарамды инвестициялық ахуал мен қолайлы жағдай қалыптастырып, кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігін арттырып, дамудың жаңа деңгейіне көшу. Осы орайда «Алтын сапа», «Парыз», «Қазақстанның үздік тауары» байқаулары ұлттық саясаттың, отандық өндірушілердің, кәсіпкерлер мен ұлттық экспортерлерді қолдау мен ынталандырудың маңызды кепілі болып табылады», -деп толықтырды ол. Диана Құлмағанбетова

Ертең, 25-желтоқсанда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен жалпыхалықтық телекөпір өтеді. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихаты барысында ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлімдеді.

«Соңғы жылдары, әсіресе, 2012 жылы Қазақстан Президенті мен Қазақстан Үкіметі еліміздің индустриядық-инновациялық дамуына баса назар аударып отырғаны баршаңызға мәлім. Қазіргі таңда Қазақстанның ұлттық мүддесінің негізгі өзегі, индустриялдық-инновациялық дамудың негізгі бағыты шикізатқа тәуелділіктен арылып, үдемелі индустриялдық-инновациялық даму негізінде ұлттық өндірісті дамыту, өндірістік шикізат арқылы жасампаз экономикаға өту екені белгілі. Ұлттық экономиканы индустрияландыруға бағытталған барлық шаралардың басты мақсаты – ұлттың әл-ауқатты дамуының үдерісі мен әрбір қазақстандықтың өмір сүру сапасын арттыру. Осы тұста 25-ші желтоқсанда Астанада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтетін кезекті жалпыұлттық телекөпірде индустрияландыру картасы жобаларының тұсаукесері зор маңызға ие», - деді А.Әбибуллаев.

Сонымен қатар, ОКҚ ресми өкілі аталмыш шара барысында Президент Нұрсұлтан Назарбаев үдемелі индустриялдық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының бастапқы нәтижелерін қорытындылай келе, алдағы кезеңге жаңа бағыттарды айқындап, жоспарлайтынын атап өтті. Сондай-ақ жалпыұлттық телекөпір шеңберінде жыл сайынғы Президенттің өнеркәсіп саласындағы «Алтын сапа» және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін әспеттейтін «Табыс» сыйлығы мен Қазақстанның үздік тауары республикалық көрме конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімін өткізу жоспарлануда. Жеңімпаздарға байқаулардың жоғары марапаты гран-при – «Парыз» бен «Алтын сапа» арнайы жүлделерін Президент Нұрсұлтан Назарбаев табыс етеді.

«Кедендік одаққа мүше болып, Дүниежүзілік сауда ұйымына кірер тұста Қазақстан үшін экономикалық дамудың жаңа деңгейі мен шағын және орта бизнесті қолдау баршамызға өте маңызды. Қазақстандық экономикалық саясаттың басты мақсаты – кәсіпкерлік қатынастың бәсекелестікке жарамды бизнесін құру, бәсекелестікке жарамды инвестициялық ахуал мен қолайлы жағдай қалыптастырып, кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігін арттырып, дамудың жаңа деңгейіне көшу. Осы орайда «Алтын сапа», «Парыз», «Қазақстанның үздік тауары» байқаулары ұлттық саясаттың, отандық өндірушілердің, кәсіпкерлер мен ұлттық экспортерлерді қолдау мен ынталандырудың маңызды кепілі болып табылады», -деп толықтырды ол.

Диана Құлмағанбетова

Бөлісу: