«Жас Отан» жастарға үндеу жолдайды

24 Желтоқсан 2012, 05:13

Мемлекет басшысының Жолдауын қолдау мақсатында «Жас Отан» жастар қанаты Студенттер альянсы, Жастар конгресі, Ауыл жастары одағы, Жұмысшы жастар одағы, «Жасыл Ел» жастар еңбек отрядтары мен Қазақстанның өзге де жастар ұйымдарымен бірлесіп жастармен кездесу өткізуде. Бұл туралы «Нұр Отан» ХДП баспасөз қызметі хабарлайды. Ашық диалог алаңында жастар ұйымдарының Қазақстан жастарын Президент Жолдауын және өзге де бағдарламалық құжаттарды іске асыру жолымен республиканың өмірлік іс-әрекетіне белсенді қатысуға шақыратын ел жастарына үндеуі жарияланбақ. Шараға еліміздің әр түрлі өңірлерінен жастар ұйымдарының көшбасшылары мен өкілдері келгенін атап өту керек. «Жас Отан» жастар қанатының көшбасшысы Н.Сыдықов: «Біздің Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің Жолдауында: Біз Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамына қарай жылжып келеміз, деген болатын. Н.Ә.Назарбаев өзі жұмысшы тобынан шыққан адам ретінде Жолдауында жұмысшы жастарға ерекше көңіл бөледі. Еңбексүйгіш жастар – бұл Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамының негізі», - деп атап өтті. Кездесу Л.Н. Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университетінде өтуде. BNews.kz

Мемлекет басшысының Жолдауын қолдау мақсатында «Жас Отан» жастар қанаты Студенттер альянсы, Жастар конгресі, Ауыл жастары одағы, Жұмысшы жастар одағы, «Жасыл Ел» жастар еңбек отрядтары мен Қазақстанның өзге де жастар ұйымдарымен бірлесіп жастармен кездесу өткізуде. Бұл туралы «Нұр Отан» ХДП баспасөз қызметі хабарлайды.

Ашық диалог алаңында жастар ұйымдарының Қазақстан жастарын Президент Жолдауын және өзге де бағдарламалық құжаттарды іске асыру жолымен республиканың өмірлік іс-әрекетіне белсенді қатысуға шақыратын ел жастарына үндеуі жарияланбақ.

Шараға еліміздің әр түрлі өңірлерінен жастар ұйымдарының көшбасшылары мен өкілдері келгенін атап өту керек.

«Жас Отан» жастар қанатының көшбасшысы Н.Сыдықов: «Біздің Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің Жолдауында: Біз Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамына қарай жылжып келеміз, деген болатын. Н.Ә.Назарбаев өзі жұмысшы тобынан шыққан адам ретінде Жолдауында жұмысшы жастарға ерекше көңіл бөледі. Еңбексүйгіш жастар – бұл Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамының негізі», - деп атап өтті.

Кездесу Л.Н. Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университетінде өтуде.

BNews.kz

Бөлісу: