«Қасиеттім – Желтоқсан!» кітабының тұсаукесері өтеді

22 Желтоқсан 2012, 08:48

24 желтоқсанда  «Бәйтерек» халықаралық  баспасөз  орталығында  Болатбек Төлепбергеннің «Қасиеттім – Желтоқсан!» атты кітабының тұсаукесері өтеді. Қазақстан Республикасы  Президенті сыйлығының лауреаты, ҚР Мәдениет қайраткері,  Мемлекеттік «Дарын»  жастар сыйлығы мен Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының иегері, философия  ғылымдарының  кандидаты Болатбек Төлепберген  “Қасиеттім – Желтоқсан!”  публицистикалық кітабында 1986 жылғы Алматы қаласындағы Желтоқсан көтерілісінің шығу себеп-салдары  мен  оқиғаның  өрбу  барысын  қамтуды  көздеген.   Сонымен қатар, көтеріліске қатысқан және одан кейінгі кезде азаматтық ұстанымын көрсеткен зиялыларымыздың,  жастарымыздың  қайсарлығы туралы сыр шертіледі. Автор Желтоқсан көтерілісіне қатысты толыққанды мағлұматты нақты деректермен дәйектейді.  Сол ызғарлы күндердегі зиялы қауым болмысын ашуға ұмтыла отырып, Желтоқсан көтерілісінің бізге беймәлім қырларын баяндауды мақсат  тұтқан. Астана қаласының ресми сайты astana.kz

24 желтоқсанда  «Бәйтерек» халықаралық  баспасөз  орталығында  Болатбек Төлепбергеннің «Қасиеттім – Желтоқсан!» атты кітабының тұсаукесері өтеді. Қазақстан Республикасы  Президенті сыйлығының лауреаты, ҚР Мәдениет қайраткері,  Мемлекеттік «Дарын»  жастар сыйлығы мен Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының иегері, философия  ғылымдарының  кандидаты Болатбек Төлепберген  “Қасиеттім – Желтоқсан!”  публицистикалық кітабында 1986 жылғы Алматы қаласындағы Желтоқсан көтерілісінің шығу себеп-салдары  мен  оқиғаның  өрбу  барысын  қамтуды  көздеген.  

Сонымен қатар, көтеріліске қатысқан және одан кейінгі кезде азаматтық ұстанымын көрсеткен зиялыларымыздың,  жастарымыздың  қайсарлығы туралы сыр шертіледі. Автор Желтоқсан көтерілісіне қатысты толыққанды мағлұматты нақты деректермен дәйектейді.  Сол ызғарлы күндердегі зиялы қауым болмысын ашуға ұмтыла отырып, Желтоқсан көтерілісінің бізге беймәлім қырларын баяндауды мақсат  тұтқан.

Астана қаласының ресми сайты astana.kz

Бөлісу: