22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыЕлорда тұрғындарына қалалық автобустар қозғалысын Интернет арқылы бақылай алатын мүмкіндіктер туды. Қала көшелерінде жүретін барлық автобус бағдарлары KazInterSoft компаниясының https://soft.kz/astanabus. сайтында толық көрінеді.
Аталған компания өткен жылы Астананың автобус паркін жарақтандыру жөніндегі gps-мониторинг жобасын орындаған болатын. Нәтижесінде онлайн тәртібіндегі жаңалық енгізіліп, аталған сайттан кез келген автобустың бағдарын бақылауға болады.
Компанияның атқарушы директоры Мұрат Тұрыспеков аталған сервисті өзінің балалары үнемі пайдаланатынын айтып берді. «Олар тізімнен керекті автобусын тауып алады да, оның қажетті аялдамадан қанша қашықтықта екендігін анықтайды. Сөйтіп, қыста аязға тоңбай, үйден автобус аялдамаға дәл келер кезде шыға қояды», - дейді.
Сондай-ақ, ол электронды картаның көмегімен автобустың қандай жылдамдықпен жүріп келе жатқанын, жүргізушінің бағдардан басқа жаққа ауытқымағанын анық біліп отыруға болатынын да хабарлады.
Компанияның атқарушы директорының айтуынша, сервиске тек компьютері бар адамдардың ғана қолы жетімді емес. Ұялы телефондардан, Android тұғырында смартфондардан да кіре беруге болады. «Осы сервистің мүмкіндіктері туралы жан-жақты айтылған Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ студенттерімен кездесу өткізілді. Енді студенттер өздерінің ұялы телефондарының көмегімен керекті автобустарын бақылап, дәл уақытында шығады. Бұрынғыдай аялдамада босқа тұрып уақыт өткізбейді», - деді Мұрат Тұрыспеков.
Астана қаласының ресми сайты astana.kz
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев