Орал педагогтары Президент Жолдауын іске асыруға бар күшін салады – сарапшы

21 Желтоқсан 2012, 08:09

Орал педагогтары Елбасының Жолдауын іске асыра алады. Бұл жөнінде BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында қалалық білім бөлімінің бастығы Жансұлу Төремұратова мәлімдеді. «Адам ретінде және мемлекеттік чиновник ретінде де ел алдына 2050 жылға дейін міндет қойған Президентіміздің қырағылығына тәнтімін. Біз қазақстандықтардың болашақ ұрпағына құндылықтарды ұқыптап қалдыруымыз керек», - деп атап өтті Ж.Төремұратова. Қалалық білім басқармасы бастығының пікірінше, Оралда атқарушы органдар мектепке дейінгі біліммен қамтылған балалар санын арттыру үшін бар мүмкіндіктерді пайдаланып отыр. «Қалада осы жылда ғана 3 мектеп пен 3 балалар бақшасы салынды. Келесі жылы Зашағанда және Дерқұл кентінде 1200 орындық мектеп салуды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ ҚПО Б.В. мұнай-газ консорциумының инвестициясына 360 орындық балалар бақшасы салынып жатыр», - дейді Ж.Төремұратова. Ж.Төремұратованың пікірінше, оралдық педагогтар Президенттің Жолдауы толығымен іске асырылуы үшін бар күштерін салады.

Орал педагогтары Елбасының Жолдауын іске асыра алады. Бұл жөнінде BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында қалалық білім бөлімінің бастығы Жансұлу Төремұратова мәлімдеді.

«Адам ретінде және мемлекеттік чиновник ретінде де ел алдына 2050 жылға дейін міндет қойған Президентіміздің қырағылығына тәнтімін. Біз қазақстандықтардың болашақ ұрпағына құндылықтарды ұқыптап қалдыруымыз керек», - деп атап өтті Ж.Төремұратова.

Қалалық білім басқармасы бастығының пікірінше, Оралда атқарушы органдар мектепке дейінгі біліммен қамтылған балалар санын арттыру үшін бар мүмкіндіктерді пайдаланып отыр.

«Қалада осы жылда ғана 3 мектеп пен 3 балалар бақшасы салынды. Келесі жылы Зашағанда және Дерқұл кентінде 1200 орындық мектеп салуды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ ҚПО Б.В. мұнай-газ консорциумының инвестициясына 360 орындық балалар бақшасы салынып жатыр», - дейді Ж.Төремұратова.

Ж.Төремұратованың пікірінше, оралдық педагогтар Президенттің Жолдауы толығымен іске асырылуы үшін бар күштерін салады.

Бөлісу: