Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАстанада Премьер-Министрдің орынбасары Е.Орынбаевтың төрағалығымен БҰҰ-ның 2015 жылдан кейінгі жаһандық даму саласындағы күн тәртібін қалыптастыру мақсатында ұлттық консультациялар өткізу жөніндегі үйлестіру комитетінің бірінші отырысы өтті, деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.
Шараға мемлекеттік органдар мен агенттіктердің, БҰҰ-ның Қазақстандағы жүйесінің өкілдері қатысты. БҰҰ шешімен, Қазақстан осындай консультациялар өткізетін 50 елдің бірі ретінде таңдалып отыр. Бұл консультациялардың негізгі мақсаты – 2000 жылы БҰҰ-ның Мыңжылдық саммитінде қабылданған мыңжылдықты дамытудың мақсаттарын орындау жөніндегі ұсыныс-кеңестерді әзірлеу болып табылады.
Ұсыныс-кеңестер «Рио+20» және ұлттық басымдықтарды дамыту мәселелері бойынша өзара іс-қимылдарды тереңдетудің әдістері ретінде қаралады.
Ұлттық консультациялардың қорытындылары жинақталып, БҰҰ-ның Даму мәселелері жөніндегі тобының жаһандық есебіне кіргізіледі және ол құжат 2013 жылдың қыркүйек айында БҰҰ Бас Ассамблеясында қаралады.
Е.Орынбаев отырыс қорытыдысы бойынша барлық мүдделі мемлекеттік органдарға консультациялардың тақырыптарын анықтауды және БҰҰ қарауына ұсыну үшін «Қазақстан-2050» стратегиясын ескере отырып ұсыныс-кеңестердің жобаларын әзірлеуді міндеттеді.
BNews.kz
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек