Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары- Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы жан-жақты талқылаулармен, әлемдік геосаяси және экономикалық үдерістермен үйлескен өте маңызды құжат болды. «Қазақстан - 2030» бағдарламасында ең негізгі мұраттарға экономика, Ұлттық қауіпсіздік және саяси тұрақтылық сынды жауапты мәселелер қойылған еді. Оның бәрі тиянақты түрде ойластырылған жүйеге сәйкес оңды шешiмін тапты. Расында да, Президент алты жыл алдын дүниежүзіндегі дамыған елу елдің қатарына енуді мақсат етіп қойып, бүкіл күшті жұмылдырудың нәтижесінде оны да бағындырдық. Биылғы жылдың қорытындысына сәйкес әлемдік экономикалық форумның рейтингісінде 51-орынға тұрақтаған Қазақстан тиісті межені толығымен игерді. Ендігі меже - отыз елдің қатарына ену. Мемлекеттің дамуына жаңа серпін беретін стратегияда оның да жолы ойластырылып, айқын көрсетіліп берілген. Қазір геосаясат өзгерді, азық-түлік, су, табиғи ресурстар тапшылыға кез келген елдің алдына күтпеген кедергілерді туындатуы мүмкін. Соларды еңсерудің амалдары мен қиындықтарды қоғам болып жеңудің тың бағыттары белгіленді. Ауыл шаруашылығын, өнеркәсіпті, индустриалды-инновациялық бағдарламаларды белсенді қарқынмен жүргізу, жасыл экономиканы жеделдету, ЭКСПО-ны жоғары деңгейде өткізу Үкіметке жаңа міндеттер қояды.
Айқын газеті
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек