Бауыржан БАЙБЕК, Президент Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары: Демократия жолындағы маңызды қадам

20 Желтоқсан 2012, 09:44

- 1997 жылы дағдарыс кезінде «Қазақстан - 2030» бағдарламасы қабылданған кезде ешкім сенген жоқ еді. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жанқиярлық еңбе­гі­нің нәтижесінде сол жүзеге асты ғой. Қазіргі қоғам арман мен қиял­ға балаған жоспарлардың 15 жыл өткен соң орындалғанын көріп тұр. Қазір әлемдегі ең мық­ты мемлекеттер осы ғасырдың бі­рінші жартысына дейінгі даму бағдарламаларын жасап жатыр. Сондықтан да Елбасы атап отыр­ған 2050 жылға дейінгі стратегия кездейсоқ дүниеге келген жоқ. Тәуелсіздіктің 21 жылында жаңа тұрпатты Қазақстан қалыптасты, енді жас буын тұрақтылық пен татулықты мәңгілікке сақтап қа­лу­дың жолдарын іздеу керек. Стратегия соның негізгі темірқа­зығы болары даусыз. Елбасы мемлекеттік басқару органдарына заман көші мен да­муына сай әрекет етуді үнемі та­лап етіп келеді. Екі жыл бұрын ай­мақтарға бөлінген қаржыны қа­дағалайтын тексеру комиссиясы құрылды. Түрлі тексерістер нәти­жесінде заңсыз жаратылған 40 миллиард теңге кері қайтарылып, заңсыздыққа жол берген мыңнан астам лауазым иесі жазаланды. Дегенмен соңғы кездері аңғарыл­ғаны бақылаудың барлығын билік тетіктері арқылы жүргізу қиынға соғатынын көрсетіп жүр. Сондық­тан да ауыл әкімдерін сайлау ар­қылы бекітуді бастағалы отыр. 2533 ауыл әкімі мен 50 аудан-қала басшыларын жергілікті тұрғын­дар­дың тікелей араласуымен қызметке қою, өңірлердегі талай мәселенің орталықтардағы ка­бинет­терде емес, сол жердің өзін­де шешуге зор мүмкіндіктер ту­ғызады. Билік жүйесін халықтың таңдауымен байланыстыру, бөлін­ген қаржылар мен берілген тап­сыр­малардың қаншалықты орын­далғанын айқын көрсетеді. Тұр­­ғындар ол істердің бел орта­сында жүріп, сыбайластықтың орнамауына, бюджет қаржы­сы­ның талан-таражға түспеуіне ті­ке­лей араласып, тәртіпке шақыра алады. Мұны Президенттің қо­ғам­ды демократияландыру жо­лын­дағы кезекті әрі маңызды қадамы деп қабылдаған жөн. Айқын газеті

- 1997 жылы дағдарыс кезінде «Қазақстан - 2030» бағдарламасы қабылданған кезде ешкім сенген жоқ еді. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жанқиярлық еңбе­гі­нің нәтижесінде сол жүзеге асты ғой. Қазіргі қоғам арман мен қиял­ға балаған жоспарлардың 15 жыл өткен соң орындалғанын көріп тұр. Қазір әлемдегі ең мық­ты мемлекеттер осы ғасырдың бі­рінші жартысына дейінгі даму бағдарламаларын жасап жатыр. Сондықтан да Елбасы атап отыр­ған 2050 жылға дейінгі стратегия кездейсоқ дүниеге келген жоқ. Тәуелсіздіктің 21 жылында жаңа тұрпатты Қазақстан қалыптасты, енді жас буын тұрақтылық пен татулықты мәңгілікке сақтап қа­лу­дың жолдарын іздеу керек. Стратегия соның негізгі темірқа­зығы болары даусыз.

Елбасы мемлекеттік басқару органдарына заман көші мен да­муына сай әрекет етуді үнемі та­лап етіп келеді. Екі жыл бұрын ай­мақтарға бөлінген қаржыны қа­дағалайтын тексеру комиссиясы құрылды. Түрлі тексерістер нәти­жесінде заңсыз жаратылған 40 миллиард теңге кері қайтарылып, заңсыздыққа жол берген мыңнан астам лауазым иесі жазаланды. Дегенмен соңғы кездері аңғарыл­ғаны бақылаудың барлығын билік тетіктері арқылы жүргізу қиынға соғатынын көрсетіп жүр. Сондық­тан да ауыл әкімдерін сайлау ар­қылы бекітуді бастағалы отыр. 2533 ауыл әкімі мен 50 аудан-қала басшыларын жергілікті тұрғын­дар­дың тікелей араласуымен қызметке қою, өңірлердегі талай мәселенің орталықтардағы ка­бинет­терде емес, сол жердің өзін­де шешуге зор мүмкіндіктер ту­ғызады. Билік жүйесін халықтың таңдауымен байланыстыру, бөлін­ген қаржылар мен берілген тап­сыр­малардың қаншалықты орын­далғанын айқын көрсетеді. Тұр­­ғындар ол істердің бел орта­сында жүріп, сыбайластықтың орнамауына, бюджет қаржы­сы­ның талан-таражға түспеуіне ті­ке­лей араласып, тәртіпке шақыра алады. Мұны Президенттің қо­ғам­ды демократияландыру жо­лын­дағы кезекті әрі маңызды қадамы деп қабылдаған жөн.

Айқын газеті

Бөлісу: