Кеше, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?
- Бұл жолғы Жолдау мен 2050 жылға арналған стратегияда Елбасы әлемдік даму тенденцияларын кеңінен қарастырғаны білінеді. Стратегияда мемлекеттің болашақта қай бағытты бетке алатындығы айқындалып, сол жолда туындайтын он шақты әлемдік проблемаларды көлденең тартып, іске асыруға шақырып отыр. Құжаттың аталымынан-ақ тың саяси кезеңдерді аңғаруға болады.
Әкімдер сайлауы - халықты тікелей басқару билігіне араластырудың бірінші қадамы. Осы арқылы өзге де салалардағы саяси өзгерістерге қарай қадам басуымыз мүмкін. Соның бірегей бастамасы ретінде латын әліпбиіне көшу жоспарын атап айта аламыз. Мерзімін 2025 жыл деп нақты белгілегені өте оңды шешім. Өйткені жеделдетіп өткен Өзбекстан, Әзірбайжан, Түрікменстан сынды мемлекеттердің қателіктері түркітілдес елдерге сабақ болғаны абзал. Үш тұғырлы тілдің де түптеп келгенде, латынмен байланысы барлығын байқаймыз. Шындығына көшсек, әліпби ауыстыру тек қана білім берумен немесе өзге де өзгерістермен ғана шектелмейтіні анық. Біз тарихи қадамымыз арқылы өркениет ағысындағы бағытымызды таңдап, әрі оның белсенді қатысушысына айналамыз.
Айқын газеті
Кеше, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?