20 Желтоқсан 2012, 05:37
Ертең, 21 желтоқсанда ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Президент Жолдауы «Қазақстан – 2050» стратегиясын талқылауға арналған алғашқы онлайн конференция өтеді, деп хабарлады ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметі. Коференция жұмысына Академияның профеессорлық-оқытушылар құрамы, магистранттар және докторанттар, ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің қызметкерлері, сондай-ақ, Қазақстанның барлық облыс орталықтарында орналасқан аймақтық оқыту орталықтарының өкілдері қатысады.
«Қазақстан – 2050» бағдарламалық құжатының негізгі ережелерін түсіндіру бойынша баяндамалармен ҚР Президент Әкімшілігі бастығының орынбасары Бауыржан Байбек пен ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Әлихан Байменов қатысады.
Интернет-конференция Академияның дөңгелек залында өтеді.
BNews.kz