Астанада отандық жаңажылдық кинокомедия түсірілуде

20 Желтоқсан 2012, 05:35

Астанада «Инопланетяне ни при чем» атты отандық жаңажылдық кинокомедияның түсірілімі жүріп жатыр. Фильмнің режиссері – «Сказ о розовом зайце» киносын түсірген Фархат Шәріпов. Кинокомедияның түсірілімі 30 қарашада Астанада басталған. Фильм елордада 30 желтоқсанға дейін түсіріледі де, жаңа жылдан кейін ол Алматыда жалғаспақ. «Бұл жаңа жылдық комедия. Басынан аяғына дейін осы жанрда түсіріледі. Фильм 4 бөліктен тұрады. Бұл 4 түрлі оқиға, түрлі кейіпкерлер. Ақыр аяғында олардың барлығы бір сюжеттік желіге біріктіріледі», - деді баспасөз мәслихатында фильмнің режиссері Фархат Шәріпов. Оның айтуынша, фильмнің бюджеті мейлінше шағын болады жоспарланып отыр. «Бұл киноны мейлінше аз қаражатқа түсіре отырып, үлкен касса жинап алуды көздеп отырмыз. Бұл негізінен продюсерлік фильм. Мемлекеттік қолдау жоқ. Әкімдік бізге рұқсат беруге қатысты мәселелерде ғана көмек көрсетуде. Осыдан өзге қолдау жоқ. 250 мың долларға түсіреміз бе деген болжам жасап отырмыз. Осы бюджет шеңберінен аспауға тырысамыз. Бірақ бұл нақты емес», - деп атап өтті Ф.Шәріпов. Жаңажылдық кинокомедияда Фархат Әбдіраимов, Венера Нығматулина, Төлепберген Байсақалов, Максим Акбаров секілді белгілі актерлердің ойынын тамашалауға болады. Сондай-ақ қазақстандық шоу бизнес жұлдыздары мен «Басты рөл» киношоуының жеңімпаздары да қатыспақ. «40 градус аяз болады деп ойламадық. Осындай суықта 40 минут бойы бірнеше дубль түсіріп жатырмыз. Киіміміз жеңіл. Оның ішінде арнайы қосымша суықтан қорғайтын киімдер бар», - деді актер Максим Акбаров. «Пиманың өзінде аяғымыз тоңазиды. Қондырғыларымыз шыдамай жатыр. Мұндай жағдайда ешқашан жұмыс істеген емеспіз. Есесіне, киномызға рең беретін жақсы көріністер түсіріп жатырмыз», - деді Ф.Шәріпов. «Инопланетяне ни при чем» отандық жаңажылдық кинокомедиясы прокатқа келесі жылы 12 желтоқсанда шығады деп жоспарланған. BAQ.kz  

Астанада «Инопланетяне ни при чем» атты отандық жаңажылдық кинокомедияның түсірілімі жүріп жатыр. Фильмнің режиссері – «Сказ о розовом зайце» киносын түсірген Фархат Шәріпов. Кинокомедияның түсірілімі 30 қарашада Астанада басталған. Фильм елордада 30 желтоқсанға дейін түсіріледі де, жаңа жылдан кейін ол Алматыда жалғаспақ. «Бұл жаңа жылдық комедия. Басынан аяғына дейін осы жанрда түсіріледі. Фильм 4 бөліктен тұрады. Бұл 4 түрлі оқиға, түрлі кейіпкерлер. Ақыр аяғында олардың барлығы бір сюжеттік желіге біріктіріледі», - деді баспасөз мәслихатында фильмнің режиссері Фархат Шәріпов.

Оның айтуынша, фильмнің бюджеті мейлінше шағын болады жоспарланып отыр.

«Бұл киноны мейлінше аз қаражатқа түсіре отырып, үлкен касса жинап алуды көздеп отырмыз. Бұл негізінен продюсерлік фильм. Мемлекеттік қолдау жоқ. Әкімдік бізге рұқсат беруге қатысты мәселелерде ғана көмек көрсетуде. Осыдан өзге қолдау жоқ. 250 мың долларға түсіреміз бе деген болжам жасап отырмыз. Осы бюджет шеңберінен аспауға тырысамыз. Бірақ бұл нақты емес», - деп атап өтті Ф.Шәріпов.

Жаңажылдық кинокомедияда Фархат Әбдіраимов, Венера Нығматулина, Төлепберген Байсақалов, Максим Акбаров секілді белгілі актерлердің ойынын тамашалауға болады. Сондай-ақ қазақстандық шоу бизнес жұлдыздары мен «Басты рөл» киношоуының жеңімпаздары да қатыспақ.

«40 градус аяз болады деп ойламадық. Осындай суықта 40 минут бойы бірнеше дубль түсіріп жатырмыз. Киіміміз жеңіл. Оның ішінде арнайы қосымша суықтан қорғайтын киімдер бар», - деді актер Максим Акбаров.

«Пиманың өзінде аяғымыз тоңазиды. Қондырғыларымыз шыдамай жатыр. Мұндай жағдайда ешқашан жұмыс істеген емеспіз. Есесіне, киномызға рең беретін жақсы көріністер түсіріп жатырмыз», - деді Ф.Шәріпов.

«Инопланетяне ни при чем» отандық жаңажылдық кинокомедиясы прокатқа келесі жылы 12 желтоқсанда шығады деп жоспарланған.

BAQ.kz

 

Бөлісу: