Өркениетке ұмтылған өскелең ел

17 Желтоқсан 2012, 07:43

Қазақстан – әлем назарына бейбіт бастамасымен, батыл қадамымен, қарқынды дамуымен іліккен ХХІ ғасырдағы жаңашыл, өркениетті мемлекет. Тәуелсіздік алған жылдардан бастап дербес, өзіндік даму жолын таңдап, сындарлы саясатын ұстанды. Конституцияда белгіленгендей демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекет ретінде танылып, жиырма жылда асу бермес бүгінгі биігіне жетті. Ел тәуелсіздігі туралы сөз қозғалғанда Елбасы жайлы айтпау еш мүмкін емес. Ел ішінде төл Тәуелсіздігіміз бен Елбасы егіз ұғым екендігі жиі айтылатыны ақиқат.  АҚШ Президенті Барак Обаманың жуырда «Ядролық қарудан бас тарту елдің экономикалық өсуі мен оның өркендеуіне әкелді. Қазақстан осы бағытта күш жұмсау үшін бүкіл әлемге үлгі болды», деп атап өтуі Қазақстан Президентінің төрткүл дүниеге танымал мемлекеттік қай-раткерлік даңқын дәлелдей түседі. Сөз реті келгенде халық мақалы «Ерім дейтін ел болса, елім дейтін ер шығады» дегенді айта кетсек, тағы да Тәуелсіздік пен Елбасының егіз ұғым екендігі айқындала түседі. Жалпы, Тәуелсіздік – жер бетіндегі барша халық үшін қасиетті ұғым. Әлемде екі мыңға тарта ұлт болса, соның 200-ден астамы ғана өздерінің тәуелсіз мемлекетінде өмір сүруде. Ұлы бабалар ұрпақ үшін, «ұлым – құл, қызым – күң» болмасын деп дархан даламыз үшін шайқасты. Бағзы замандарды айтпағанда соңғы екі ғасырда бостандық жолында екі жүзден астам ұлт-азаттық көтерілісі болған екен. Бүгінгі бейбіт өмір бабаларымыздың басты мақсатына жетіп, ұлан-ғайыр жерді ұрпағына мирас етіп қалдырғандығының, сол аманатты Елбасының адалдықпен елін бастай орындап жүргендігінің дәлелі. Қым-қуыт қиыншылықтың нәтижесінде қол жеткізген тәуелсіздіктің қадірі құнды. Бұл күнде қолымызға тиген тізгінімізді мықтап ұстап, тең тартып Нұрсұлтан Назарбаевтың бастауымен келе жатқанымызға 21 жыл болды. Тәуелсіздік тартулары туралы айтсақ, ең әуелі тәуелсіз ел болып, халқымыз өз еркімен демократиялық тұрғыда Тұңғыш Президентін сайлады. Аяулы ана тілімізге мемлекеттік мәр-тебе берілді. «Егемен болмай ел болмас, етектен кесіп жең болмас», – деп еңіреген ата-бабамыз алдында «еңсесі биік Ақ орда» құрғанымызды да мақтанышпен айтуға болады. Дамудың өркениетті жолына түскен халқымыз ел өміріндегі барлық жақ¬сылықты, әр саладағы сәтті қадамдарды Елбасы есімімен тікелей байланыстырып келеді. Бұл – шынайы шындық. Қырық жыл бойы қазақ жерінің астын талқандаған Семей полигонын жабу, 130-дан астам этнос өкілін біріктіретін Қазақстан халқы Ассамблеясын құру, Батыс пен Шығысты өркениетті қарым-қатынасқа жақындастыру, Отанымыз-дың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі – Астана қаласын салу, Еуропадағы ынтымақтастық және қауіпсіздік ұйымына төраға болу, Ислам ынтымақтастығы ұйымына басшылық ету Елбасымыздың сындарлы саясаты екенін барлығымыз мойындаймыз. Соның нәтижесінде Қазақстанның әлемдік саясаттағы имиджі асқақтай түсті. Қазақстан дамушы ел ретінде алдына қойған миссияларын абыроймен орындап келеді. Нақты дәлел ретінде ЭКСПО-2017 көрмесінің Қазақстанда өтетіндігін айтуға болады. Бұл да Елбасының Қазақстанда саяси тұрақтылықтың негізін нық қалап, бейбіт ел ретінде дүниежүзі халықтарына дәлелдегенінің бір жемісі. Әрине, өзің өмір сүріп жатқан кезеңге тарихи тұрғыда баға беру оңай емес. Дегенмен, осы жылдар аясында елімізде ғасырға бергісіз жаңалықтар болды деп айта аламыз. Нұрсұлтан Әбішұлы – мемлекет, қоғам қайраткері санатында жаңашылдығымен, күрескерлігімен, реформаторлығымен ерекшеленетін Президент. Әлемді қыспаққа алған экономикалық дағдарыстардың емін табуда да Елбасы басқаларға үлгі болды. Айдарынан жел ескен, қуатты мемлекеттердің өзі оның экономикасын тұралататын дағдарыстарды болдырмау әдіс¬терін, қуатты тәжірибесін игеруге ықылас қойғаны баршаға аян. Кемеңгер көшбасшы, ұлт жанашыры, салиқалы саясаткер екендігі тағы бар. Тәуелсіздігімізді алып, етек-жеңімізді енді жинай бастаған тұста тәуелсіз мемлекеттің Туы, Гимні, Елтаңбасы, өз теңгесі, мемлекеттік тілі, астанасы туралы сөз қозғау «ұлтшылдыққа» апа-рып соғатынынан сескеніп, қарадай қуыстанғанымыздың еш жалғандығы жоқ. Ұлтжанды Елбасымыз республика тағдыры өз қолына тиген соң ғасырлар бойы ұлы арманға айналған, күрмеуі қиын мәселелерге батыл кірісе бастады. Тәуелсіздікті нығайту үшін билік аппараттарының үйлесімді жұмыс істеуі ғана емес, олардың теңгермешілдігін сақтау қажет болды. Сондықтан да Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық басқару жүйесін құрды. Бұл күнде Қазақстанда көппартиялық қалыптасты. Үш партияның өкілі Парламент Мәжілісінің депутаты болып отыр. Билік аппараттарының құрылымын шешіп алған соң Елбасы енді астана жайлы ойларға ойысты. Астананы ауыстыру – мем¬лекеттік дамудың перспективаларын толықтай жүзеге асыруға саятынын бағамдады. Ақыры қуатты мемлекетінің төл астанасы қасиетті қазақ жерінің кіндігінде, Еуропа мен Азияның құшағы қауышқан Ақмола қаласында орын тебуі қажет деген шешімге тоқтады. Бұл күнде Астана – Қазақстан Республикасының ірі саяси, ғылыми, мәдени және іскерлік орталығына айналды. Кеңестер одағынан бізге қалған мұра – күйзелген шаруашылық, күйреген экономика, тоқтаған өндіріс, тоқыраған ғылым, қысқасы, барлық салада дағдарыс болғаны мәлім. Дағдарыстан шығу қашанда оңай шаруа болған емес. Экономиканы мүлде басқа жүйеге ауыстыру, нарық заңдылығын игеру, кадр мәселелерін шешу, ескі дағды, ескіше ойлаудан арылу біз үшін оңайға түсті деп айта алмаймыз. Көп ойландық, көп іздендік, шетелден консультанттар шақырдық. Қалайда аз уақыттың ішінде тығырықтан шығу қажет болды. Мінеки, осындай ұлы мақсат, қауырт қажеттіліктен барып “Қазақстан-2030” Стратегиясы дүниеге келді. Үш жыл емес, бақандай отыз жылдың еншісі жазылған ұзақ мерзімді стратегия көзі қарақты адамға әлі күнге шейін бір қателігін көрсетпей, басы артық дүние жоқ екендігін дәлелдеумен келеді. Бұл да тереңдік пен тапқырлықтан, көрегенділік пен кемеңгерліктен туған биік тұғырлы сананың жемісі. Елбасымыз бұрын шешілмеген, шешілуге тиіс те емес, даулы мәсе¬лелерді де халықтың мүддесіне орай оңтайлы шешіп берді. Қытай, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстанмен шектесетін 3000 шақырымға жуық шекара сызығын белгілеуді де ың-шыңсыз, екі жаққа да тиімді дипломатиялық ептілікпен нүкте қойғызды. Этносаралық, конфессияаралық келісімді сақтау мақсатында Қазақстан халқы Ассамблеясын құрды. Этностардың ұлттық құндылықтарын сақтай отырып олардың дамуына мүмкіндік берді. Міне, содан бері ұлтаралық келісім үнемі мемлекеттік саясатымыздың негізі болып келеді. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіз мемлекет құрғаннан бастап қоғамды біріктіретін мәселені қолға алды. Ол үшін осыған дейін болып көрмеген теңдессіз үлгі – Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Атал¬ған құрылым халықаралық қоғамдастық алдында өнегелі үлгіге айналды. Бүгінгі таңда этносаралық қатынастар мен еуразиялық ықпалдасу саласындағы Қазақстан тәжірибесін тек ғалымдар мен қоғам қайраткерлері ғана емес, мемлекет, халықаралық ұйымдар бас-шылары тарапынан да оқылып зерттелуде. БҰҰ-да, ЕҚЫҰ елдерінде, Женева, Нью-Йорк, Варшава, Ко¬пенгаген, Вена қалаларындағы ауқымды халықаралық форум¬дарда қазақстандық үлгінің тұсаукесері өткізілгені белгілі. Шетелдік сарапшылар да өз тараптарынан қазақстандық үлгінің артықшылықтарын, Елбасының этносаралық татулық пен конфессияаралық келісімді қамтамасыз етудегі рөлін ерекше атап өтті. Қазіргі уақытта Қазақстанда 130 этникалық және 40 конфессиялық топ өкілдері татулық пен түсіністікте өмір сүруде. Бұл – Елбасының сындарлы саясатының жемісі. Экономика – мемлекет дамуының, саяси үстемдігінің негізі десек, Қазақстан әлемдегі айтарлықтай тұрақты және үдемелі дамыған елдердің бірі болып табылатындығын, тұрақты экономикалық өсу жолымен одан әрі алға жылжи алатындығы, дамыған елдермен терезесі тең дәрежеде қарым-қатынаста бола алатындығына бүгінде кез келген қазақстандық көз жеткізе алады. Дәл осы дамудың стратегиясы тағы да Елбасының кемел келешек үшін жасаған ұзақ мерзімді бағдарламасының нәтижесі болып табылады. Әрине, мемлекетіміздің гүлденуі, экономиканың өсуі, рухани-мәдени үрдістердің бір арнаға тоғысуы, ұлттық тіл мен ұлттық рухты, яғни қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың бастауы болатынының айғағы. Тіпті, Қазақстан дамудың қандай сатысында тұрмасын Президент мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, оның дамуына тиісті ма¬териалдық көмек көрсетуді бір сәт қалт жіберген жоқ. Қазір еліміздегі тілдерді дамыту осындай саяси шешімін табумен бірге, эволюциялық өсу жолынан өтуде. Осы тұрғыдан келгенде «Қазақ тілі құрып барады, құздан құлағалы тұр», – деп аттандаудың да реті жоқ. Біз жолайырықтан өттік. Сондықтан да балабақшаларда биылдан бастап 3 тіл жүйесі енгізіле бастады. Қазақстанның сыртқы саясаты алмағайып заманда саяси ұстаным берік болмаса, ел тағдыры ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетері хақ. Елбасы әлем жұртшылығы алдындағы лидерлік қырын осы санатта мүлтіксіз таныта білді. Әлем аренасында беделді БҰҰ, АҚШ-тың Ақ үйі ҚР Президентінің келелі кеңестерін құп алып, құрмет тұтты. Нәтижесінде, ЕҚЫҰ-на төрағалық ету ТМД елдері арасында бірінші болып Қазақстанға бұйырды. Төрағалық еткен бір жыл ішінде Қазақстан жалпы адамзат қоғамына ізгілік сыйлайтын игі бастамалар жасап, оның тікелей іске асуына ықпал жасады. Күні кеше ғана БҰҰ адам құқығы жөніндегі кеңеске мүше болдық. Біздің мемлекеттің кандидатурасына 193 елден 183 мемлекет қолдап дауыс берді. Барлық сайланған мемлекеттер арасында алған дауыстар бойынша біз бесінші және Азия-Тынық мұхит тобы қатарында екінші орынға ие болдық. Бұл Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесі мен Қазақстан-БҰҰ арасындағы 20 жылдық ынтымақтастық тарихындағы ең жоғары көрсеткіштің бірі. Мұнда Елбасының үлкен үлесі жатыр. Қыркүйек айында өткен Қазақстан Республикасы Президентінің дәрісі де қазақ елінің қарыштап дамуының тағы бір айқын беталысы мен көрінісін айғақтады. Олай дейтініміз ел болашағы білімді, жігерлі жастардың қолында, ал жастардың білімге, ғылымға ұмтылуына тікелей көшбасшы болған Елбасы: «Біз білім, ғылым және инновация билігі жүретін постиндустриялық әлемге кетіп барамыз» дей келе, үшінші постиндустриялық төңкеріс дәуірі басталған тұста қазақстандықтардың алдында үлкен міндеттер тұрғанын шегелей айтқандығы баршаға аян. Жақын арада жастардың бойына жігер ұялатқан, арман жетегіне шомылдырып, еңбек ету жолында биік мұрат сыйлаған «Жас Отан» съезі де өз жемісін беретіні анық. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың ғаламдық саясатын, халық үшін жасаған ерен еңбегі мен салиқалы, сарабдал пікірін, ұстанымын әрбір қазақстандық азаматтың бағалап, қолдау көрсетуі үшін Президент оқуларын ұйымдастыру бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» – деген халық даналығы осыны меңзейді. Күні кеше «Қазақстан – 2050» Стратегиясын жария етуі, қырық жылдай бұрын келер күндердің көкжиегін бегілеуі Елбасы саясатының кемелінде тұрғанын танытары тағы талассыз. Әбдіманап БЕКТҰРҒАНОВ, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ректоры, заң ғылымдарының докторы, профессор BNews.kz

Қазақстан – әлем назарына бейбіт бастамасымен, батыл қадамымен, қарқынды дамуымен іліккен ХХІ ғасырдағы жаңашыл, өркениетті мемлекет. Тәуелсіздік алған жылдардан бастап дербес, өзіндік даму жолын таңдап, сындарлы саясатын ұстанды. Конституцияда белгіленгендей демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекет ретінде танылып, жиырма жылда асу бермес бүгінгі биігіне жетті. Ел тәуелсіздігі туралы сөз қозғалғанда Елбасы жайлы айтпау еш мүмкін емес. Ел ішінде төл Тәуелсіздігіміз бен Елбасы егіз ұғым екендігі жиі айтылатыны ақиқат. 

АҚШ Президенті Барак Обаманың жуырда «Ядролық қарудан бас тарту елдің экономикалық өсуі мен оның өркендеуіне әкелді. Қазақстан осы бағытта күш жұмсау үшін бүкіл әлемге үлгі болды», деп атап өтуі Қазақстан Президентінің төрткүл дүниеге танымал мемлекеттік қай-раткерлік даңқын дәлелдей түседі. Сөз реті келгенде халық мақалы «Ерім дейтін ел болса, елім дейтін ер шығады» дегенді айта кетсек, тағы да Тәуелсіздік пен Елбасының егіз ұғым екендігі айқындала түседі. Жалпы, Тәуелсіздік – жер бетіндегі барша халық үшін қасиетті ұғым. Әлемде екі мыңға тарта ұлт болса, соның 200-ден астамы ғана өздерінің тәуелсіз мемлекетінде өмір сүруде.

Ұлы бабалар ұрпақ үшін, «ұлым – құл, қызым – күң» болмасын деп дархан даламыз үшін шайқасты. Бағзы замандарды айтпағанда соңғы екі ғасырда бостандық жолында екі жүзден астам ұлт-азаттық көтерілісі болған екен. Бүгінгі бейбіт өмір бабаларымыздың басты мақсатына жетіп, ұлан-ғайыр жерді ұрпағына мирас етіп қалдырғандығының, сол аманатты Елбасының адалдықпен елін бастай орындап жүргендігінің дәлелі. Қым-қуыт қиыншылықтың нәтижесінде қол жеткізген тәуелсіздіктің қадірі құнды. Бұл күнде қолымызға тиген тізгінімізді мықтап ұстап, тең тартып Нұрсұлтан Назарбаевтың бастауымен келе жатқанымызға 21 жыл болды. Тәуелсіздік тартулары туралы айтсақ, ең әуелі тәуелсіз ел болып, халқымыз өз еркімен демократиялық тұрғыда Тұңғыш Президентін сайлады. Аяулы ана тілімізге мемлекеттік мәр-тебе берілді. «Егемен болмай ел болмас, етектен кесіп жең болмас», – деп еңіреген ата-бабамыз алдында «еңсесі биік Ақ орда» құрғанымызды да мақтанышпен айтуға болады. Дамудың өркениетті жолына түскен халқымыз ел өміріндегі барлық жақ¬сылықты, әр саладағы сәтті қадамдарды Елбасы есімімен тікелей байланыстырып келеді. Бұл – шынайы шындық. Қырық жыл бойы қазақ жерінің астын талқандаған Семей полигонын жабу, 130-дан астам этнос өкілін біріктіретін Қазақстан халқы Ассамблеясын құру, Батыс пен Шығысты өркениетті қарым-қатынасқа жақындастыру, Отанымыз-дың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі – Астана қаласын салу, Еуропадағы ынтымақтастық және қауіпсіздік ұйымына төраға болу, Ислам ынтымақтастығы ұйымына басшылық ету Елбасымыздың сындарлы саясаты екенін барлығымыз мойындаймыз. Соның нәтижесінде Қазақстанның әлемдік саясаттағы имиджі асқақтай түсті. Қазақстан дамушы ел ретінде алдына қойған миссияларын абыроймен орындап келеді. Нақты дәлел ретінде ЭКСПО-2017 көрмесінің Қазақстанда өтетіндігін айтуға болады. Бұл да Елбасының Қазақстанда саяси тұрақтылықтың негізін нық қалап, бейбіт ел ретінде дүниежүзі халықтарына дәлелдегенінің бір жемісі.

Әрине, өзің өмір сүріп жатқан кезеңге тарихи тұрғыда баға беру оңай емес. Дегенмен, осы жылдар аясында елімізде ғасырға бергісіз жаңалықтар болды деп айта аламыз. Нұрсұлтан Әбішұлы – мемлекет, қоғам қайраткері санатында жаңашылдығымен, күрескерлігімен, реформаторлығымен ерекшеленетін Президент. Әлемді қыспаққа алған экономикалық дағдарыстардың емін табуда да Елбасы басқаларға үлгі болды. Айдарынан жел ескен, қуатты мемлекеттердің өзі оның экономикасын тұралататын дағдарыстарды болдырмау әдіс¬терін, қуатты тәжірибесін игеруге ықылас қойғаны баршаға аян. Кемеңгер көшбасшы, ұлт жанашыры, салиқалы саясаткер екендігі тағы бар.

Тәуелсіздігімізді алып, етек-жеңімізді енді жинай бастаған тұста тәуелсіз мемлекеттің Туы, Гимні, Елтаңбасы, өз теңгесі, мемлекеттік тілі, астанасы туралы сөз қозғау «ұлтшылдыққа» апа-рып соғатынынан сескеніп, қарадай қуыстанғанымыздың еш жалғандығы жоқ. Ұлтжанды Елбасымыз республика тағдыры өз қолына тиген соң ғасырлар бойы ұлы арманға айналған, күрмеуі қиын мәселелерге батыл кірісе бастады. Тәуелсіздікті нығайту үшін билік аппараттарының үйлесімді жұмыс істеуі ғана емес, олардың теңгермешілдігін сақтау қажет болды. Сондықтан да Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық басқару жүйесін құрды. Бұл күнде Қазақстанда көппартиялық қалыптасты. Үш партияның өкілі Парламент Мәжілісінің депутаты болып отыр.

Билік аппараттарының құрылымын шешіп алған соң Елбасы енді астана жайлы ойларға ойысты. Астананы ауыстыру – мем¬лекеттік дамудың перспективаларын толықтай жүзеге асыруға саятынын бағамдады. Ақыры қуатты мемлекетінің төл астанасы қасиетті қазақ жерінің кіндігінде, Еуропа мен Азияның құшағы қауышқан Ақмола қаласында орын тебуі қажет деген шешімге тоқтады. Бұл күнде Астана – Қазақстан Республикасының ірі саяси, ғылыми, мәдени және іскерлік орталығына айналды.

Кеңестер одағынан бізге қалған мұра – күйзелген шаруашылық, күйреген экономика, тоқтаған өндіріс, тоқыраған ғылым, қысқасы, барлық салада дағдарыс болғаны мәлім. Дағдарыстан шығу қашанда оңай шаруа болған емес. Экономиканы мүлде басқа жүйеге ауыстыру, нарық заңдылығын игеру, кадр мәселелерін шешу, ескі дағды, ескіше ойлаудан арылу біз үшін оңайға түсті деп айта алмаймыз. Көп ойландық, көп іздендік, шетелден консультанттар шақырдық. Қалайда аз уақыттың ішінде тығырықтан шығу қажет болды. Мінеки, осындай ұлы мақсат, қауырт қажеттіліктен барып “Қазақстан-2030” Стратегиясы дүниеге келді. Үш жыл емес, бақандай отыз жылдың еншісі жазылған ұзақ мерзімді стратегия көзі қарақты адамға әлі күнге шейін бір қателігін көрсетпей, басы артық дүние жоқ екендігін дәлелдеумен келеді. Бұл да тереңдік пен тапқырлықтан, көрегенділік пен кемеңгерліктен туған биік тұғырлы сананың жемісі.

Елбасымыз бұрын шешілмеген, шешілуге тиіс те емес, даулы мәсе¬лелерді де халықтың мүддесіне орай оңтайлы шешіп берді. Қытай, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстанмен шектесетін 3000 шақырымға жуық шекара сызығын белгілеуді де ың-шыңсыз, екі жаққа да тиімді дипломатиялық ептілікпен нүкте қойғызды.

Этносаралық, конфессияаралық келісімді сақтау мақсатында Қазақстан халқы Ассамблеясын құрды. Этностардың ұлттық құндылықтарын сақтай отырып олардың дамуына мүмкіндік берді. Міне, содан бері ұлтаралық келісім үнемі мемлекеттік саясатымыздың негізі болып келеді. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіз мемлекет құрғаннан бастап қоғамды біріктіретін мәселені қолға алды. Ол үшін осыған дейін болып көрмеген теңдессіз үлгі – Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Атал¬ған құрылым халықаралық қоғамдастық алдында өнегелі үлгіге айналды.

Бүгінгі таңда этносаралық қатынастар мен еуразиялық ықпалдасу саласындағы Қазақстан тәжірибесін тек ғалымдар мен қоғам қайраткерлері ғана емес, мемлекет, халықаралық ұйымдар бас-шылары тарапынан да оқылып зерттелуде. БҰҰ-да, ЕҚЫҰ елдерінде, Женева, Нью-Йорк, Варшава, Ко¬пенгаген, Вена қалаларындағы ауқымды халықаралық форум¬дарда қазақстандық үлгінің тұсаукесері өткізілгені белгілі. Шетелдік сарапшылар да өз тараптарынан қазақстандық үлгінің артықшылықтарын, Елбасының этносаралық татулық пен конфессияаралық келісімді қамтамасыз етудегі рөлін ерекше атап өтті.

Қазіргі уақытта Қазақстанда 130 этникалық және 40 конфессиялық топ өкілдері татулық пен түсіністікте өмір сүруде. Бұл – Елбасының сындарлы саясатының жемісі.

Экономика – мемлекет дамуының, саяси үстемдігінің негізі десек, Қазақстан әлемдегі айтарлықтай тұрақты және үдемелі дамыған елдердің бірі болып табылатындығын, тұрақты экономикалық өсу жолымен одан әрі алға жылжи алатындығы, дамыған елдермен терезесі тең дәрежеде қарым-қатынаста бола алатындығына бүгінде кез келген қазақстандық көз жеткізе алады. Дәл осы дамудың стратегиясы тағы да Елбасының кемел келешек үшін жасаған ұзақ мерзімді бағдарламасының нәтижесі болып табылады.

Әрине, мемлекетіміздің гүлденуі, экономиканың өсуі, рухани-мәдени үрдістердің бір арнаға тоғысуы, ұлттық тіл мен ұлттық рухты, яғни қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың бастауы болатынының айғағы. Тіпті, Қазақстан дамудың қандай сатысында тұрмасын Президент мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, оның дамуына тиісті ма¬териалдық көмек көрсетуді бір сәт қалт жіберген жоқ. Қазір еліміздегі тілдерді дамыту осындай саяси шешімін табумен бірге, эволюциялық өсу жолынан өтуде. Осы тұрғыдан келгенде «Қазақ тілі құрып барады, құздан құлағалы тұр», – деп аттандаудың да реті жоқ. Біз жолайырықтан өттік. Сондықтан да балабақшаларда биылдан бастап 3 тіл жүйесі енгізіле бастады.

Қазақстанның сыртқы саясаты алмағайып заманда саяси ұстаным берік болмаса, ел тағдыры ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетері хақ. Елбасы әлем жұртшылығы алдындағы лидерлік қырын осы санатта мүлтіксіз таныта білді. Әлем аренасында беделді БҰҰ, АҚШ-тың Ақ үйі ҚР Президентінің келелі кеңестерін құп алып, құрмет тұтты. Нәтижесінде, ЕҚЫҰ-на төрағалық ету ТМД елдері арасында бірінші болып Қазақстанға бұйырды. Төрағалық еткен бір жыл ішінде Қазақстан жалпы адамзат қоғамына ізгілік сыйлайтын игі бастамалар жасап, оның тікелей іске асуына ықпал жасады.

Күні кеше ғана БҰҰ адам құқығы жөніндегі кеңеске мүше болдық. Біздің мемлекеттің кандидатурасына 193 елден 183 мемлекет қолдап дауыс берді. Барлық сайланған мемлекеттер арасында алған дауыстар бойынша біз бесінші және Азия-Тынық мұхит тобы қатарында екінші орынға ие болдық. Бұл Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесі мен Қазақстан-БҰҰ арасындағы 20 жылдық ынтымақтастық тарихындағы ең жоғары көрсеткіштің бірі. Мұнда Елбасының үлкен үлесі жатыр.

Қыркүйек айында өткен Қазақстан Республикасы Президентінің дәрісі де қазақ елінің қарыштап дамуының тағы бір айқын беталысы мен көрінісін айғақтады. Олай дейтініміз ел болашағы білімді, жігерлі жастардың қолында, ал жастардың білімге, ғылымға ұмтылуына тікелей көшбасшы болған Елбасы: «Біз білім, ғылым және инновация билігі жүретін постиндустриялық әлемге кетіп барамыз» дей келе, үшінші постиндустриялық төңкеріс дәуірі басталған тұста қазақстандықтардың алдында үлкен міндеттер тұрғанын шегелей айтқандығы баршаға аян.

Жақын арада жастардың бойына жігер ұялатқан, арман жетегіне шомылдырып, еңбек ету жолында биік мұрат сыйлаған «Жас Отан» съезі де өз жемісін беретіні анық.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың ғаламдық саясатын, халық үшін жасаған ерен еңбегі мен салиқалы, сарабдал пікірін, ұстанымын әрбір қазақстандық азаматтың бағалап, қолдау көрсетуі үшін Президент оқуларын ұйымдастыру бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» – деген халық даналығы осыны меңзейді.

Күні кеше «Қазақстан – 2050» Стратегиясын жария етуі, қырық жылдай бұрын келер күндердің көкжиегін бегілеуі Елбасы саясатының кемелінде тұрғанын танытары тағы талассыз.

Әбдіманап БЕКТҰРҒАНОВ,

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ректоры, заң ғылымдарының докторы, профессор

BNews.kz

Бөлісу: