В.Путин Н.Назарбаевты Тәуелсіздік күнімен құттықтады

16 Желтоқсан 2012, 09:30

Владимир Путин Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Бұл жөнінде РФ Президентінің ресми сайтында хабарланған.  Құттықтау жеделхатында Ресей мемлекетінің басшысы Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік, мәдени және ғылыми-техникалық саладағы жетістіктеріне жоғары баға беріп, елдің өңірлік және жаһандық мәселелерді шешудегі сындарлы рөлін ерекше атап өтті. В.Путин Ресей-Қазақстан стратегиялық ынтымақтастығы дамуының оң өрісін, сондай-ақ, екі елдің мүдделеріндегі Кедендік Одақ, Бірыңғай экономикалық кеңістік, ЕурАзЭҚ, ТМД және өзге де көпжақты құрылым аясындағы саяси диалог пен тәжірибелік өзара іс-әрекеттің қарқындылығын атап өтті.   Дереккөзі: www.bnews.kz

Владимир Путин Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Бұл жөнінде РФ Президентінің ресми сайтында хабарланған. 

Құттықтау жеделхатында Ресей мемлекетінің басшысы Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік, мәдени және ғылыми-техникалық саладағы жетістіктеріне жоғары баға беріп, елдің өңірлік және жаһандық мәселелерді шешудегі сындарлы рөлін ерекше атап өтті.

В.Путин Ресей-Қазақстан стратегиялық ынтымақтастығы дамуының оң өрісін, сондай-ақ, екі елдің мүдделеріндегі Кедендік Одақ, Бірыңғай экономикалық кеңістік, ЕурАзЭҚ, ТМД және өзге де көпжақты құрылым аясындағы саяси диалог пен тәжірибелік өзара іс-әрекеттің қарқындылығын атап өтті.  

Дереккөзі: www.bnews.kz

Бөлісу: