13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз
Ұзақ мерзімді қамтитын Қазақстанның 2050 жылға дейінгі Стратегиясы болашаққа, жас ұрпақ пен жастарға арналып отыр. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов мәлім етті.
Мемлекет басшысының бүгінгі жиында сөйлеген сөзі еліміздегі саяси күштердің, барлық қазақстандықтардың, сондай-ақ, болашақ ұрпақтың дүние танымын өзгертуге ықпал ететін аса маңызды баяндама болды. Бұған дейін мемлекетіміз аяғынан тұрды, елімізді бүкіл әлем мойындады.
Мәселе, болдық, толдық деп тоқтап қалуда емес, бар мәселе – болашақта дамуымызда жатыр. Өйткені, Елбасымыз атап өткендей, алдағы кезеңдерде әлемде өте үлкен өзгерістер болмақ. Сол өзгерістердің соңында қалып қоймай, алдында жүру және сол өзгерістерді бөтен біреуден күтіп отырмай, Қазақстанның өзі жасау жағы баса айтылды.
Ол үшін қазақстандықтардың, сондай-ақ қазақ халқын бәсекелестікке қабілетті болуға тәрбиелеу және қалыптастыру қажет. Ұзақ мерзімді қамтитын Қазақстанның 2050 жылға дейінгі Стратегиясы болашаққа, жас ұрпақ пен жастарға арналып отыр. Оның жүзеге асырылуы барлығымызға қатысты. Сол себепті де одан ешкім тыс қалмауы керек.
BNews.kz
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды