Қаланың орталық сауда орындарындағы мерекелік іс-шаралар

15 Желтоқсан 2012, 13:05

Қазақстан  Республикасы Тәуелсіздік күні мерекесінде  қала тұрғындары мен қонақтары  ірі сауда орындарында  түрлі ойын-сауық  іс-шараларын  тамашалай алады. Бұл туралы  astana.kz  сайтына  қалалық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасынан мәлім етті. Айталық,  Хан Шатыр  СОО 15 желтоқсан күні «Көк түркілер» жаңа халық астаптар оркестрінің өнерін ұсынуды жоспарласа,  16 желтоқсанда  атриумде  қазақстандық  JCS  тобы мен  танымал Алмас Кішкенбаевтың, сондай-ақ,  аккордеоншылар  шоуының концерттері қойылады. 17  желтоқсан  күні  жыл сайынғы  «Best of Khan Shatyr» сыйлығын тапсыру өтеді.  Халықтық  дауыс беру  жеңімпаздарына  статуэтка мен  грамоталар тапсырылады. МЕГА  орталығында  жас әншілер, бишілер мен гитарашылар, домбырашылар мен саксофоншылар  өнер көрсететін «Жұлдыздар шашуы» өнер орталығының мерекелік концерті  өтеді.  Ал кейін көрермендер  Lucky Jazz Band  джаз  командасының өнерін тамашалайтын болады. Сондай-ақ, мерекелеушілерді  «Asia Park» СОО-да мерекелік концерт, сыйлықтар ұтысы, ойын-сауық бағдарламалары  күтеді.  Сонымен қатар бұл күні  «Asia Ice Park» мұз айдыны  ашылады. Қазақстан Республикасының  Тәуелсіздік күніне арналған  концерт  пен суретшілер байқауының жеңімпаздарына тапсырылатын  жүлделерді, бейне құттықтауларды  «Сарыарқа»  СОО-дан тамашалауға болады. Концертке қаланың  музыканттары мен  би  ұжымдары қатысады.   Астана қаласының ресми сайты astana.kz

Қазақстан  Республикасы Тәуелсіздік күні мерекесінде  қала тұрғындары мен қонақтары  ірі сауда орындарында  түрлі ойын-сауық  іс-шараларын  тамашалай алады. Бұл туралы  astana.kz  сайтына  қалалық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасынан мәлім етті. Айталық,  Хан Шатыр  СОО 15 желтоқсан күні «Көк түркілер» жаңа халық астаптар оркестрінің өнерін ұсынуды жоспарласа,  16 желтоқсанда  атриумде  қазақстандық  JCS  тобы мен  танымал Алмас Кішкенбаевтың, сондай-ақ,  аккордеоншылар  шоуының концерттері қойылады.

17  желтоқсан  күні  жыл сайынғы  «Best of Khan Shatyr» сыйлығын тапсыру өтеді.  Халықтық  дауыс беру  жеңімпаздарына  статуэтка мен  грамоталар тапсырылады.

МЕГА  орталығында  жас әншілер, бишілер мен гитарашылар, домбырашылар мен саксофоншылар  өнер көрсететін «Жұлдыздар шашуы» өнер орталығының мерекелік концерті  өтеді.  Ал кейін көрермендер  Lucky Jazz Band  джаз  командасының өнерін тамашалайтын болады.

Сондай-ақ, мерекелеушілерді  «Asia Park» СОО-да мерекелік концерт, сыйлықтар ұтысы, ойын-сауық бағдарламалары  күтеді.  Сонымен қатар бұл күні  «Asia Ice Park» мұз айдыны  ашылады.

Қазақстан Республикасының  Тәуелсіздік күніне арналған  концерт  пен суретшілер байқауының жеңімпаздарына тапсырылатын  жүлделерді, бейне құттықтауларды  «Сарыарқа»  СОО-дан тамашалауға болады. Концертке қаланың  музыканттары мен  би  ұжымдары қатысады.  

Астана қаласының ресми сайты astana.kz

Бөлісу: