Қазақстан Президенті: Жаңа бизнестерді дамытуға бастайтын жерде ғана құрылыс жүргізу қажет

15 Желтоқсан 2012, 06:18

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан – 2050» Стратегиясы» – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа Жолдауында инфрақұрылымдарды құру келешекте табыстылық заңына бағынуға тиіс екенін атап өтті.  «Жаңа бизнестерді дамытуға және жұмыс орындарын ашуға бастайтын жерде ғана құрылыс жүргізу қажет», – деді Н.Назарбаев. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы транзиттік тасымалдау жайына да тоқталып өтті. «Бүгінде нәтижесінде 2020 жылы Қазақстан арқылы транзиттік тасымалдау екі есеге ұлғаюы тиіс болатын бірқатар ірі жалпыұлттық инфрақұрылымдық жобалар іске асуда. 2050 жылға қарай – бұл цифр он есе ұлғаюға тиіс», – деді Президент. «Осының барлығы басты мақсатқа – экспортымызды тек біздің өніміміз бен қызметтерімізге деген ұзақ мерзімді сұраныс болатын әлемдік нарықтарға қарай жылжытуға бағынуы тиіс», – деп қорытты Ұлт көшбасшысы. Дереккөзі: www.bnews.kz

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан – 2050» Стратегиясы» – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа Жолдауында инфрақұрылымдарды құру келешекте табыстылық заңына бағынуға тиіс екенін атап өтті. 

«Жаңа бизнестерді дамытуға және жұмыс орындарын ашуға бастайтын жерде ғана құрылыс жүргізу қажет», – деді Н.Назарбаев.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы транзиттік тасымалдау жайына да тоқталып өтті.

«Бүгінде нәтижесінде 2020 жылы Қазақстан арқылы транзиттік тасымалдау екі есеге ұлғаюы тиіс болатын бірқатар ірі жалпыұлттық инфрақұрылымдық жобалар іске асуда. 2050 жылға қарай – бұл цифр он есе ұлғаюға тиіс», – деді Президент.

«Осының барлығы басты мақсатқа – экспортымызды тек біздің өніміміз бен қызметтерімізге деген ұзақ мерзімді сұраныс болатын әлемдік нарықтарға қарай жылжытуға бағынуы тиіс», – деп қорытты Ұлт көшбасшысы.

Дереккөзі: www.bnews.kz

Бөлісу: