Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыБҰҰ-ға кіретін Халықаралық электр байланысы одағына (ХЭО) қатысушы елдер 14 желтоқсан күні одақ жұмысының реттемесінің келісілген түзетіліміне қол қойды. Бұл туралы Лента.Ру хабарлайды.
Құжаттың мәтінінде Желіні реттеу мәселелеріне қатысты түзетулер енгізілген жоқ. Алайда, жұмыс тәртібімен бірге «Интернеттің анағұрлым белсенді дамуы үшін қауіпсіз ортамен қамтамасыз ету» қарары қабылданды. Онда одаққа мүше елдерге интернетке қатысты мәселелер бойынша өз ұстанымдарын айқындау ұсынылды.
Реттеменің түзетілген нұсқасы Ресей мен АҚШ-тан, сондай-ақ басқа елдерден келген делегаттардың және барлық аймақтық ұйым өкілдерінің қатысуымен әзірленген.
Mashable техноблогы АҚШ, Канада, Ұлыбритания және тағы бірнеше елдер аталмыш құжатқа қол қоюдан бас тартқанын айтады. Бұл мемлекеттердің өкілдерінің айтуынша, жаңа реттеме интернеттегі цензураның күшеюімен қауіпті. Аталмыш елдерде құжаттың Желі туралы ескертпесі жоқ ескі нұсқасы жұмыс істей береді.
3-14 желтоқсан аралығында Дубайда өткен конференцияға 159 ел қатысты, деп хабарлайды «БҰҰ Радиосы». Олардың ішінде жаңа реттемені 89 елдің делегаттары қуаттаған.
Бақылауды күшейту ұсынысына Еуропарламент пен АҚШ-тың мемлекеттік департаменті қарсы шықса, Google корпорациясы тәуелсіз интернетті қолдау бойынша миллионнан астам қол жинаған.
Дереккөзі: www.bnews.kz
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек