Елбасы Ұлттық Банк пен Үкіметке түбегейлі ақша-кредит саясатының жаңа жүйесін әзірлеуді тапсырды

15 Желтоқсан 2012, 05:47

Елбасы Ұлттық Банк пен Үкіметке түбегейлі ақша-кредит саясатының жаңа жүйесін әзірлеуді тапсырды Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Ұлттық Банк пен Үкіметке түбегейлі ақша-кредит саясатының жаңа жүйесін әзірлеуді тапсырды. «Әлемдік экономикадағы қолайсыз ахуалды ескере отырып, біз инфляциядан әрбір қазақстандықтың кірістерін қорғауды қамтамасыз ететін және экономикалық өсім үшін лайықты деңгейін ұстап тұратын боламыз. Бұл жай ғана макроэкономикалық мәселе емес, бұл елдің әлеуметтік қауіпсіздігінің мәселесі. Және де бұл – 2013 жылдың өзінен бастап Ұлттық Банк пен Үкімет жұмысының басты мәселесі», - деді Мемлекет басшысы. Н.Назарбаев өз Жолдауында атап өткендей, қазақстандық банктер өз кезегінде өзінің мақсатын орындауға және нақты экономика секторының кредиттік ресурстарға деген қажеттілігін қамтамасыз етуге тиіс. «Бұл ретте қаржылық жүйеге бақылауды әлсіретуге болмайды, банктерді проблемалық кредиттерден тазарту және қорландыру мәселелерімен тығыз айналысу қажет.Бұл үшін Ұлттық Банк пен Үкіметке Президент Әкімшілігінің үйлестіруімен экономиканы қажетті ақша ресурстарымен қамтамасыз етуге бағытталған түбегейлі ақша-кредит саясатының жаңа жүйесін әзірлеу қажет болады», - деп толықтырды Президент. Естеріңізге сала кетейік, кеше Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Дереккөзі: www.bnews.kz  

Елбасы Ұлттық Банк пен Үкіметке түбегейлі ақша-кредит саясатының жаңа жүйесін әзірлеуді тапсырды

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Ұлттық Банк пен Үкіметке түбегейлі ақша-кредит саясатының жаңа жүйесін әзірлеуді тапсырды.

«Әлемдік экономикадағы қолайсыз ахуалды ескере отырып, біз инфляциядан әрбір қазақстандықтың кірістерін қорғауды қамтамасыз ететін және экономикалық өсім үшін лайықты деңгейін ұстап тұратын боламыз. Бұл жай ғана макроэкономикалық мәселе емес, бұл елдің әлеуметтік қауіпсіздігінің мәселесі. Және де бұл – 2013 жылдың өзінен бастап Ұлттық Банк пен Үкімет жұмысының басты мәселесі», - деді Мемлекет басшысы.

Н.Назарбаев өз Жолдауында атап өткендей, қазақстандық банктер өз кезегінде өзінің мақсатын орындауға және нақты экономика секторының кредиттік ресурстарға деген қажеттілігін қамтамасыз етуге тиіс.

«Бұл ретте қаржылық жүйеге бақылауды әлсіретуге болмайды, банктерді проблемалық кредиттерден тазарту және қорландыру мәселелерімен тығыз айналысу қажет.Бұл үшін Ұлттық Банк пен Үкіметке Президент Әкімшілігінің үйлестіруімен экономиканы қажетті ақша ресурстарымен қамтамасыз етуге бағытталған түбегейлі ақша-кредит саясатының жаңа жүйесін әзірлеу қажет болады», - деп толықтырды Президент.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.

Дереккөзі: www.bnews.kz

 

Бөлісу: