Қазақстандық жастарды Президент Жолдауымен әлеуметтік желілер арқылы таныстырады

Қазақстандық жастарды Президент Жолдауымен әлеуметтік желілер арқылы таныстырады

Ел Президентінің Жолдауы туралы жастарды ақпараттандыру үшін Алматы қаласы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы интернет-кеңістіктегі жұмысқа көбірек назар көңіл бөлді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. 

Сонымен, Мемлекет басшысы сөйлегеннен кейінгі алғашқы 2 сағат ішінде әлеуметтік желілер, ақпараттық интернет порталдар және жастар сайттарының форумы арқылы осы тақырыпқа 100 мыңнан астам адамды тартып, назарын аударуға мүмкіндік туды.

Еске сала кетсек, бүгін Қазақстан Республикасының Президенті – ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана операның» жаңа ғимаратында Қазақстан халқына «Қазақстан – 2050» Стратегиясы» – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын арнады.

Дереккөзі: www.bnews.kz