14 Желтоқсан 2012, 16:49
Алматыда Олжас Сүлейменовтің жаңа өлеңдер жинағы шығуына арналған шығармашылық кеші өтті деп хабарлайды ҚазАқпарат
Кітап «Олжастың кітапханасы» басылымымен шығарылыған. Ол «Поэт красивым должен быть, как Бог...» деп аталады. Бұл - Олжас Сүлейменовтің жасөспірім шағында А. Пушкинге арнап жазған өлеңінің бірінші жолы.
Ақынның шығармашылық кеші М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының әртісі Бақтияр Қожаның монологымен ашылды. «Арт и Шок» театрының әртістері жиналған қауым алдында дәуір, поэзия және ақын жөнінде ой-толғаулардың перфоманс - қойылымын сахналады.
BAQ.kz