14 Желтоқсан 2012, 11:00
Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздіктің 21 жылдығына арналған салтанатты жиында жаңа саяси бағыт жастар үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын атап өтті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Білім мен кәсіби дағды - кадр дайындау мен оларды қайта оқыту жүйесіндегі негізгі бағыттар. Қазақстандықтар әлемдегі жоғары білімі бар ұлтқа айналуы керек, әйтпесе, алға қойған мақсаттарымызға қол жеткізе алмаймыз», - деді Елбасы.
«Мен бүгін жастар мәселесіне ерекше тоқталғым келеді. Біздің жаңа саяси бағытымыз сіздерге жаңа мүмкіндік, үздік білім, лайықты қызмет және зор болашақ беруге мақсатталған. Жаңа бағытты алға жылжытып, оның жемісін көретін де жастар», - деді Елбасы.
Дереккөзі: www.bnews.kz