Бүгін Астанада ҚР Тәуелсіздігінің 21 жылдығына орай өткен салтанатты жиын барысында ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Баршаларымыздың ең киелі құндылығымыз - Тәуелсіздігіміздің туған күнімен құттықтаймын! Бүгін өзіңіз көріп отырғандай, Астанамызда қазақ мәдениетінің ең биік теңдесі жоқ өнер ордасы – «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрында тұңғыш рет кездесіп отырмыз. Осынау ғажайып мәдениет ордасы баршамызға құтты болсын!», - деді Н.Назарбаев.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін, 14 желтоқсанда сағат 15:00-де Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана опера» МОБТ-дағы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 21 жылдығына арналған салтанатты жиынды ашты.
Шара барысында Елбасы Қазақстан - 2030 стратегиясының іске асырылуын қорытындылап, халыққа елдің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа басымдықтарын таныстырады.
Содан кейін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 21 жылдығына арналған мерекелік концерт өтеді.