Қазақстанның тәуелсіздігіне арналған шара «Астана опера» мемлдекеттік опера және балет театрында өтуде. Салтанатты жиын барасында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050 стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын жариялайтын болады. Елбасы бірқатар көрнекті саяси және қоғам қайраткерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттау салтанатында атап өткендей, «Қазақстан-2030» бағдарламасының басым бөлігі мерзімінен бұрын іске асырылып отыр.