Қазақстандық экспедиторлар Елбасына оңтүстік полюстен әкелінген сыйды тарту етті

14 Желтоқсан 2012, 09:11

Қазақ География қауымдастығы Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан Президенті, «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевқа экспедицияның қорытындысы туралы ақпараларды тапсыруға ниет етті. Бұл туралы «Нұр Отан» ХДП баспасөз қызметі хабарлайды. Мемлекет басшысының атына жазылған ілтипат жазбасы түсірілген экспедицияның эпизодтары бейнеленген картина-коллаж және Жер шарының Оңтүстік шарының географиялық координаттары түсірілген бедерлі көшірме мен Оңтүстік полюсқа тігілген «Нұр Отанның» Туын тапсырмақ. Бүгін «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының Орталық аппаратында партия Төрағасының бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевпен кездесіп, оған Елбасыға арналған тартуды табыс етті. Осы шараға қатысушылар Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістігінің бәрі Елбасының ерен еңбегінің жемісі екенін атап айтты. Соның арқасында бүгінде Қазақстанның даңқы Жер шарының түкпір-түкпіріне тарады. Естеріңізге саламыз, осыдан бір жыл бұрын Жер шарының оңтүстік полюсіне Қазақстанның мемлекеттік Туы мен «Нұр Отанның» байрағы тігілді. Осынау құрметті рәсімді Оңтүстік полюске біздің елімізден тұңғыш рет жол ашқан автомобиль экспедициясы Қазақстан Тәуелсіздігінің жиырма жылдығының құрметіне және Жер шарының Оңтүстік полюсінің ашылғанына 100 жыл толуына орай атқарды. Экспедиция мүшелері қар құрсанған осынау өңірдің табиғаты мен ауа райы және экологиясы туралы алдын ала көптеген мәліметтерге қанықты. Олар бұрын-соңды жолы түспеген бейтаныс жері болса да, тайсалған жоқ. Жалын-жігер мен намыс, өр қайраты биік жандар тәуекелге бел буды. BNews.kz

Қазақ География қауымдастығы Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан Президенті, «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевқа экспедицияның қорытындысы туралы ақпараларды тапсыруға ниет етті. Бұл туралы «Нұр Отан» ХДП баспасөз қызметі хабарлайды. Мемлекет басшысының атына жазылған ілтипат жазбасы түсірілген экспедицияның эпизодтары бейнеленген картина-коллаж және Жер шарының Оңтүстік шарының географиялық координаттары түсірілген бедерлі көшірме мен Оңтүстік полюсқа тігілген «Нұр Отанның» Туын тапсырмақ.

Бүгін «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының Орталық аппаратында партия Төрағасының бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевпен кездесіп, оған Елбасыға арналған тартуды табыс етті.

Осы шараға қатысушылар Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістігінің бәрі Елбасының ерен еңбегінің жемісі екенін атап айтты. Соның арқасында бүгінде Қазақстанның даңқы Жер шарының түкпір-түкпіріне тарады.

Естеріңізге саламыз, осыдан бір жыл бұрын Жер шарының оңтүстік полюсіне Қазақстанның мемлекеттік Туы мен «Нұр Отанның» байрағы тігілді. Осынау құрметті рәсімді Оңтүстік полюске біздің елімізден тұңғыш рет жол ашқан автомобиль экспедициясы Қазақстан Тәуелсіздігінің жиырма жылдығының құрметіне және Жер шарының Оңтүстік полюсінің ашылғанына 100 жыл толуына орай атқарды.

Экспедиция мүшелері қар құрсанған осынау өңірдің табиғаты мен ауа райы және экологиясы туралы алдын ала көптеген мәліметтерге қанықты. Олар бұрын-соңды жолы түспеген бейтаныс жері болса да, тайсалған жоқ. Жалын-жігер мен намыс, өр қайраты биік жандар тәуекелге бел буды.

BNews.kz

Бөлісу: