14 Желтоқсан 2012, 09:08
Қазақстан Республикасының «2011-2015 жылдарға арналған Саламатты Қазақстан» мемлекеттік денсаулық сақтауды дамыту бағдарламасын және ҚР-да 2012-2016 жылдарға арналған Онкологиялық көмекті дамытудың салалық Бағдарламасын жүзеге асыру аясында қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы «Балалар онкогематологиялық қызметті жетілдіру бойынша жол картасын» әзірледі. Бұл жөнінде BNews.kz тілшісіне «Чернобыль мен Арал балалары» халықаралық қоғамдық қоры қызылордалық өкілдігінің жетекшісі Құралай Исаева айтып берді.
«Онкогематологиялық қызметті дамыту стратегиясын жүзеге асыру және денсаулық сақтау жүйесіндегі балалар өлімін азайту үшін жаңа заманауи медициналық технологияларды енгізу, заманауи емдік және тексеру құрылғыларымен жабдықтау, дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету жоспарланып отыр, - дейді ол. – «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында 2013 жылы онкогематологиялық сырқатты балаларға арналған боксталған палаталары бар бөлімше қарастырылған 200 орындық көп бейінді облыстық балалар ауруханасының құрылысы жоспарланып отыр».
Биылғы жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Қызылорда облысында диспансерлік тіркеуде онкогематологиялық сырқатты 38 бала тұр, олардың 33 – «аққан» диагнозы қойылған, 5 – апластикалық қаназдықпен ауырады.
Статистика бойынша, Қазақстанда гематологиялық және онкологиялық аурулар қайғылы оқиғадан, суицидтен, жарақаттар мен автоапаттардан кейін бір жастан асқан балалар өлімі бойынша екінші орында тұр.