Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚазақстан Тәуелсіздігі күніне арналған балалардың сурет көрмесі 21 желтоқсанда елордадағы ҚР Тұңғыш Президенті мұражайында өтеді. Экспозицияға «Туған жерім» деп аталатын балалар суреті І Халықаралық байқауы қатысушыларының еңбектері қойылады. Мұражайдан хабарлағанындай, байқаудың басты мақсаты – жас ұрпақтың бойында патриотизм мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастырып, Отанға деген сүйіспеншілік сезімі мен Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ, балалардың көркем шығармашылығын дамыту мен кеңінен насихаттау болып табылады.
«Көрмеде: «Қазақстанның өткеніне саяхат», «Қазақстан халқының аңыздары мен ертегілері», «Қазақ халқының дәстүрі мен салттары», «Астана – болашақ қаласы», «Қазақстан 20 жылдан кейін» тақырыптарына еліміздің барлық аймақтарынан жұмыстар ұсынылады. Қазақстан Суретшілер одағы мүшелерінен құрылған қазылар алқасы ұсынылған жұмыстардың кәсіби деңгейінің жоғары екендігін атап көрсетті», - делінген хабарламада.
Астана қаласының ресми сайты astana.kz
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек