Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыЕртең Астанада Назарбаев орталығының Күміс залында Қазақстан Тәуелсіздігінің 21-жылдығына зергерлік өнер көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.
Алтын және бағалы металдар мемлекеттік мұражайының залдарында өтетін зергерлік өнер хас шеберлер көрмесінің өткені мен бүгінгісін тұтастырып, өрнектердің құпия сыры мен металдың пластикасын паш етеді.
Зергерлік өнер көрмесінде ұсынылатын зергерлік бұйымдар бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған.
Зергерлік өнер – қазақ халқының мұрат-мақсаттарын, оның даму ерекшеліктерін, шығармашылық пен материалдық құндылықтарды қабылдау деңгейін көрсетіп, Қазақстан мәдениетінде ерекше орын алады. Ежелгі дәуірдегі он саусағынан өнер тамған зергер-шеберлер бағалы тастар мен асыл металдардан жасалған, қайталанбас Көшпелі - Номад әлемі қоршаған орта сюжеттік өрнектері әшекейлер мен тұрмыстық заттарын көмкере отырып, «Өшпес» өнер туындыларын ұрпақтарына мұра етіп қалдырды.
Орталық Азия халықтарымен көптеген ұқсастықтары бола тұра, қазақ өнері қайталанбас биік тұлғалылығын сақтай отырып, мүсіндік бейнелігімен ерекшеленді және мұнда кішкене пішіннің өзінде өрнек пен фонның үйлесімі және олардың ырғақты кезектестігі сезіледі. Олар металдың асылдығын, тастардың әсемдігі мен сиқыр күшін аша түскендей.
«Зергер» атты зергерлік өнер көрмесі 15 қаңтарға дейін жұмыс істейді.
Астана қаласының ресми сайты astana.kz
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек