12 Желтоқсан 2012, 11:50
Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті «Мәдениет министрлігі мен Орыс қауымы арасындағы өзара түсіністік пен әріптестік туралы» меморандумына сәйкес Алматы қаласындағы «Достық үйінде» «Тіл - халық жанын танудың кілті» қазақ тілі білгірлерінің VІ республикалық байқауын өткізді.Байқау мемлекеттік тілді жоғары деңгейде білетін жастарды анықтап, көтермелеу, елiмiздiң мемлекеттік рәміздерін, соның ішінде тәуелсіз Қазақстанның бір атрибуты ретіндегі мемлекеттік тілді құрметтеу, тіл мәдениеті мен мемлекеттік тілді қолдану мәртебесін арттыру мақсатында өткізілді.
Аталған шараның қатысушылары ЖОО-ның студенттері, колледж және мектеп оқушылары - облыстық және қалалық іріктеу турларының жеңімпаздары - өз білімдерін қазақ тілімен қатар, орыс және ағылшын тілдерінде «Тұңғиық сыр тұнған қасиетті рәміздер!» тақырыбындағы эссені қорғауда көрсетті.
Байқаудың қатысушылары қазақ тілі мен мәдениеті тақырыбындағы білімдерін келесі аталымдар бойынша көрсете алды.
- «Қазақстанның тарихы мен мәдениетіндегі танымал тұлғалар» ауызша тұсаукесер;
- қазақ әдебиеті мен мәдениеті тақырыбы бойынша тест;
- «Шабыт жұлдызы» атты шығармашылық тапсырма.
Байқауда Тіл комитетінің төрағасы М.Сқақов, Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының елшісі М.Бочарников, Қазақстанның Орыс қауымы басшысы Ю.Бунаков, Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-тың бас редакторы, қазылар алқасының төрағасы Д.Амантай құттықтау сөз сөйледі.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ақшалай сыйлықтар және дипломдармен марапатталды. Сыйлық ретінде «Тұңғиық сыр тұнған қасиетті рәміздер!» атты өз эсселерінің жинақтарын, белгілі геральдист Е. Шәймерденнің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері. Тәуелсіздік нышандары» кітабын алды. Үміткерлерді дайындаған жетекші-педагогтерге сертификаттар және Комитет бағдарламасы бойынша шығарылған 5 томдық «Қазақ балалар әдебиетінің классикалық үлгілері» берілді.
http://www.mki.gov.kz