14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?
А.Пушкин атындағы облыстық кітапханада «Восточный Казахстан – сердце Евразии» кітабының тұсаукесері өтті.
«Восточный Казахстан – сердце Евразии» кітабы –11 бөлімнен, 1140 бет және көптеген тамаша көрнекіліктен құралған құнды қазына. Бұл 40 жылдан астам уақыт бойы жиналған далалық экспедициялар мәліметтері. Еңбекте өңіріміздің географиялық, табиғи-климаттық жағдайының ерекшеліктері, жануарлар мен өсімдіктер әлемінің сирек кездесетін түрлері, Қазақстан жаухарының бірегей табиғаты ұсынылған. Оқырман бұл кітапты парақтай отырып қызықты аңыз-хикаялар, археология мен палеонтология саласы бойынша қызықты фактілер, діннің пайда болуы, табиғат зерттеуші ғалымдар, таланттарға бай өңірімізден шыққан әйгілі ақын-жазушылар жайлы құнды мәліметтер таба алады.
«Восточный Казахстан – сердце Евразии» кітабының Тәуелсіздік күніне орай әрі Шығыс Қазақстан облысының 80 жылдығы қарсаңында жарыққа шығуы - ерекше оқиға. Кітап тұсаукесері барысында облыс әкімі Б.М. Сапарбаев кітап авторларына Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың алғыс хатын салтанатты түрде табыс етті.
Шығыс Қазақстанның кең, жазық далаларынан таулы жоталарына қарай саяхат жасау табиғатымызды қорғау мен сақтау қажеттілігі жайлы маңызды идеямен астасады. Табиғатымыз тек ұлттық құндылық қана емес, ұрпағымызға қалатын баға жетпес байлық. «Восточный Казахстан – сердце Евразии» - Елбасымыздың алға қойған үш негізгі міндетіне жауап береді. Бұл әлемді, руханилықты және табиғатты қорғау.
14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды