18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?
«Жаужүрек Мың Бала» қазақ фильмдерінің ішінде тұңғыш рет Америка Құрама Штаттарында прокатқа шығайын деп жатыр. Бұл жөнінде бүгін «Қазақ киносы апталығының» ашылуына байланысты өткен баспасөз мәслихатында Ш.Айманов атындағы «Қазақфильмі» АҚ президенті Ермек Аманшаев мәлем етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Жаужүрек Мың Бала» Америкада прокатқа шығайын деп жатыр. Осы он шақты күннің ішінде Нью-Йоркте арнайы көрсетілімі болады. Одан кейін Лос-Анджелес қаласында шығады. Кейін ақпан айында фильм АҚШ-та прокатқа шығады деп жоспраланып отыр», - деді Аманшаев.
Ақан Сатаевтың «Жаужүрек Мың Бала» фильмі «Оскарға» ұсынылған болатын. Аманшаев фильмнің бұл байқаудағы тағдырына да тоқталды.
«Қазір іріктеу жұмыстары жүріп жатыр. Бүгінгі күнге дейін дауыс беретін академия мүшелеріне арнайы бес көрсетілім жасадық. Қорытындысы жаңа жылдан кейін шығады. «Оскардың» лонг-лист, шорт-лист деген номинациялар бар. Шорт-листке дүние жүзінен 72 фильм түсті, оның ішінде «Жаужүрек Мың Бала» бар. Егер ондыққа іліксек, алғашқы қадам ретінде жақсы оқиға болар еді. Үмітіміз бар», - деп атап өтті «Қазақфильм» президенті.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр