Басқы Жаратушыда білім бар ма?

8 Желтоқсан 2012, 06:34

  Барлықтың түп есебі Жаратушының білім, құдірет шеберлігінде өлшеу жоқ. Дәлелдерім: ғылым жолында бұл барлықтың еш нәрсесі өздігінен бар бола алмайды да, қозғала алмайды. Ол бар болайыншы, қозғалайыншы дей алмайды. Бұған себеп керек. Егер ол себепке де бір себеп керек болып, себептің түбі жоқ болады делінсе, ең түбі себепсіз, бар себеп болмаса болмайды. Сол себепсіз бар болу себеп жаратушы болады. Егер сол себепсіз бар болған атом, нұр сияқтылар делінсе, олар себепсіз бар болған нәрсе емес, дәлелім — оларда қозғалыс бар, қозғалуда, жүрісінің өлшеуі бар. Өлшеулі нәрсе өзі бар болған емес. Егер қозғалыс притяжение, отрицание — өзіне тарту, әрі итеру заңымен делінсе, ол қозғалысқа да себеп керек. Ол заңды салушы керек. Және атом сияқты түп негізде ерлі-қатындылық сипат бар. Мәселен, сила вещества (қуатты дене), ол екеуі бір-біріне мұқтаж, олай болған соң ондай нәрсе өздігінен бар болды деуге қисынбайды. Сондықтан олардың түп себебі — себепсіз бар себеп, түп Жаратушы. Ол түп себептің білім, құдірет шеберлігінде өлшеу жоқтығы мынадан анықталады. Барлықтың не нәрсесіне қарасаңыз да мақсұтсыз, керексіз жаралған емес. Бәрін айтпай-ақ, өз көзіңізді ойлаңыз: құлақ, мұрын, ауыз сияқты мүшеңіз мақсұтпен жаралғанын көресіз. Ғылым жолымен өсімдік, ағаштардың тамыры, өзегі, қабығы, жапырағы, гүлі сияқтылардың бірде-бірін бұл мақсұтсыз деп айта алмайсыз. Бұлар нені көрсетеді? Түп себептің бүйтіп салған жолына қарағанда, оның білім, құдірет шеберлігінде өлшеу жоқтығын анықтайды. Егер осының бәрін істеп шығарып тұрған түк сезбейтін соқыр табиғат болса, онан мұндай мақсұт, білім, ерік, гармония тартып, жарасым таңдау жоғарылау шыға алмайды. Өйтіп кез келгендіктен еріксіз жаралып жатыр дегендерді жан ғылымына жүйрік психолог, өлермен философ Вольтер ақылдары шатасқан деп сөккен. Себебі толымды нәрсенің, толымды болатын себебі, толымсыздық ісі де толымсыз болатынын ғалымдар түгіл, жабайы кісі де білсе керек. Біз естінің ақылын, күштінің қуатын, ұстаның шеберлігін ісінен танимыз. Менің ойымша, бүгін барлықтың бәрі — біздің осындай болмақ жолды салған түп Жаратушының білім, құдірет шеберлігінде. Өлшеу жоқ деп бізге секунд сайын саңқылдап тұр: «Бізге дүние түпкі сырын Көрсетіп те, айтты ғой, Елемеді оны біздің Тіпті өзімшіл мисыз ой». Әлде түп жаратушы туралы біреу былай да айтар: түпкі жаратушы сіз айтқан себепсіз, бар себеп-aқ болсын, бірақ соның бар қылған атом сияқты негізден шығып жатқан сансыз нәрселердің бәрінде сол түп жаратушы жатыр ма дер? Бұған жауабым мынау: мәселен, мен асқан білімді, өнерлі болып, керек нәрсенің бәрін жасап шығаратын зор машина жасасам, соның істеп шығарған нәрселерін мен жасады дейсіз бе, машина жасады дейсіз бе? Бер жағынан қарағанда, дәл сол кезде жасап шығарған машина ғой. Ал, ол машинаға соншалық қуат, шеберлік берген мен ғой. Маған сондайлық білім, шеберлік һәм машинаға керекті нәрселерді шығарып тұрған Жаратылыстың негізгі табиғаты ғой. Ол негізге соншалық қасиетті берген ең түпкі жаратушы ғой. Енді бәрінің түп иесі кім болады? Әрине, басқы жаратушы. Мінеки, осылар әр нәрсенің бәрін тәңірі жаратады деген сөзді қалай түсіну керек, байқау жөн. Ескі дін молдалары қай дінде болса сол Жаратылыс жолының сырына шорқақтығынан бұл туралы анықтап ұқтыра алмаған.

 

Барлықтың түп есебі Жаратушының білім, құдірет шеберлігінде өлшеу жоқ. Дәлелдерім: ғылым жолында бұл барлықтың еш нәрсесі өздігінен бар бола алмайды да, қозғала алмайды. Ол бар болайыншы, қозғалайыншы дей алмайды. Бұған себеп керек. Егер ол себепке де бір себеп керек болып, себептің түбі жоқ болады делінсе, ең түбі себепсіз, бар себеп болмаса болмайды. Сол себепсіз бар болу себеп жаратушы болады. Егер сол себепсіз бар болған атом, нұр сияқтылар делінсе, олар себепсіз бар болған нәрсе емес, дәлелім — оларда қозғалыс бар, қозғалуда, жүрісінің өлшеуі бар. Өлшеулі нәрсе өзі бар болған емес. Егер қозғалыс притяжение, отрицание — өзіне тарту, әрі итеру заңымен делінсе, ол қозғалысқа да себеп керек. Ол заңды салушы керек. Және атом сияқты түп негізде ерлі-қатындылық сипат бар. Мәселен, сила вещества (қуатты дене), ол екеуі бір-біріне мұқтаж, олай болған соң ондай нәрсе өздігінен бар болды деуге қисынбайды. Сондықтан олардың түп себебі — себепсіз бар себеп, түп Жаратушы. Ол түп себептің білім, құдірет шеберлігінде өлшеу жоқтығы мынадан анықталады. Барлықтың не нәрсесіне қарасаңыз да мақсұтсыз, керексіз жаралған емес. Бәрін айтпай-ақ, өз көзіңізді ойлаңыз: құлақ, мұрын, ауыз сияқты мүшеңіз мақсұтпен жаралғанын көресіз. Ғылым жолымен өсімдік, ағаштардың тамыры, өзегі, қабығы, жапырағы, гүлі сияқтылардың бірде-бірін бұл мақсұтсыз деп айта алмайсыз. Бұлар нені көрсетеді? Түп себептің бүйтіп салған жолына қарағанда, оның білім, құдірет шеберлігінде өлшеу жоқтығын анықтайды. Егер осының бәрін істеп шығарып тұрған түк сезбейтін соқыр табиғат болса, онан мұндай мақсұт, білім, ерік, гармония тартып, жарасым таңдау жоғарылау шыға алмайды. Өйтіп кез келгендіктен еріксіз жаралып жатыр дегендерді жан ғылымына жүйрік психолог, өлермен философ Вольтер ақылдары шатасқан деп сөккен. Себебі толымды нәрсенің, толымды болатын себебі, толымсыздық ісі де толымсыз болатынын ғалымдар түгіл, жабайы кісі де білсе керек.

Біз естінің ақылын, күштінің қуатын, ұстаның шеберлігін ісінен танимыз. Менің ойымша, бүгін барлықтың бәрі — біздің осындай болмақ жолды салған түп Жаратушының білім, құдірет шеберлігінде. Өлшеу жоқ деп бізге секунд сайын саңқылдап тұр:

«Бізге дүние түпкі сырын

Көрсетіп те, айтты ғой,

Елемеді оны біздің

Тіпті өзімшіл мисыз ой».

Әлде түп жаратушы туралы біреу былай да айтар: түпкі жаратушы сіз айтқан себепсіз, бар себеп-aқ болсын, бірақ соның бар қылған атом сияқты негізден шығып жатқан сансыз нәрселердің бәрінде сол түп жаратушы жатыр ма дер? Бұған жауабым мынау: мәселен, мен асқан білімді, өнерлі болып, керек нәрсенің бәрін жасап шығаратын зор машина жасасам, соның істеп шығарған нәрселерін мен жасады дейсіз бе, машина жасады дейсіз бе? Бер жағынан қарағанда, дәл сол кезде жасап шығарған машина ғой. Ал, ол машинаға соншалық қуат, шеберлік берген мен ғой. Маған сондайлық білім, шеберлік һәм машинаға керекті нәрселерді шығарып тұрған Жаратылыстың негізгі табиғаты ғой. Ол негізге соншалық қасиетті берген ең түпкі жаратушы ғой. Енді бәрінің түп иесі кім болады? Әрине, басқы жаратушы. Мінеки, осылар әр нәрсенің бәрін тәңірі жаратады деген сөзді қалай түсіну керек, байқау жөн. Ескі дін молдалары қай дінде болса сол Жаратылыс жолының сырына шорқақтығынан бұл туралы анықтап ұқтыра алмаған.

Бөлісу: