Қаракүйеден қашан да болса сақтану керек

8 Желтоқсан 2012, 06:27

  Қаракүйенің кеселі егіншілердің бәріне белгілі. Бірақ әлі күнгі сақтану жолын білмейтіндер көп. Өйткені егіншілердің көбі хат танымайды, газет оқымайды, оқитындарының қолына кезінде керекті әңгімесін жазған газеттің сандары да түгел тиіп отырмайтын әдеті бар. Елде газетті тегіс оқып отыратындар (алдырып оқысын, ұрлап оқысын) шаруадан көрі, сөз баққандар. Соның үшін газетке жазылып жүрген шаруаға лайықты әңгімелер нағыз иесінің құлағына әзір тимей жүр. Оның үстіне, біздің қазақта бір әдет бар, бүгін бір нәрседен безер болса, мезгілі өткен соң, ертең оның қайта болмасына алдын ала қам қылуды ұмытып кетеді, ерінеді, «құдайға тапсырып»( о да ерінгендіктің салдары). Сөйтіп барып, екіншіде тағы өкінеді. Бұл кемшіліктерді біртелеп болса да, кезі келген сайын ескертіп отыратын сергек басшы керек. Ол басшы ел шаруаларына айтумен ғана емес, өзі істеумен үлгі көрсетсін: биыл егін қаракүйеге ұшыраса, ендігі жылы одан қалай құтылу керек екендігін ауыл даназа жыр қылсын да, езі сол айтқанын істесін. Алда-жалда жұрт биыл тіл алмаса, ендігі жылы опық жегенде, өзінің неге аман қалғандығын көлденеңдетіп өтсін. Сонда барып, жұрт еріксіз ереді, шаруаларға қажымай іспен басшылық көрсету деген сол болады. Ондай білімді адам ауыл біткеннен шығып отыруы да, шыға қалса білгенін жұртқа дуана болып, сарнап жүруі де қиын. Жұрттың білмегені болса, білдіретін, білгендерін өзгелерге үлгіге тартатын мекеме орындары, ұйымдар. Солар арқылы жұрт бастарын қосады, олар көптің қамын жейді.      Шаруаға қоян қолтық ұйымның біреуі—кооператив (әсіресе шаруа кооперативі). Бірақ ол әзірге тегіс тамырын жайып, буынын бекіте алмай келеді. Ендігі бірі — қосшы (жарлы) ұйымы, ол да жана ғана ашылып жүр. Сондықтан айналып келіп табатынымыз — баяғы ауылдық советтер. Шынында да олар бір ауылдың әкімшілік жағын басқарып қана отыруға міндетті емес, барлық шаруашылық, мәдениет, ағарту сияқты керектерінің қай-қайсыларына болса да, қамқор болуға борышты. Бұйрық келсе, тұра шабу, налог келсе, бөліп салумен ғана міндетінен құтылмайды. Түгел шешілсе, сонда ғана міндет атқарылады. Ел егіншілерінің бір мұңы — қаракүйе. Онан қалай құтылудың жайы бұрын бірен-саран жазылған. Ол сездер құлағына тимей, тисе де орайы келмегендіктен биыл да егіні қаракүйеге ұшырап қалғандар келешек жылға тұқымдарын таза қып сақтаулары керек. Қазақтың көп салатын егіні — бидай, тары, сұлы. Бидай күйесі екі түрлі болады: 1) дымқос күйе, 2) шаңды күйе. Бұл екеуінің ең көтерлісі — дымқос күйе, мұны байқау да қиын. Ауырған бидай шыққанда түсі қоңырлау болып, өзі жеңіл келеді. Сондықтан басы иілмей, тіп-тік болып шығады. Өйткені дәннің орнын қап-қара шан алған соң бидайдың басы жеп-жеңіл болып қалады. Егер де осы, ауырған бидай қырманға салып басылса, барлық астықты былғайды. Бәріне қаракүйенің шаны жұғады да, сол астықтан келешек жылға тұқым сақталса, ендігі жылғы егіннің бәрін қаракүйе басады. Бұл шүбәден құтылу қиын болғандықтан, шашпас бұрын тұқымды аластап, жуып алу керек. Тары тұқымын аққан суға салып тазартуға болады. Бидай менен сұлыны бұрынғы айтылып жүргенше, аптектен фармалин деген дәріні алып, су толтырған күбіге салу керек те, тұқымды қапшығымен күбіге батырып алу керек. Бұл туралы жұрттың құлағына салу, істегенін бақылау, істемегендерінің күдікті астығынан тұқым алып, ұйым болса езі салдыратын егінге, болмаса ерінбейтін бір азаматқа жудырып салдырып керу керек.  

 

Қаракүйенің кеселі егіншілердің бәріне белгілі. Бірақ әлі күнгі сақтану жолын білмейтіндер көп. Өйткені егіншілердің көбі хат танымайды, газет оқымайды, оқитындарының қолына кезінде керекті әңгімесін жазған газеттің сандары да түгел тиіп отырмайтын әдеті бар. Елде газетті тегіс оқып отыратындар (алдырып оқысын, ұрлап оқысын) шаруадан көрі, сөз баққандар. Соның үшін газетке жазылып жүрген шаруаға лайықты әңгімелер нағыз иесінің құлағына әзір тимей жүр.

Оның үстіне, біздің қазақта бір әдет бар, бүгін бір нәрседен безер болса, мезгілі өткен соң, ертең оның қайта болмасына алдын ала қам қылуды ұмытып кетеді, ерінеді, «құдайға тапсырып»( о да ерінгендіктің салдары). Сөйтіп барып, екіншіде тағы өкінеді.

Бұл кемшіліктерді біртелеп болса да, кезі келген сайын ескертіп отыратын сергек басшы керек. Ол басшы ел шаруаларына айтумен ғана емес, өзі істеумен үлгі көрсетсін: биыл егін қаракүйеге ұшыраса, ендігі жылы одан қалай құтылу керек екендігін ауыл даназа жыр қылсын да, езі сол айтқанын істесін. Алда-жалда жұрт биыл тіл алмаса, ендігі жылы опық жегенде, өзінің неге аман қалғандығын көлденеңдетіп өтсін. Сонда барып, жұрт еріксіз ереді, шаруаларға қажымай іспен басшылық көрсету деген сол болады.

Ондай білімді адам ауыл біткеннен шығып отыруы да, шыға қалса білгенін жұртқа дуана болып, сарнап жүруі де қиын. Жұрттың білмегені болса, білдіретін, білгендерін өзгелерге үлгіге тартатын мекеме орындары, ұйымдар. Солар арқылы жұрт бастарын қосады, олар көптің қамын жейді.     

Шаруаға қоян қолтық ұйымның біреуі—кооператив (әсіресе шаруа кооперативі). Бірақ ол әзірге тегіс тамырын жайып, буынын бекіте алмай келеді. Ендігі бірі — қосшы (жарлы) ұйымы, ол да жана ғана ашылып жүр. Сондықтан айналып келіп табатынымыз — баяғы ауылдық советтер. Шынында да олар бір ауылдың әкімшілік жағын басқарып қана отыруға міндетті емес, барлық шаруашылық, мәдениет, ағарту сияқты керектерінің қай-қайсыларына болса да, қамқор болуға борышты. Бұйрық келсе, тұра шабу, налог келсе, бөліп салумен ғана міндетінен құтылмайды. Түгел шешілсе, сонда ғана міндет атқарылады.

Ел егіншілерінің бір мұңы — қаракүйе. Онан қалай құтылудың жайы бұрын бірен-саран жазылған. Ол сездер құлағына тимей, тисе де орайы келмегендіктен биыл да егіні қаракүйеге ұшырап қалғандар келешек жылға тұқымдарын таза қып сақтаулары керек.

Қазақтың көп салатын егіні — бидай, тары, сұлы. Бидай күйесі екі түрлі болады: 1) дымқос күйе, 2) шаңды күйе. Бұл екеуінің ең көтерлісі — дымқос күйе, мұны байқау да қиын. Ауырған бидай шыққанда түсі қоңырлау болып, өзі жеңіл келеді. Сондықтан басы иілмей, тіп-тік болып шығады. Өйткені дәннің орнын қап-қара шан алған соң бидайдың басы жеп-жеңіл болып қалады.

Егер де осы, ауырған бидай қырманға салып басылса, барлық астықты былғайды. Бәріне қаракүйенің шаны жұғады да, сол астықтан келешек жылға тұқым сақталса, ендігі жылғы егіннің бәрін қаракүйе басады. Бұл шүбәден құтылу қиын болғандықтан, шашпас бұрын тұқымды аластап, жуып алу керек.

Тары тұқымын аққан суға салып тазартуға болады. Бидай менен сұлыны бұрынғы айтылып жүргенше, аптектен фармалин деген дәріні алып, су толтырған күбіге салу керек те, тұқымды қапшығымен күбіге батырып алу керек.

Бұл туралы жұрттың құлағына салу, істегенін бақылау, істемегендерінің күдікті астығынан тұқым алып, ұйым болса езі салдыратын егінге, болмаса ерінбейтін бір азаматқа жудырып салдырып керу керек.

 

Бөлісу: