Қалыңмал мен көп қатын алудың тарихы

8 Желтоқсан 2012, 06:26

Қазақта қалыңмал алудың қазіргі түрін қазақ баласының бәрі біледі. Оның қысқаша бұрынғы түрі менен қайдан шыққанын жазбастан бұрын көп қатын алу жайынан сөз бастайық. Қазақта көп қатын алу әмеңгерліктен басталды деуге болады. Ал әмеңгерліктің қалай басталғандығына келгенде жосып жүрген жаугершілік заманда мезгілсіз мерт болған батырлардың орнын жоғалтпауға оның туысқандарының біреуін шаңырағына ие қылатын. Үлкен батырға кімнің туысы"жақынырақ болса, шаңыраққа сол ие болатындықтан, ол «әмеңгер» аталған. Ту басында әмеңгердің бойдақтан болуы қаралса да, әрі-беріден соң, бойдақтық та шарт болмайды. Оның үстіне «пәленшеке» атанған бір батырдың қатыны бала көтермегендіктен, тұяқсыз қалмасын деп шабыншылықтан келген күңге аяғын салуға бәйбішесінің өзі рұқсат ететін болған. Сонымен қазақтың өмір тарихында кеп қатын алудың басталған жері осылар. Сөйтіп әуелде санама орыннан басталған әменгерлік пен «тұяқ қалдыру» жалпыға әдет болып жайылды да, аздан соң әдетіміз міндетке айналды. Бүл әдетті міндет қылып, бекітуге зор көмегін тигізген дін менен қалыңмал. Дін «төртке шейін де алуға болады» деп отырғанда, «аға өлсе іні мұрасы... көнбесең айыбымен берілген малды өтеп кетесің!» деп отырарлық уақыт болғанда, байлардың «төсек жаңғыртуға» несі кетсін? Мал беріп қатын алуға айналған соң, «қазақ байыса қатын алады» деп шамасы келетіндер тоқал алуды дәулетті орнына жұмсаудың бір белгісі санаған. Әйелді мал төлеп алу тағылықтан мәдениетке жеткенше қай халықта болса да болған әдет. Өйткені тұрмыс жөнінен әйел еркектің қол астында болғандықтан, бір қызды алмақшы болған біреу ол қыздың әкесі, яки туысқандарын бірдеңемен риза - қылу керек болатын болған. Мінеки сөйтіп қазақ ортасындағы қалыңмалдың әлгі риза қылудың сарқыны екендігі байқалады. Ерте күнде қалыңмалды алу қандай ғұрып болып саналса, қызын жасап беру сондай ғұрып болғандықтан, қыз әкесі қалыңмалдан бәлендей пайда қыла алмайтын болған әм пайда қылуды қарастырмаған да. Бері келе қазақ жаугершіліктен тоқтап (санама батырлар болмаса), мал бағуға айналған дәуірде біреу орасан бай, біреу орасан кедейлікке айналған. Сонда байлар арасындағы қалыңмал салтанат саналып, кедейлер арасында қаражат есептелген. Құдалық салтанат, ғұрып болып алған соң, бас сүйіскен байлар балаларын бесіктен атастыратын болған. «Бас сүйісу» деген нәрсе күштілердің күштерін зорайта беру үшін бастарын біріктіруден шыққан әдіс. Мұнын аяғы ру партиясындағы құдалыққа соққан. Сонымен, совет құрылысына шейін қыз сатуды қазақтың байы мерейі үшін, кедейі көмейі үшін қолданып келді. Советтің орнаған бетінде қалыңмал қалады, әркім сүйгенімен кетеді деген лақаппен әйелдер қашуды,- бостандық сұрауды көбейтті де... қалыңмалға біраз дағдарыс болды. Бұл қазақ әйелінің өміріндегі төңкерістің алғашқы адымы деуге болады. Алғашқы адым көбінесе көңілдегі жерден шығып отыра бермек емес, бүл жолда талай еңбектің жұмсалуы шарт. Әлгі өңеш үшін әйел сатудың сарқыншағы болған қалыңмалдың қазіргі түрі жасырын алып-беріске айналды. Ұрлыққа айналған жұмыс қуғындыққа айналмақ. Қуғындыққа ұшыраған жұмыстың өмірі ұзақ болмақ емес. Оның үстіне әйелдің оқып, кеңес қызметіне араласып кезі ашылған сайын еркектің құлдығынан құтыла беруі анық. Жоғалсын қазақ әйелінің өмірін жеген қалыңмал! Жасасын қалыңмал қалуға алғашқы негіз салынған күн — бірінші ғынуар мейрамы!  

Қазақта қалыңмал алудың қазіргі түрін қазақ баласының бәрі біледі. Оның қысқаша бұрынғы түрі менен қайдан шыққанын жазбастан бұрын көп қатын алу жайынан сөз бастайық. Қазақта көп қатын алу әмеңгерліктен басталды деуге болады. Ал әмеңгерліктің қалай басталғандығына келгенде жосып жүрген жаугершілік заманда мезгілсіз мерт болған батырлардың орнын жоғалтпауға оның туысқандарының біреуін шаңырағына ие қылатын.

Үлкен батырға кімнің туысы"жақынырақ болса, шаңыраққа сол ие болатындықтан, ол «әмеңгер» аталған.

Ту басында әмеңгердің бойдақтан болуы қаралса да, әрі-беріден соң, бойдақтық та шарт болмайды.

Оның үстіне «пәленшеке» атанған бір батырдың қатыны бала көтермегендіктен, тұяқсыз қалмасын деп шабыншылықтан келген күңге аяғын салуға бәйбішесінің өзі рұқсат ететін болған. Сонымен қазақтың өмір тарихында кеп қатын алудың басталған жері осылар.

Сөйтіп әуелде санама орыннан басталған әменгерлік пен «тұяқ қалдыру» жалпыға әдет болып жайылды да, аздан соң әдетіміз міндетке айналды.

Бүл әдетті міндет қылып, бекітуге зор көмегін тигізген дін менен қалыңмал. Дін «төртке шейін де алуға болады» деп отырғанда, «аға өлсе іні мұрасы... көнбесең айыбымен берілген малды өтеп кетесің!» деп отырарлық уақыт болғанда, байлардың «төсек жаңғыртуға» несі кетсін?

Мал беріп қатын алуға айналған соң, «қазақ байыса қатын алады» деп шамасы келетіндер тоқал алуды дәулетті орнына жұмсаудың бір белгісі санаған.

Әйелді мал төлеп алу тағылықтан мәдениетке жеткенше қай халықта болса да болған әдет.

Өйткені тұрмыс жөнінен әйел еркектің қол астында болғандықтан, бір қызды алмақшы болған біреу ол қыздың әкесі, яки туысқандарын бірдеңемен риза - қылу керек болатын болған.

Мінеки сөйтіп қазақ ортасындағы қалыңмалдың әлгі риза қылудың сарқыны екендігі байқалады.

Ерте күнде қалыңмалды алу қандай ғұрып болып саналса, қызын жасап беру сондай ғұрып болғандықтан, қыз әкесі қалыңмалдан бәлендей пайда қыла алмайтын болған әм пайда қылуды қарастырмаған да. Бері келе қазақ жаугершіліктен тоқтап (санама батырлар болмаса), мал бағуға айналған дәуірде біреу орасан бай, біреу орасан кедейлікке айналған. Сонда байлар арасындағы қалыңмал салтанат саналып, кедейлер арасында қаражат есептелген.

Құдалық салтанат, ғұрып болып алған соң, бас сүйіскен байлар балаларын бесіктен атастыратын болған.

«Бас сүйісу» деген нәрсе күштілердің күштерін зорайта беру үшін бастарын біріктіруден шыққан әдіс. Мұнын аяғы ру партиясындағы құдалыққа соққан.

Сонымен, совет құрылысына шейін қыз сатуды қазақтың байы мерейі үшін, кедейі көмейі үшін қолданып келді. Советтің орнаған бетінде қалыңмал қалады, әркім сүйгенімен кетеді деген лақаппен әйелдер қашуды,- бостандық сұрауды көбейтті де... қалыңмалға біраз дағдарыс болды.

Бұл қазақ әйелінің өміріндегі төңкерістің алғашқы адымы деуге болады. Алғашқы адым көбінесе көңілдегі жерден шығып отыра бермек емес, бүл жолда талай еңбектің жұмсалуы шарт.

Әлгі өңеш үшін әйел сатудың сарқыншағы болған қалыңмалдың қазіргі түрі жасырын алып-беріске айналды.

Ұрлыққа айналған жұмыс қуғындыққа айналмақ. Қуғындыққа ұшыраған жұмыстың өмірі ұзақ болмақ емес. Оның үстіне әйелдің оқып, кеңес қызметіне араласып кезі ашылған сайын еркектің құлдығынан құтыла беруі анық.

Жоғалсын қазақ әйелінің өмірін жеген қалыңмал!

Жасасын қалыңмал қалуға алғашқы негіз салынған күн — бірінші ғынуар мейрамы!

 

Бөлісу: