Сөз алды өлең - құдірет.

8 Желтоқсан 2012, 06:23

Жақында қалалық мәдениет бөлімі "Мұнайшы" мәдениет сарайында Сүгір Бегендікұлының 100 жылдығына арнаған қала ақындарының мүшәйрасын өткізді. Оған белгілі аға ақынымыз Есенғали Бөкенбаев, өлеңдері республика, облыс мерзімді басылымдарда жиі көрініп жүрген, бірнеше жыр жинақтарына өлеңдері кірген ақын, қала Тіл басқармасының төрағасы Темір Мыңжасов, ақындыққа мықты таласы бар, тіліміз бен дәстүріміздің арынды жанашыры Рейімбайұлы Қаржаубай және айтыскер ақын жазып шығаруда да тым-тәуір көрініп жүрген Жексен Қоңқашев өз өлеңдерін оқып, жиналғандарды бір серпілтіп тастады. Ардагер ақын Е.Бөкенбаевтың "Ұранымыз — Ер Бекет", "Кеше және бүгін", "Замандастар есіне", "Жеке ой иірімдері", т.б. оқылған өлеңдерінен халқымыздың көзі мен көңіліндегі рухани өзгерістерді сезінгендей болдық. "...Мәскеуді"теспей қанды сорғандығын, Дүйім елдің азайып солғандығын.... " немесе Құдіретті құдай барын білмедік, Атеист боп, құдайды да тілдедік. Пайғамбардан артық көріп Марксті, Мұхамбеттің қасиетін күндедік , - деп ағылады Есенғали ақын. Ол "Ұранымыз — Ер Бекет" өлеңінде : "Жеті жұрт кетсе дағы тұрақтамай, Маңғыстау - құтты қоныс, тұрағымыз. Егеменді ел болып Қазақстан, Серпіліп келе жатыр тұманымыз",- деп бүгінгі шындықты үлкен үмітпен жырлайды. Темір Мыңжасовтың бұл күнгі оқылған "Бойтұмар немесе ананы еске алу", "Бір замандасқа", "Жаңаөзенге", т.б. өлеңдерінде осындай аласапыран заманда тілімізді қорғау, ата - ана қадірін ойлау, ел тарихы тақырыптарымен бірге, туған қаласының тағдыры үшін толғану да көрініс тапқан. "Табанында дариясы мұнайдың, Көкірегінде асқақ рух, қырау мұң. Көзі қырын түсті ме әлде құдайдың, Сәнің қайда, әнің қайда, шырайлым! Қабырғасын сөккендейін тамұқтың, Көзі болып, түнгі тілген жарықтың. Күллі әлемге өзіңді-өзің таныттың, Сені ұқса, өз ұқпасын, ер ұқсын ... " Ақын бір кезде қаламыздағы әміршілдік, күні өткен саясаттың қыл бұрауын сырт-сырт үзген Жаңаөзендіктердің бүгінгі күйкі тірлігіне күйзелгендей. Қаржаубай Рейімбайұлының өлеңдері ерлігі мен үгітшілігінен танар емес. Осында оқылған "Ару деп айт әйелді", "Шежіре туралы" ,"Сеніммен таны панаңды", т.б. өлеңдерінде ол рухани жаңаруымыздың туын берік ұстанған. Ол өлең жолдарына кешеге шейін мансұқ етілген мұсылманшылығымыздың адам тәрбиесіне ауадай қажеттігін тағы да еске салады. Ол өзінің Ескерткіш туралы өлеңінде: 45 жылдық жеңісті, Ізетпен бүгін ойға алам. Өшпесін, ерлік жалғассын, Ант берейік, кел балам! ...Тәжім етіп, келіп тур, Отбасын-Отан ананы. Дос, туысты. Даланы, Ауыл, кентті, қаланы Қорғауға сертін беріп , - деп, жас ұрпақты от кешкен аға ұрпақ еңбегіне бас июге, өздерін де жас Республикасын қорғауға дайын тұруға жетелейді. Қоңқашев Жексен өлеңдерін адамгершілік тақырыбына құрған екен. Ол өлең оқуды өзінің емес, ақын Гүлжауһар Сейтжанованың "Ана, нәресте және хрусталь" өлеңін оқудан бастады. Шынында да шығарма қызылды-жасылды дүниенің соңына түскен ана пенденің байлық жию жолында туған перзентін мүгедек еткен дүниеқоңыздығын паш етеді екен. Өз өлеңдеріндегі досқа деген ашық құшақ, керісінше дос сатқындығы, табиғатты тамашалау сезім шынайылығымен жиналғандарды тәнті етті. Мүшәйра кезінде орындалған Өскенбаев Әзербайдың "Қазақстан", Ашықов Нұржанның Түркеш күйлері, термеші Айбергенов Базарбайдың "ой түйіндері" /Е.Бөкенбаев/, әнші Оңғарова Бақтыгүлдің "Құс жолы", Бүркітова Жаннаның "Ағаларым" әндері өлең сүйер қауым көңілінен шықты. Ал Қиялбаева Раяның нақышына келтіре жатқа орындаған Ғафу Қайырбековтың "Бекет ата туралы аңыз" өлеңі жиналғандарды сан толқуға жетеледі. Соңында Мүшәйраға қатысушыларды Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамы Жаңаөзен қалалық ұйымы атынан осы жолдардың иесі, осы шараны ұйымдастырушы мәдениет бөлімінің қызметкері Ақмолдина Хантөре құттықтап, ақындарға көркем әдеби кітаптар табыс етті. Мәдени қызметкерлер бастап, Тіл басқармасы қолдаған бұндай "сөз патшасының" мерекелерінің әлі де жалғасын таба беруін тіледік. 16.05.1994 ж.   

Жақында қалалық мәдениет бөлімі "Мұнайшы" мәдениет сарайында Сүгір Бегендікұлының 100 жылдығына арнаған қала ақындарының мүшәйрасын өткізді. Оған белгілі аға ақынымыз Есенғали Бөкенбаев, өлеңдері республика, облыс мерзімді басылымдарда жиі көрініп жүрген, бірнеше жыр жинақтарына өлеңдері кірген ақын, қала Тіл басқармасының төрағасы Темір Мыңжасов, ақындыққа мықты таласы бар, тіліміз бен дәстүріміздің арынды жанашыры Рейімбайұлы Қаржаубай және айтыскер ақын жазып шығаруда да тым-тәуір көрініп жүрген Жексен Қоңқашев өз өлеңдерін оқып, жиналғандарды бір серпілтіп тастады.

Ардагер ақын Е.Бөкенбаевтың "Ұранымыз — Ер Бекет", "Кеше және бүгін", "Замандастар есіне", "Жеке ой иірімдері", т.б. оқылған өлеңдерінен халқымыздың көзі мен көңіліндегі рухани өзгерістерді сезінгендей болдық.

"...Мәскеуді"теспей қанды сорғандығын,

Дүйім елдің азайып солғандығын.... "

немесе

Құдіретті құдай барын білмедік,

Атеист боп, құдайды да тілдедік.

Пайғамбардан артық көріп Марксті,

Мұхамбеттің қасиетін күндедік , - деп ағылады

Есенғали ақын.

Ол "Ұранымыз — Ер Бекет" өлеңінде :

"Жеті жұрт кетсе дағы тұрақтамай,

Маңғыстау - құтты қоныс, тұрағымыз.

Егеменді ел болып Қазақстан,

Серпіліп келе жатыр тұманымыз",- деп

бүгінгі шындықты үлкен үмітпен жырлайды.

Темір Мыңжасовтың бұл күнгі оқылған "Бойтұмар немесе ананы еске алу", "Бір замандасқа", "Жаңаөзенге", т.б. өлеңдерінде осындай аласапыран заманда тілімізді қорғау, ата - ана қадірін ойлау, ел тарихы тақырыптарымен бірге, туған қаласының тағдыры үшін толғану да көрініс тапқан.

"Табанында дариясы мұнайдың,

Көкірегінде асқақ рух, қырау мұң.

Көзі қырын түсті ме әлде құдайдың,

Сәнің қайда, әнің қайда, шырайлым!

Қабырғасын сөккендейін тамұқтың,

Көзі болып, түнгі тілген жарықтың.

Күллі әлемге өзіңді-өзің таныттың,

Сені ұқса, өз ұқпасын, ер ұқсын ... "

Ақын бір кезде қаламыздағы әміршілдік, күні өткен саясаттың қыл бұрауын сырт-сырт үзген Жаңаөзендіктердің бүгінгі күйкі тірлігіне күйзелгендей.

Қаржаубай Рейімбайұлының өлеңдері ерлігі мен үгітшілігінен танар емес. Осында оқылған "Ару деп айт әйелді", "Шежіре туралы" ,"Сеніммен таны панаңды", т.б. өлеңдерінде ол рухани жаңаруымыздың туын берік ұстанған. Ол өлең жолдарына кешеге шейін мансұқ етілген мұсылманшылығымыздың адам тәрбиесіне ауадай қажеттігін тағы да еске салады. Ол өзінің Ескерткіш туралы өлеңінде:

45 жылдық жеңісті,

Ізетпен бүгін ойға алам.

Өшпесін, ерлік жалғассын,

Ант берейік, кел балам!

...Тәжім етіп, келіп тур,

Отбасын-Отан ананы.

Дос, туысты. Даланы,

Ауыл, кентті, қаланы

Қорғауға сертін беріп , - деп,

жас ұрпақты от кешкен аға ұрпақ еңбегіне бас июге, өздерін де жас Республикасын қорғауға дайын тұруға жетелейді.

Қоңқашев Жексен өлеңдерін адамгершілік тақырыбына құрған екен. Ол өлең оқуды өзінің емес, ақын Гүлжауһар Сейтжанованың "Ана, нәресте және хрусталь" өлеңін оқудан бастады. Шынында да шығарма қызылды-жасылды дүниенің соңына түскен ана пенденің байлық жию жолында туған перзентін мүгедек еткен дүниеқоңыздығын паш етеді екен. Өз өлеңдеріндегі досқа деген ашық құшақ, керісінше дос сатқындығы, табиғатты тамашалау сезім шынайылығымен жиналғандарды тәнті етті.

Мүшәйра кезінде орындалған Өскенбаев Әзербайдың "Қазақстан", Ашықов Нұржанның Түркеш күйлері, термеші Айбергенов Базарбайдың "ой түйіндері" /Е.Бөкенбаев/, әнші Оңғарова Бақтыгүлдің "Құс жолы", Бүркітова Жаннаның "Ағаларым" әндері өлең сүйер қауым көңілінен шықты.

Ал Қиялбаева Раяның нақышына келтіре жатқа орындаған Ғафу Қайырбековтың "Бекет ата туралы аңыз" өлеңі жиналғандарды сан толқуға жетеледі.

Соңында Мүшәйраға қатысушыларды Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамы Жаңаөзен қалалық ұйымы атынан осы жолдардың иесі, осы шараны ұйымдастырушы мәдениет бөлімінің қызметкері Ақмолдина Хантөре құттықтап, ақындарға көркем әдеби кітаптар табыс етті.

Мәдени қызметкерлер бастап, Тіл басқармасы қолдаған бұндай "сөз патшасының" мерекелерінің әлі де жалғасын таба беруін тіледік.

16.05.1994 ж. 

 

Бөлісу: