Жан және Рух

8 Желтоқсан 2012, 06:22

  Жан жоқ деушілердің сөзі жоғарыда айтылып еді. Сөйтсе де біраз ұғымдырақ қылып айтарлық сөзі мынау: дененің арасы — сезімнің орта тұрағы, центрі мида, ол тоқтаса, бәрі де тоқтайды. Сол мидағы орта тұрақпен мұқым денелер арасындағы сезетін, қимылдататын тамыр - сіңірлерге тұтастыратын бір жалғастың (проволкі) бар. Сондықтан жан деген бөлек нәрсе жоқ. Егер жан болса, ми жан болар еді. Оның жан емес екендігін көріп-біліп тұрмыз. Дене әрқашан өзгеріп тұратын болғандықтан, жылдар, уақыттар өту себепті біржола өзге дене болып ауысады. Адамның әр түрлі сезімі, әр істі істеуі — сол мидың өзіне ғана біткен сезу, ескерулер. Ол денеше әрқашан өзгеріп тұрмайды. Адам өлген соң дененің құраулары шашылып - бытырап, басқа бір өсімдік, хайуандарға кіріп араласады. Сөйтіп, әркім өзіне арнаулы жаны болмай, біреуден біреуге көшіп жүретін болған соң, не дене, не жан қайта тірілу жоқ. Адамның сезімім, өмірім деп жүргені сол миға біткен сезу, әсерленудің жаңаруы, әрбір жаңаны сезуі ғана. Өзге бөлек еш нәрсе емес. Ол өзгеріп тұрған дене бұрынғы дененің өзі емес, құры ұқсаған болады. Сондықтан адам оны өзім деп біледі дейді. Енді жан туралы ой жүргізген білімділердің сөзін айталық. Герман Шефлер деген білімді айтады: жан атом қуатынан құралған бір қуат дейді. Уиршо: тіршілік механика дене машиналарының 10 түрінен бір түр дейді. Доиуареман: әр тамырда электрия бар; ой денедегі атомдардың қозғалысының әсері дейді. Стуармель: адамның тіршілігі бізге сондай киын бір сырлармен байқалады. Дүние тіршілігі жаратылыстың өзге көп қиын сырларына қарағанда түпсіз, өлшеусіз; бостықтағы кішкентай арал сияқты дейді. Ж. Дольн: жан — атом, дене емес, жаннан шыққан әсерлерде дене қасиеті, жөні, ой, оймен суреттеу, ойға түсіру сияқты жан қасиеттерінің түбі де жоқ және жан қасиеттері заман, уақыт санатына кірмейді. Бұл — ақылдың өзінен шығатын қасиеттерді дене жаралысының еш сипатымен сипаттауға, өлшеп ұйқастыруға келмейді. Бұлайша болып жан жаралысынан денеден шыққан соң, денедегісінің қуатты болып, тіпті, жоғалмайтындығы білінеді. Шын анықтап қарағанда, жан дене сияқты емес. Дене өледі, өзгереді. Жан олай емес, екеуі бірігіп тұрған кезде бірі - біріне қатты әсер береді. Ашу, жек көру, сүю сияқтыларда әсері бетке шығады. Жан қатты әсерленсе, денені қиыншылыққа түсіреді. Кейде қапиядағы қатты қуаныш, қорқыныш, қайғы адамды өлтіріп те жібереді. Жан мен дене біріне-бірі жат, бөлек жаралған болса да, бірігіп тұрғанда үстіп біріне-бірі әсер береді. Докторлардың айтуынша, бір нәрсені ойлап сүрендеген ой денеге эсер береді дейді (Дольн, Декарт). Жан мен дене бір-біріне, тіпті, басқа түрмен болса да, жаратушы ол екеуін бірі – біріне әсер беретін қозғалыстан болғызған жанға денесімен әсер беріп, денені жан әсерімен қозғалыс қылғызған дейді Олер. Жан мен дененің бір-бірімен эсер беруі қайтарыс жолымен дейді, мәселен, тасқа соққан дауыс қайта естілген сияқты (Коддрс). Жан мен дене арасында орта себеп болатын бір нәрсе бар, екеуінің де қасиетіне ортақ болатындықтан екеуін қосып жарастырып тұрған сол дейді (Ж. Дольн). Бұл туралы былай айтады: жан бөлінуді қабыл алмайды. Және денемен біржола бірігіп те қалмайды. Ол екі араға тағы бір нәрсе қосып, оның міндетін анықтауға ақылымыз жетпейді. Бірақ ондай нәрсе бар болса, өлшеу, сипаттауға келмейтін бір мысал, яки қиял, сәуле сияқты болып, сол тамыр – сіңірлер арқылы әсер беретін шығар дейді (Ж. Дольн). Ж. Дольн және айтады: бұл ортақ дене дегенді айтатын себептері Францияның военный академиясының (соғыс мектебінің) үстінен қарайтын Доруцатстың магнетизм жолымен бір адамды ұйықтатып, соның денесі өлімге ұқсар бір халге түскенде, жаны бұрынғы денеден шығып, сол адам қасында бір түрде болып отырғанын көргендіктен анықтап білдік дейді. Сондықтан, жанның түпкі негізі білінбегенмен, сол сәуле сияқты дене өлген соң да, сол жанның өз алдына біреу болып жүруіне жәрдемші екенін білдік дейді. Және бір дәлелдері: 19 жүз жылдар (XIX ғасыр) ішінде болған Франция адамы Аланкардың айтуы солай дейді. Бұл жан шақырып алатын спирит еді. Оның айтуынша, жандар өз дүниелерінде біз сияқты барлар, әрқайсымыз тірі күнімізде адам атанып, өлген соң жан боламыз. Бұл дене — ортақ дене, екеуі де жансыз еш нәрсе бөлінбейді. Ортақ дене тірі күнде денеде болса, өлгенде жанмен бірігіп кетіп, біржола бар болады дейді. Жаратылыс жолы физика жолымен табылмайтын, сыры білінбеген (метафизика) нәрселер туралы Еуропа білімділерінің сөздері мынау: атақты философ Жостшбатия шын білгіш білімдар жаралыс ғылымының әр тарауында білімінің, тіпті, аз ғана екенін, білінбеген, сыры шешілмегендерге қарағанда, білгендері ноль есебінде жоққа есеп боп қалатынын еріксіз мойындайды деген. Био деген білімді айтқан: барлық жаралыстың миларын ойласам, ұғындыруға шамам келмей таңғаламын. Кейбір жазушылар бізді қанағаттандырмақ боп, терең ойларды білгізбек боп көп кемшілікті, дәлелдерді жазады. Менің ойымша, олардың атаған себептері, мейлі қойған атаулары ұғымсыз жаратылыс жұмбағына қарағанда, бос сөз болып қалатынын шын батылдықпен айтамын дейді. Герберт Спенсер күн сайын білінуі қиындаған сырлар туралы қанша дау айтысып, ой жүргізсең, соншалық анық (форма) нұсқада адамнан үстін бір нәрсені барлыққа келтіруші, бұрыннан бар, тіпті, жоғалмайтын бір қуаттың барлығы аңғарылады дейді. Проф. Фонтель «Білім айналасында» деген кітабында айтады: жаралыс физика бізге ең керектігі біздің тоймаған ақылымызды тойғызатындай емес, ең зор керегі барлықтың бәрін жаратушы иені тануға қарай жетелеуінде һәм соның құдіретінің өлшеусіз зорлығымен біздің ақыл сезімімізді таң қалдыруда деген. Руссо деген атақты ақын айтқан: басында адам тәңірінің барлығына нанбаса да, толықтыққа жетеді деп ойлаушы едім. Аяғында онымның бекер ой екендігін білдім. Тәңірінің барлығына ақылымен әбден нанбай тұрып, адам толықтыққа жете алмайды деген. Зор философ Биренжие: дін мәселесі шешілу үміті таялды деген. Жан Жак Руссо, Ламетри, Лемке, Мишель, Кеттле сияқты неше жүз білімділер адамның ішкі ындынын тексеріп, дүниені жаңа бір дін қаптаса керек деген. Жоғарыда аталған Фонтель айтқан: адамдар жаратылыстың негізгі сырын білуге соншалық нашар. Білмегеніне қарағанда, білгені жоққа есеп. Сөйтіп тұрып себебін, мәнісін таба алмай, нәрсені біржола жоқ деп таласады. Мұның себебі: дене сезіміне ғана нанып, басқаға нанбай, терең ойламағандықтан. Жалғыз дене сезіміне ғана нанып тұрса, көп шатақ ойлар, даулар болмас еді деп, жаралыс жолымен қуып, сыры табылмайтын (метафизика) істі ойлауға бөгет болуды да ойласқан. Мәселен, 1797 жылы туып, 1857 жылы өлген Огюст Конт позитивизм (шын анық) деген бір жол шығарды. Оның қорытындысы мынау: көзіміз керіп, өзге сезімімізбен әбден анықталмаған һәм жаралыс жолы физика ғылымымен тексеріліп, шындығына көзіміз жетпеген нәрсеге әуре болмайың деген. Бірақ адамда жаралыс жолынан жоғары бір қуат барлығын сезетіндік бар болғандықтан, күн сайын бұрын сыры білінбеген нәрсе табылып, бұрын тіпті мүмкін емес дегендеріміз әншейін дағдылы нәрсе болып, оны күнде пайдаланып отырғандықтан, ол Конттың сөзіндей сөздер адамды жаралыс жолынан жоғары қуатты ойланудан тоқтата алмайды. Осы кезде Еуропада әлде жүз ғалымдар магнетизм, спиритизм, телепатия сияқты ғылымдарды құрал қылып, күні-түні жан мәселесін тексеруде. Сыры жасырын нәрселер мен жан туралы, тіпті, қымбатты кітап жазған Камиль Фламмарион айтқандайын, біз жалғыз ғана дене сезіміне тоқтап қалсақ қатты алданамыз. Иондың-гректің Пифагор деген білімдісі былай дейді: тіпті, кішкентай Жердің айналасында өзге зор планеталар айналғаннан гөрі Жер һәм өзге планеталар Күннің айналасында айналғаны ақылға сыйымды. Аспанның механика заңын да жөн дегенде, сол заманның зор ойшылдары Платон, Архимед, аспан ғылымына жүйрік Птоломей, Гиппарх күлкі қылмас еді. Сократ жаратушы не бар деймін деп не көрмеді. Галилей өзге планеталар жерден үлкен дегені үшін не көргенін білесіздер. Ауаның (воздух) кислород - азот деген екі газдардан қосылғанын тапқан Лавузьеге онысын теріс көріп, химия ғылымына жүйрік, академия мүшесі Боуме протес қылғанына көп уақыт өткен де жоқ. Архимед Ғайсадан 287 жыл бұрын ашып, жол салған Юнанда (гректе) осы күнде сыры табылған физика жаралыс жолынан жоғары қуаттың барлығы мәлім. Сондай жаңа сыры ашылған нәрсенің бәрі басында күлкі болып, аяғында шын болған дейді Фонтель.

 

Жан жоқ деушілердің сөзі жоғарыда айтылып еді. Сөйтсе де біраз ұғымдырақ қылып айтарлық сөзі мынау: дененің арасы — сезімнің орта тұрағы, центрі мида, ол тоқтаса, бәрі де тоқтайды. Сол мидағы орта тұрақпен мұқым денелер арасындағы сезетін, қимылдататын тамыр - сіңірлерге тұтастыратын бір жалғастың (проволкі) бар. Сондықтан жан деген бөлек нәрсе жоқ. Егер жан болса, ми жан болар еді. Оның жан емес екендігін көріп-біліп тұрмыз.

Дене әрқашан өзгеріп тұратын болғандықтан, жылдар, уақыттар өту себепті біржола өзге дене болып ауысады. Адамның әр түрлі сезімі, әр істі істеуі — сол мидың өзіне ғана біткен сезу, ескерулер. Ол денеше әрқашан өзгеріп тұрмайды. Адам өлген соң дененің құраулары шашылып - бытырап, басқа бір өсімдік, хайуандарға кіріп араласады. Сөйтіп, әркім өзіне арнаулы жаны болмай, біреуден біреуге көшіп жүретін болған соң, не дене, не жан қайта тірілу жоқ. Адамның сезімім, өмірім деп жүргені сол миға біткен сезу, әсерленудің жаңаруы, әрбір жаңаны сезуі ғана. Өзге бөлек еш нәрсе емес. Ол өзгеріп тұрған дене бұрынғы дененің өзі емес, құры ұқсаған болады. Сондықтан адам оны өзім деп біледі дейді.

Енді жан туралы ой жүргізген білімділердің сөзін айталық. Герман Шефлер деген білімді айтады: жан атом қуатынан құралған бір қуат дейді. Уиршо: тіршілік механика дене машиналарының 10 түрінен бір түр дейді. Доиуареман: әр тамырда электрия бар; ой денедегі атомдардың қозғалысының әсері дейді. Стуармель: адамның тіршілігі бізге сондай киын бір сырлармен байқалады. Дүние тіршілігі жаратылыстың өзге көп қиын сырларына қарағанда түпсіз, өлшеусіз; бостықтағы кішкентай арал сияқты дейді. Ж. Дольн: жан — атом, дене емес, жаннан шыққан әсерлерде дене қасиеті, жөні, ой, оймен суреттеу, ойға түсіру сияқты жан қасиеттерінің түбі де жоқ және жан қасиеттері заман, уақыт санатына кірмейді. Бұл — ақылдың өзінен шығатын қасиеттерді дене жаралысының еш сипатымен сипаттауға, өлшеп ұйқастыруға келмейді.

Бұлайша болып жан жаралысынан денеден шыққан соң, денедегісінің қуатты болып, тіпті, жоғалмайтындығы білінеді. Шын анықтап қарағанда, жан дене сияқты емес. Дене өледі, өзгереді. Жан олай емес, екеуі бірігіп тұрған кезде бірі - біріне қатты әсер береді. Ашу, жек көру, сүю сияқтыларда әсері бетке шығады. Жан қатты әсерленсе, денені қиыншылыққа түсіреді. Кейде қапиядағы қатты қуаныш, қорқыныш, қайғы адамды өлтіріп те жібереді. Жан мен дене біріне-бірі жат, бөлек жаралған болса да, бірігіп тұрғанда үстіп біріне-бірі әсер береді. Докторлардың айтуынша, бір нәрсені ойлап сүрендеген ой денеге эсер береді дейді (Дольн, Декарт). Жан мен дене бір-біріне, тіпті, басқа түрмен болса да, жаратушы ол екеуін бірі – біріне әсер беретін қозғалыстан болғызған жанға денесімен әсер беріп, денені жан әсерімен қозғалыс қылғызған дейді Олер.

Жан мен дененің бір-бірімен эсер беруі қайтарыс жолымен дейді, мәселен, тасқа соққан дауыс қайта естілген сияқты (Коддрс). Жан мен дене арасында орта себеп болатын бір нәрсе бар, екеуінің де қасиетіне ортақ болатындықтан екеуін қосып жарастырып тұрған сол дейді (Ж. Дольн). Бұл туралы былай айтады: жан бөлінуді қабыл алмайды. Және денемен біржола бірігіп те қалмайды. Ол екі араға тағы бір нәрсе қосып, оның міндетін анықтауға ақылымыз жетпейді. Бірақ ондай нәрсе бар болса, өлшеу, сипаттауға келмейтін бір мысал, яки қиял, сәуле сияқты болып, сол тамыр – сіңірлер арқылы әсер беретін шығар дейді (Ж. Дольн).

Ж. Дольн және айтады: бұл ортақ дене дегенді айтатын себептері Францияның военный академиясының (соғыс мектебінің) үстінен қарайтын Доруцатстың магнетизм жолымен бір адамды ұйықтатып, соның денесі өлімге ұқсар бір халге түскенде, жаны бұрынғы денеден шығып, сол адам қасында бір түрде болып отырғанын көргендіктен анықтап білдік дейді. Сондықтан, жанның түпкі негізі білінбегенмен, сол сәуле сияқты дене өлген соң да, сол жанның өз алдына біреу болып жүруіне жәрдемші екенін білдік дейді.

Және бір дәлелдері: 19 жүз жылдар (XIX ғасыр) ішінде болған Франция адамы Аланкардың айтуы солай дейді. Бұл жан шақырып алатын спирит еді. Оның айтуынша, жандар өз дүниелерінде біз сияқты барлар, әрқайсымыз тірі күнімізде адам атанып, өлген соң жан боламыз. Бұл дене — ортақ дене, екеуі де жансыз еш нәрсе бөлінбейді. Ортақ дене тірі күнде денеде болса, өлгенде жанмен бірігіп кетіп, біржола бар болады дейді.

Жаратылыс жолы физика жолымен табылмайтын, сыры білінбеген (метафизика) нәрселер туралы Еуропа білімділерінің сөздері мынау: атақты философ Жостшбатия шын білгіш білімдар жаралыс ғылымының әр тарауында білімінің, тіпті, аз ғана екенін, білінбеген, сыры шешілмегендерге қарағанда, білгендері ноль есебінде жоққа есеп боп қалатынын еріксіз мойындайды деген. Био деген білімді айтқан: барлық жаралыстың миларын ойласам, ұғындыруға шамам келмей таңғаламын. Кейбір жазушылар бізді қанағаттандырмақ боп, терең ойларды білгізбек боп көп кемшілікті, дәлелдерді жазады. Менің ойымша, олардың атаған себептері, мейлі қойған атаулары ұғымсыз жаратылыс жұмбағына қарағанда, бос сөз болып қалатынын шын батылдықпен айтамын дейді.

Герберт Спенсер күн сайын білінуі қиындаған сырлар туралы қанша дау айтысып, ой жүргізсең, соншалық анық (форма) нұсқада адамнан үстін бір нәрсені барлыққа келтіруші, бұрыннан бар, тіпті, жоғалмайтын бір қуаттың барлығы аңғарылады дейді. Проф. Фонтель «Білім айналасында» деген кітабында айтады: жаралыс физика бізге ең керектігі біздің тоймаған ақылымызды тойғызатындай емес, ең зор керегі барлықтың бәрін жаратушы иені тануға қарай жетелеуінде һәм соның құдіретінің өлшеусіз зорлығымен біздің ақыл сезімімізді таң қалдыруда деген. Руссо деген атақты ақын айтқан: басында адам тәңірінің барлығына нанбаса да, толықтыққа жетеді деп ойлаушы едім. Аяғында онымның бекер ой екендігін білдім. Тәңірінің барлығына ақылымен әбден нанбай тұрып, адам толықтыққа жете алмайды деген. Зор философ Биренжие: дін мәселесі шешілу үміті таялды деген. Жан Жак Руссо, Ламетри, Лемке, Мишель, Кеттле сияқты неше жүз білімділер адамның ішкі ындынын тексеріп, дүниені жаңа бір дін қаптаса керек деген.

Жоғарыда аталған Фонтель айтқан: адамдар жаратылыстың негізгі сырын білуге соншалық нашар. Білмегеніне қарағанда, білгені жоққа есеп. Сөйтіп тұрып себебін, мәнісін таба алмай, нәрсені біржола жоқ деп таласады. Мұның себебі: дене сезіміне ғана нанып, басқаға нанбай, терең ойламағандықтан. Жалғыз дене сезіміне ғана нанып тұрса, көп шатақ ойлар, даулар болмас еді деп, жаралыс жолымен қуып, сыры табылмайтын (метафизика) істі ойлауға бөгет болуды да ойласқан. Мәселен, 1797 жылы туып, 1857 жылы өлген Огюст Конт позитивизм (шын анық) деген бір жол шығарды. Оның қорытындысы мынау: көзіміз керіп, өзге сезімімізбен әбден анықталмаған һәм жаралыс жолы физика ғылымымен тексеріліп, шындығына көзіміз жетпеген нәрсеге әуре болмайың деген. Бірақ адамда жаралыс жолынан жоғары бір қуат барлығын сезетіндік бар болғандықтан, күн сайын бұрын сыры білінбеген нәрсе табылып, бұрын тіпті мүмкін емес дегендеріміз әншейін дағдылы нәрсе болып, оны күнде пайдаланып отырғандықтан, ол Конттың сөзіндей сөздер адамды жаралыс жолынан жоғары қуатты ойланудан тоқтата алмайды. Осы кезде Еуропада әлде жүз ғалымдар магнетизм, спиритизм, телепатия сияқты ғылымдарды құрал қылып, күні-түні жан мәселесін тексеруде.

Сыры жасырын нәрселер мен жан туралы, тіпті, қымбатты кітап жазған Камиль Фламмарион айтқандайын, біз жалғыз ғана дене сезіміне тоқтап қалсақ қатты алданамыз. Иондың-гректің Пифагор деген білімдісі былай дейді: тіпті, кішкентай Жердің айналасында өзге зор планеталар айналғаннан гөрі Жер һәм өзге планеталар Күннің айналасында айналғаны ақылға сыйымды. Аспанның механика заңын да жөн дегенде, сол заманның зор ойшылдары Платон, Архимед, аспан ғылымына жүйрік Птоломей, Гиппарх күлкі қылмас еді. Сократ жаратушы не бар деймін деп не көрмеді. Галилей өзге планеталар жерден үлкен дегені үшін не көргенін білесіздер. Ауаның (воздух) кислород - азот деген екі газдардан қосылғанын тапқан Лавузьеге онысын теріс көріп, химия ғылымына жүйрік, академия мүшесі Боуме протес қылғанына көп уақыт өткен де жоқ.

Архимед Ғайсадан 287 жыл бұрын ашып, жол салған Юнанда (гректе) осы күнде сыры табылған физика жаралыс жолынан жоғары қуаттың барлығы мәлім. Сондай жаңа сыры ашылған нәрсенің бәрі басында күлкі болып, аяғында шын болған дейді Фонтель.

Бөлісу: