Пленумнан кейінгі ойлар

8 Желтоқсан 2012, 06:21

  Пленумнан кейінгі ойлар   I   Советтер Одағының Коммунист партиясы мен Совет өкіметінің елімізде коммунизм құру жолындағы жарқын программалы күрделі істер мен негізгі міндеттерінің ішінде еңбекші бұқараның сана-сезімін өсіру ретінде олардың рухани мәдениетін көтеру мәселесі де негізгі жұмысымыздың бірінен саналады. Осы тұрғыдан қарағанда, совет әдебиетінің атқаратын борышты міндеттері де аз емес.   Совет қоғамының алға қарай дамып, өркендей түсуі үшін Совет Одағы коммунистік партиясының XX съезі еліміздің алдына айдай айқын жол сызды. Сонымен қабат, партиямыздың бұл XX съезі әдебиетімізді партиялық принципте дамытуға, жазушылар мен искусство қызметкерлерін бисаясаттыққа қарсы, идеясыздыққа қарсы күресуге шақырды. Әдебиетімізді социалистік реализм жолымен өрлетуге өмір шындығын шынайы дұрыс тұрғыдан көрсетіп, қарапайым совет адамының отанға деген адал жүрегімен тегеурінді еңбек жеңісін жарқын суреттеу үшін жазушыларға аталық, қамқоршылық ақылын айтты. Елімізде Совет Одағы орнаған жылдардан бастап партиямыздың бірден-бір дұрыс жолға бастаған қамқорлығы арқасында совет әдебиеті өзінің даму жолында буржуазиялық, ұлтшылдық идеяларға қарсы күреспен ер жетіп, өсіп, жеңістерден жеңістерге жетті. Сонымен, біздің әдебиетіміз – көп ұлттық совет әдебиеті, партиялық идеядағы мазмұны терең, көркемдігі шебер социалистік реализм әдісімен өскен халқымыздың сүйіп оқитын рухани азығына айналып, ер жеткендігін көрсетті. Осының арқасында біздің көп ұлтты совет әдебиеті жер жүзі әдебиетінің ең маңдай алды бастаушы сапы болып орын алды.   Үстіміздегі жылдың май айының ішінде Москвада бүкіл одақтық совет жазушыларының III пленумы болып өтті. Бұл пленум – әдебиетіміздегі жетістіктеріміз бен кемшіліктерімізді ақтара қарап төңкере тексеріп көру үшін, талдап та, талғап та байқап кемшілікті жойып, келешек дамуымызға тағы да алға қарай дұрыс бағыт мезгеу үшін маңызды да пайдалы әсерін тигізді. III пленум әдебиетіміздегі кейбір бас көтере бастаған бейсаясат идеядағы зиянды пікірлерге қатты соққы беріп, әдебиетте шалыс басқан кейбір кінәлілердің қатесін әшкерелеп, әдебиетімізді лениндік принциптегі мызғымас таза идеяда кіршіксіз дамыта беруге қуатты қозғау салды. Пленумнің ашылар алдында да, пленум жабылғанның соңында да жазушыларды Совет Одағы коммунистік партиясының Орталық Комитеті басшылары қабылдап, жазушылармен жылы раймен әңгімелесіп, партия басшыларының жазушыларға көп мәселелер жайында партиялық қамқорлық ақылын айтып, жол-жоба көрсеткені әдебиет уәкілдеріне үлкен рухани күш берді. Сонымен қабат әдебиеттегі келелі, сүбелі – проблемалық мәселелер жайында пленумда Москва, Ленинград, Украина тағы да көптеген ұлт республикаларынан келген жазушылардың сөйлеген сөздері және батыс елдердегі буржуазиялық идеядағы жазушылардың біздің социалистік мәдениетімізге қарсы зиянды өтірік үгіт-насихатына қарсы пленумында тойтарыс бере сөйлеген жазушылардың жалынды, дәлелді пікірлері – пленум мәжілістерінің маңызын көтере түсті.   Бүкілодақтық совет жазушыларының III пленумында «Совет Одағы коммунистік партиясының XX съезінен кейінгі совет әдебиетінің дамуындағы кейбір мәселелер жайында» деген тақырыпқа Жазушылар одағының секретариаты дайындаған баяндаманы Алексей Сурков жолдас жасады.   Сурков жолдас баяндамасында совет әдебиетінің маңызы туралы, жазушылардың алдында тұрған міндеттер жөнінде, олардың халық мүддесіне сай, социалистік өміріміздің шындығын дұрыс суреттеулері керек екендігін сөз қылды. Сонымен қатар, баяндамашы, біздің әдебиетіміздің бүкіл даму жолдарына үнемі басшылық көрсетіп, қаулы-қарарларында дұрыс жол нұсқап, жазушылар кадрын қамқорлыққа бөлеп отырған коммунист партиясының жетекші рөлін айта келіп, партия мен өкіметтің, халықтық жазушыларға қойып отырған талаптарына тоқталды. Баяндамада жеке адам басына табынушылықтың, бұл табынушылықтың жолдас Сталиннің атымен байланысты – ол кісіні жазушыларымыз шектен асыра мадақтап жазғандарының әдебиетімізге біраз зиян келтіргені, бірақ оның зияны әдебиетіміздегі бүкіл шығармаларға бірдей әсерін тигізді деуге болмайтындығы айтылды. Жеке адам басына табынушылықтың кесірінен конфликтісіз, сұрғылт шығармалардың да туып қалғаны ашып көрсетілді.   Баяндаманың келесі бөлімінде партияның XX съезінен кейінгі жылдардағы әдебиеттегі жетістіктер мен кемшіліктерге назар аударылды.   Әдебиетіміздегі жетістіктерімізбен қатар, кейбір жазушыларымыздың шығармаларындағы шалыс басқан кемшіліктері мен қателіктерге сындағы, сыңаржақтыққа, кейбір шығарманың жақсылық жадтарын көргісі келмей, ылғи көлеңке жақтарын көрсетуге тырысқан сыншыларды баяндамашы сынай сөйледі. Москва жазушылар ұйымының қателіктерін, Москвада тұратын кейбір жазушылардың әдебиетті партия басшылығынан тыс, өз алдына жадағай бағытпен жасаймыз деуші бейсаясат буржуазиялық идеяға түсуге бұйырған шірік пікірге, партиялық принципке қарсы пікірге тойтарыс соққы берілді.   XX партия съезінен кейінгі жасалған әдебиетіміздің өрлеу жолындағы жетістіктері есебінде социалистік демократияның даму күшін көрсететін, жұртшылықтың творчестволық белсенділігін көтере түсетін, конфликтіні әртүрлі шеберлікпен суреттеп беретін шығармалардың жасалғаны айтылды. Олар, мысалы, В. Тендряковтың, моральдық, эстетикалық ретте суреттейтін – А. Чаковскийдің, саяси-идея негізінде көрсететін – В. Овечкиннің, қоғамдық-өндіріс жүйесінде көрсететін – А. Бектің адамгершілік қасиеті қағидасында сипатталатын – П. Нилиннің шығармаларында айқын көрінгендігін – баяндамашы айқын аңғартты. Халықпен байланысты жақсы большевиктік типтегі басшы қызметкерлердің образдарын жасауда В. Овечкиннің Мартынов образын беруі, В. Тендряковтың Гмизин образын суреттеуін, А. Чаковскийдің Арефьев тұлғасын жасауын – совет әдебиетінің үлкен жетістігі, – деді баяндамашы.   Жолдас Сурков баяндамасында М. Шолоховтың «Адам тағдыры» деген жаңа әңгімесін – біздің әдебиетімізде өте зор маңызы бар шығарма деп атап айта келе, соңғы кездегі жазылған жақсы әңгімелердің қатарына новеллалар жазатын С. Антоновтың, Ю. Нагибиннің, И. Мележаның, А. Каххардың, жас жазушы И. Лавровтың жаңа әңгімелерін қосып өтті.   Соңғы жылдарда жазылған поэзияға тоқтала келе, Сурков – А. Твардовскийдің «Қиырдан әрі қиыр» поэмасының жаңа тарауларын, Я. Смеляковтың «Қатал махаббат» атты өлеңмен жазылған повесті, В. Луговскийдің жаңа өлеңдерін, Л. Мартыновтың, Н. Заболодкийдің, В. Казиннің, А. Прокофьевтің өлеңдерін, М. Светловтың «Жаңа бақытпен» деген драмалы поэмасын жақсы деп атады. А. Володиннің – «Фабрикалық қыз» пьесасын, кинодраматургиядан «Заречная көшесіндегі көктем» деген Ф. Миронердің сценарийін, т.б. тәуір деп кетті.   Проза жанрынан жазылған ірі шығармалардан, кесек романдардан – М. Стельмахтың «Адам даны – су емес» романын, роман, повестерден – В. Кучердің «Қош, теңізін», А. Копытленконың «Жер үлкен» деген еңбегін, жас прозашы Г. Тютюниктің «Кішкене бұлт күнді жаба алмайды» деген повесін т. б. бірсыпыра шығармаларды әдебиеттегі табыстардың қатарына досты.   Бұл пленумда баяндамашы да және баяндама бойынша шығып сөйлеген шешендер де әдебиеттің соңғы жылдардағы жетістіктерімен бірге кемшіліктеріне де, кейбір шығармаларында совет шындығын бұрмалап, теріс суреттеген В. Дудинцевтің, Д. Граниннің, ақын С. Кирсановтың, А. Ащиннің, Мовзонның, Школьниктің, Плоткиннің, М.Алигердің қателіктерін көрсетіп, оларды қатты сынап, өздерінің дұрыс пікірлерін айтты.   В. Дудинцев өзінің «Бір ғана астықпен емес» деген романында советтік қоғамның бейнесін бұрмалап, қисық көрсетіп, бейсаясаттыққа бой ұрған. Д. Гранин «Іздеушілер» атты романында біздің өмірді кемшілік жағынан көрсетіп, оның геройы дәрменсіз жалғыздыққа ұшырап торығады, екіжүзділік пен мансапқорлыққа түседі. С. Кирсановтың «Аптадағы жеті күн» деген поэмасында ел ішінде толып кеткен бюрократтар жүр деп олардың озбырлығын басып көрсетіп, қоғамдағы шындықты бұрмалап, теріс суреттеген, 1956 жылғы шыққан «Октябрь» журналының бір номерінде жарияланған Маргарита Алигердің – «Ең бастысы» деген өлеңінде совет адамының кейпін – жалпыға тән ортақ типін көрсетемін деп, ол адамды сұмырай қылып, біресе ер етіп, біресе сұмырай етін, біресе алып етіп, біресе сілімтік, оңбаған етіп сипаттайды.   Совет қоғамындағы адамдардың барлығын, олардың жиынтық образын бұлайша сүмірейтіп суреттеушілік – шындыққа жатпайтын, совет адамына жапқан жала болып шығады. Сондықтан, бұл өлеңінде М. Алигер қатты қателескен. Пленум бұл өлеңді осылай таныды. Мінеки, өздерінің кейбір соңғы кездегі жазған шығармаларында жоғарыда көрсеткендей қате жіберіп, ауа жайылып, аяғын шалыс басқан жазушыларды қатесін бетке соға дұрыс сынап пленумге қатысушы жазушылар оларға тойтарыс берді. Болып өткен III пленум барлық совет жазушыларын халық мүддесіне сай, өмір шындығын дұрыс суреттейтін, партиялық идеясы биік, шебер шығармалар беруге шақырды.   III   Бүкілодақтық совет жазушыларының III пленумы дер кезінде шақырылды. Және пленумнің қойған, талқылаған мәселелері де толғағы жетіп піскен кезінде болды. Өйткені, Совет Одағы коммунист партиясының XX съезі елімізге коммунизм құрудың айқын программасын сызып беріп, экономикамыз бен шаруашылық салаларына, мәдениетіміз бен көп ұлтты советтік әдебиетімізді бұрынғысының үстіне жедел шұғылдата дамытуға, бүкіл идеологиялық жұмысымызды алға бастыра беруге айқын жол ашты. Осының рухында XX съезден кейінгі кездегі әдебиетімізді шолып қарап, талдап, жетістігіміз бен кемшіліктерімізді көріп түзетіп отыру үшін, сонымен тағы да алға қарай құлшына жұмысқа жұмылу үшін совет жазушыларының болып өткен III пленумы өмір шындығынан туатын жақсы шығармалар жасау ретінде жазушыларымызға бірсыпыра жақсы ойлар салды.   Шынында да, XX съезден кейін бүкіл совет әдебиеті және оған қанаттас бүкіл туысқан ұлт республикаларының әдебиеті де едәуір жетістіктерге ие болды. Соның ішінде қазақ совет әдебиеті де бірқатар елеулі сатыға көтеріле түсті. Қазақ әдебиетінде бірсыпыра жаңа шығармалар туды. 1956 жылы Мұхтар Әуезов «Абай жолы» романының екінші кітабын берді. Зейнолла Қабдолов студенттер өмірінен жазылған «Өмір ұшқыны» атты повестін шығарды, Тахауи Ахтановтың «Қаһарлы жылдар» романы журналға жарияланды, кітап болуға дайын. Сәбит Мұқановтың «Тыңда туған толқындар» деген тың игеру тақырыбына арналған көлемді жаңа романы кітап боп шықты, Мұхтар Әуезовтің «Түркістан солай туды» деген очерк кітабы басылып шықты, осы сияқты тағы да бірсыпыра очерктер мен әңгімелер жазылды.   Соңғы жылдарда қазақ ақындары да жүрекке жылы тиерліктей толып жатқан өлеңдер мен ондаған поэмалар жасады. Бұл өлеңдер – тың жер тақырыбына, мал өсіру тақырыбына, егін жайында, халықтар достығы тақырыптарына, тағы да басқа жаңа тақырыптарға арналып жазылды. Қазақ ақындарының бұл соңғы жылдардағы жазылған өлеңдерінен бір қарапайым совет адамының еңбектегі бейнесін көреміз, ол қуанышы мен халықтың бейбіт өмірдегі күрделі ісін, алып қимылын, совет жастарының бір-біріне таза махаббатын оқимыз. Демек, қазақ ақындары бұдан көптеген жылдар бұрынғы ұзақ етіп жалпылама жазатын кездерден бүтіндей басқаша, жаңаша шебер жазып мәдениеті жақсы, мазмұны терең, көркемдігі шебер, уақиғаға байланысты, әрі ойы тұжырымды өлеңдерді туғызуға машықталғанын көреміз. Ондай өлеңдердің авторлары, мысалы, Ғали Орманов, Әбділда Тәжібаев, Сырбай Мәуленов, Диқан Әбілев, Хамит Ерғалиев, Жұмағали Саин, Қалижан Бекхожин, Мұзафар Әлімбаев, Жұбан Молдағалиев, Сағынғали Сейітов, Аманжол Шәмкенов, Ізтай Мәмбетов, Тоқаш Бердияров тағы басқалар.   Қазақ ақындары жалғыз ғана өлеңмен айналысып қоймай, эпикалық жанрға да толық бой ұрып, жаңа тақырыптарға көлемді де күрделі поэмалар жазып көріне түсті. Осы соңғы кездің өзінде Диқан Әбілев «Отты толқындар» атты әдемі поэмасын және бұрынғы «Алтай жүрегі» атты шығармасын бүтіндей қайтадан жаңа жасап, сол атпен көлемді де, мазмұны, көркемдігі көтеріңкі өлеңмен жазылған роман кітабын бітірді, оның тақырыбы Алтайдағы Риддер руднигі жайында. Хамит Ерғалиев азамат соғысы туралы «Оралдағы отты түн» атты көлемі тұжырымды, көркемдігі шыныққан поэмасын бастырып шығарды. Жұмағали Саин алған геройларының, адамдарының мінез-құлқын, психологиялық құбылыстарын ойлы суреттейтін «Азамат» атты жаңа поэмасын бітірудің үстінде. Қалижан Бекхожин Жезқазған мен Қарсақпай өндірістерінің жұмысшылары мен инженерлерінің өмірінен «Ақан Ақтаев» деген әдемі поэма жазып берді, Қажым Жұмалиев «Қырдағы күрес» атты өлеңмен жазылған жаңа роман кітабын бітірді. Жұбан Молдағалиев «Жыр туралы жыр» деген татар халқының талантты патриот ақыны Мұса Жәлел жайында шебер жазылған әдемі поэмасын бітірді, жас ақын Ғафу Қайырбеков қазақ халқының ағарту жұмысындағы тұңғыш педагогы, орыс халқының досы Ыбырай Алтынсарин туралы өзінің бірінші рет жазған тырнақ алды поэмасын жазып бітірді. Ғафудың бұл поэмасы – Алтынсариннің бейнесін дұрыс көрсеткен, ақындық тілмен жазылған, ойы мен сөзі еркін қабысып істелген поэма.   Менің бұл мақалада айтайын дегенім, негізінен алғанда пленумда болған кейбір мәселелермен қысқаша таныстырып, поэзиямыздың кейбір жетістіктері туралы еді, сондықтан, қазақ әдебиетіндегі драматургия туралы сөз қозғамадым және оған бұл мақалада орын да тар, ол өз алдына бір кесек мәселе ғой! Әйтпесе, драматургиямызда кемшіліктерімізбен бірге, елеулі жетістіктеріміздің бары да сөзсіз. Біздің қазақ әдебиетінің жоғарыдағы көрсеткеніміз тәрізді жетістіктері мен жалғас кемшіліктері де жоқ емес. Біз тек, XX партия съезінен кейін, әсіресе, соңғы жылдарда қандай шығармалар шыққаны жайында пленуммен байланысты шолу ғана жасадық. Мысалы, XX съезге дейінгі кезеңдердегі қазақ әдебиетінің даму жолындағы жетістіктермен қатар, көптеген жалаңдай кемістіктері де, қателіктері де болмай қалған жоқ. Жазушылардың III пленумде сөз болған жеке адам беделіне табынушылық, әсіресе мадақтаушылық қазақ әдебиетінің де барлық жанрларында, оның ішінде әсіресе поэзия жанрында болды. Бірақ, Сталиннің аты аталған кез келген шығармаларының бәрін бірдей кіналай беру дұрыс бола бермейді.   Біз, жазушылар, еліміздің өміріндегі күнделікті болып жатқан уақиғалардың жай ғана тіркеушісі болмай, қатардағы қарапайым совет адамдарының еңбек қимылының үстіндегі кейпін, жардың бейнесін, оның қуанышы мен кей кездегі ренішін де орнымен, дұрыс көрсетіп, олардың психологиялық жан құбылыстарын суреттей білуіміз керек. Өмірдің сыртын қалпын жазбай, сол өмірдің ішкі құбылыстарына кіре, адамның қоғаммен қарым-қатысын да толық қамтып жазуға міндеттіміз. Біздің қазақ әдебиетіндегі көп шығармаларымызда көбінесе бұлай болмай, үстіртін шолулар ұшырап отыратыны да кездеседі. Әрине, ондай сәтсіздіктерден арылу бәріміздің де міндетіміз.   Біздің совет әдебиетінің даму жолдарының тәжірибесі – социалистік реализм бірден-бір дұрыс метод екенін, әр жазушының әртүрлі тақырыпқа өзінің қабілеттілігі сүйетін әртүрлі шеберлік мәнерлермен жазып машықтала алатындығын, содан барып, социалистік реализм методын шығармаға арқау етіп ала отыра, әртүрлі мәнерлі нақыспен, әртүрлі жазушылық почеркпен жазылса да бір негіздегі социалистік реализм әдісінің негізімен жазылған шығармалар – әдебиетімізді байыта түсетіндігін көрсетті. Мысалы, – оны біздің қазақ әдебиетінің өсу жолдарынан да көруге болады. Сәкен Сейфуллин мен Сәбит Мұқановтың, Ілияс Жансүгіров пен Бейімбет Майлиннің, Мұхтар Әуезов пен Ғабит Мүсіреповтің шығармалары сөз мәнерлерімен де, образдарымен де, өздерінің жазушылық почерктерімен де стильдік жағынан біріне-бірі ұқсамайды, әрқайсысы өзінің жазушылық ерекшеліктерімен көрініп тұрады. Сәкен Сейфуллин 1920 жылдардың өзінде-ақ Маяковский поэзиясының рухын өз өлеңдері арқылы әдебиетіне енгізе бастады. Сәбит Мұқанов поэзияда да, прозада да өзінің эпикалық жанрдың уәкілі екендігін көрсетті, үлкен, кең масштабтағы тарихи романдар жазудың машығы екендігін жазушылық еңбегі дүние жүзіне белгілі Мұхтар Әуезовтің аты барлық елге белгілі, көркем шығарма жасауда өзінің тілге шебер, стильге машық жазушы екендігін жұртшылығымызға Ғабит Мүсірепов көрсетті. Міне, осы жайлардың бәрі де әдебиетіміздегі социалистік реализм методының бірден-бір өмірлік дұрыс арқауы екендігін дәлелдейді.   Буржуазиялық идеяның бізге қарсы уәкілдері социалистік реализм методын қанша жамандап, оған қарсы қаншама жала жапса да, онан біздің әдебиеттің социалистік реализм методы осалдамайды, қайта күшейе түседі, оның өзі бұл методтың мықты екендігін дәлелдей түседі.   Бүкілодақтық жазушылардың Москвада өткен III пленумінде жасалған баяндамада – Жеке адам басына табынушылықтың тигізген зияны туралы көрсетілген дұрыс сынның салдарынан барып идеялық сферадағы кейбір мәселелер біреулер совет қоғамының дамуындағы бүкіл дұрыс тәжірибе қорытындысын жоққа шығарғысы келіп күдік туғызатын әділетсіз пікір бүкіл дұрыс тәжірибе қорытындысына күдік келтіргісі кеп, оны жоққа шығаруға тырысқан теріс пікірлі адамдардың терістігін айтпай, оны көрмей, көз жұмып үндемей отыруға болмайды»! – дегеніне әбден қосыла отырып, оны қуаттауға болады.   Бұл ретте, біздің қазақ әдебиетіндегі жетістіктерімізді көрмей, оның көлеңке жағын мол көрсетуге тырысып, барымызды жоққа шығарғысы кеп, сырты боямалы – лакировка деген бір терминді бетіне жалау қыла, жетістіктерімізді бүркей жаба, әсіресе, 30-жылдардағы әдебиетімізді жоққа шығарып, тарих бетінен сызуға дейін барған сыншысымақ кейбір тімсінген рецензияшылдар біздің қазақ әдебиетінде де болды. Олар туралы бізге де үндемей отыруға болмайды.   Өткен жылы Алматыда болған Қазақстан совет жазушыларының пленумінде ұсақ рецензентшілдердің бірі Тәкен Әлімқұлов өзінің сөйлеген сөзінде – қазақ әдебиеті 20-30 жылдарда құр ғана айғай мен жалаң үгітпен айналысты. Бұл жылдардағы әдебиет құнды еш нәрсе де бере алған жоқ деп, қазақ совет әдебиетінің он жылдар бойы жасаған даму жолдарын сызуға дейін барды. Онымен қоймай, өзінің басқа да жиналыстарда сөйлеген сөздерінде және 1954 жылы шыққан «Әдебиет және искусство» журналының 9-санындағы «Поэзия және поэзия сыны» деген мақаласында, «Қазақ әдебиеті» газетінің 1956 жылғы шыққан бір сандарында да поэзия жайында жазған мақалаларында поэзиямыздың күнгей жағын, жетіскен жағын көргісі келмей бұрмалап, шығарманың тек дана көмескі, күңгірт жағын іздеп, соны баса айтып, сыңаржақ пікірлер туғызып мәдениетті сын тұрғысынан сыпайы әділеттік ойларын айтудан тіл тежеп, поэзиямызға сойыл ала жүгірумен болды...   Мұны айтып отырғанда, мен – біздің поэзиямызда кемшілік жоқ деген пікірден мүлдем аулақпын. Поэзиямызда да, прозамызда да бірсыпыра кемшіліктер болды да, бар да. Ол туралы әбден айтуға болады. Бірақ, соны мәдениетті сыншылардың традициясынан қарап әділеттік көзқараспен өлшеп, дұрыс бағасын беріп, сыңаржақ кетпей, барды барша көрсетіп, жасырмай жетістік жақтарын да, поэзиямыздың сәтті шыққан шығармаларын да атап айту қажет дегім келеді. Біздің қазақ жазушыларының шығармаларының көмескі, көлеңке жадтарын тімтініп қарап, түймедей кемшіліктерді түйедей етіп көрсетуге тырысу жағынан Тәкен Әлімқұловтан М. Сәрсековте кем қалыспай жүрді. Бұдан 4-5 жыл бұрынғы қазақ әдебиетіндегі кейбір шығарма жайында жазған мақаласымақтарында Сәрсеков жолдас та кейбір ақындарды мүлдем жоққа шығаруға тырысып-ақ баққан болатын, бірақ, ол соңғы кездерде бұрынғы қыңыр пікірлерінен қайтқан тәрізді. Ал, Әлімқұлов жолдас болса, ол поэзиямызға өзінің бұрыннан айтып келе жатқан сыңар жақ ойларын әлі де қалыңдата түсуде. Мысалы, биылғы жылы Москвада шыққан «Дружба народов» журналының № 3 кітабында «Тақырып және оны ақындық пен меңгерушілік» деген мақаласында Тәкен Әлімқұлов тағы да сол өзінің бұрынғы әуеніне басып, бұдан үш жыл бұрынғы «Әдебиет және искусство» журналында басылған мақаласын қайта жариялап, бір терінің пұшпағын өңін айналдыра уқалап, тағы да тек шығарманың көлеңке жақтарын қат-қабат қайталап сарнай берген.   Біздің әдебиет сыншыларымыздың ойланатын кезі жетті. Олар мәдениетті, әділетті – әдебиетке партиялық көзқараспен дұрыс баға беріп, кемшілікті де, жетістікті де бұрмалай айтып, жазушыларға шын мағынасындағы жолдастық, творчестволық ақылдарын айтып отырулары қажет...  

 

Пленумнан кейінгі ойлар
 
I
 
Советтер Одағының Коммунист партиясы мен Совет өкіметінің елімізде коммунизм құру жолындағы жарқын программалы күрделі істер мен негізгі міндеттерінің ішінде еңбекші бұқараның сана-сезімін өсіру ретінде олардың рухани мәдениетін көтеру мәселесі де негізгі жұмысымыздың бірінен саналады. Осы тұрғыдан қарағанда, совет әдебиетінің атқаратын борышты міндеттері де аз емес.
 
Совет қоғамының алға қарай дамып, өркендей түсуі үшін Совет Одағы коммунистік партиясының XX съезі еліміздің алдына айдай айқын жол сызды. Сонымен қабат, партиямыздың бұл XX съезі әдебиетімізді партиялық принципте дамытуға, жазушылар мен искусство қызметкерлерін бисаясаттыққа қарсы, идеясыздыққа қарсы күресуге шақырды. Әдебиетімізді социалистік реализм жолымен өрлетуге өмір шындығын шынайы дұрыс тұрғыдан көрсетіп, қарапайым совет адамының отанға деген адал жүрегімен тегеурінді еңбек жеңісін жарқын суреттеу үшін жазушыларға аталық, қамқоршылық ақылын айтты. Елімізде Совет Одағы орнаған жылдардан бастап партиямыздың бірден-бір дұрыс жолға бастаған қамқорлығы арқасында совет әдебиеті өзінің даму жолында буржуазиялық, ұлтшылдық идеяларға қарсы күреспен ер жетіп, өсіп, жеңістерден жеңістерге жетті. Сонымен, біздің әдебиетіміз – көп ұлттық совет әдебиеті, партиялық идеядағы мазмұны терең, көркемдігі шебер социалистік реализм әдісімен өскен халқымыздың сүйіп оқитын рухани азығына айналып, ер жеткендігін көрсетті. Осының арқасында біздің көп ұлтты совет әдебиеті жер жүзі әдебиетінің ең маңдай алды бастаушы сапы болып орын алды.
 
Үстіміздегі жылдың май айының ішінде Москвада бүкіл одақтық совет жазушыларының III пленумы болып өтті. Бұл пленум – әдебиетіміздегі жетістіктеріміз бен кемшіліктерімізді ақтара қарап төңкере тексеріп көру үшін, талдап та, талғап та байқап кемшілікті жойып, келешек дамуымызға тағы да алға қарай дұрыс бағыт мезгеу үшін маңызды да пайдалы әсерін тигізді. III пленум әдебиетіміздегі кейбір бас көтере бастаған бейсаясат идеядағы зиянды пікірлерге қатты соққы беріп, әдебиетте шалыс басқан кейбір кінәлілердің қатесін әшкерелеп, әдебиетімізді лениндік принциптегі мызғымас таза идеяда кіршіксіз дамыта беруге қуатты қозғау салды. Пленумнің ашылар алдында да, пленум жабылғанның соңында да жазушыларды Совет Одағы коммунистік партиясының Орталық Комитеті басшылары қабылдап, жазушылармен жылы раймен әңгімелесіп, партия басшыларының жазушыларға көп мәселелер жайында партиялық қамқорлық ақылын айтып, жол-жоба көрсеткені әдебиет уәкілдеріне үлкен рухани күш берді. Сонымен қабат әдебиеттегі келелі, сүбелі – проблемалық мәселелер жайында пленумда Москва, Ленинград, Украина тағы да көптеген ұлт республикаларынан келген жазушылардың сөйлеген сөздері және батыс елдердегі буржуазиялық идеядағы жазушылардың біздің социалистік мәдениетімізге қарсы зиянды өтірік үгіт-насихатына қарсы пленумында тойтарыс бере сөйлеген жазушылардың жалынды, дәлелді пікірлері – пленум мәжілістерінің маңызын көтере түсті.
 
Бүкілодақтық совет жазушыларының III пленумында «Совет Одағы коммунистік партиясының XX съезінен кейінгі совет әдебиетінің дамуындағы кейбір мәселелер жайында» деген тақырыпқа Жазушылар одағының секретариаты дайындаған баяндаманы Алексей Сурков жолдас жасады.
 
Сурков жолдас баяндамасында совет әдебиетінің маңызы туралы, жазушылардың алдында тұрған міндеттер жөнінде, олардың халық мүддесіне сай, социалистік өміріміздің шындығын дұрыс суреттеулері керек екендігін сөз қылды. Сонымен қатар, баяндамашы, біздің әдебиетіміздің бүкіл даму жолдарына үнемі басшылық көрсетіп, қаулы-қарарларында дұрыс жол нұсқап, жазушылар кадрын қамқорлыққа бөлеп отырған коммунист партиясының жетекші рөлін айта келіп, партия мен өкіметтің, халықтық жазушыларға қойып отырған талаптарына тоқталды. Баяндамада жеке адам басына табынушылықтың, бұл табынушылықтың жолдас Сталиннің атымен байланысты – ол кісіні жазушыларымыз шектен асыра мадақтап жазғандарының әдебиетімізге біраз зиян келтіргені, бірақ оның зияны әдебиетіміздегі бүкіл шығармаларға бірдей әсерін тигізді деуге болмайтындығы айтылды. Жеке адам басына табынушылықтың кесірінен конфликтісіз, сұрғылт шығармалардың да туып қалғаны ашып көрсетілді.
 
Баяндаманың келесі бөлімінде партияның XX съезінен кейінгі жылдардағы әдебиеттегі жетістіктер мен кемшіліктерге назар аударылды.
 
Әдебиетіміздегі жетістіктерімізбен қатар, кейбір жазушыларымыздың шығармаларындағы шалыс басқан кемшіліктері мен қателіктерге сындағы, сыңаржақтыққа, кейбір шығарманың жақсылық жадтарын көргісі келмей, ылғи көлеңке жақтарын көрсетуге тырысқан сыншыларды баяндамашы сынай сөйледі. Москва жазушылар ұйымының қателіктерін, Москвада тұратын кейбір жазушылардың әдебиетті партия басшылығынан тыс, өз алдына жадағай бағытпен жасаймыз деуші бейсаясат буржуазиялық идеяға түсуге бұйырған шірік пікірге, партиялық принципке қарсы пікірге тойтарыс соққы берілді.
 
XX партия съезінен кейінгі жасалған әдебиетіміздің өрлеу жолындағы жетістіктері есебінде социалистік демократияның даму күшін көрсететін, жұртшылықтың творчестволық белсенділігін көтере түсетін, конфликтіні әртүрлі шеберлікпен суреттеп беретін шығармалардың жасалғаны айтылды. Олар, мысалы, В. Тендряковтың, моральдық, эстетикалық ретте суреттейтін – А. Чаковскийдің, саяси-идея негізінде көрсететін – В. Овечкиннің, қоғамдық-өндіріс жүйесінде көрсететін – А. Бектің адамгершілік қасиеті қағидасында сипатталатын – П. Нилиннің шығармаларында айқын көрінгендігін – баяндамашы айқын аңғартты. Халықпен байланысты жақсы большевиктік типтегі басшы қызметкерлердің образдарын жасауда В. Овечкиннің Мартынов образын беруі, В. Тендряковтың Гмизин образын суреттеуін, А. Чаковскийдің Арефьев тұлғасын жасауын – совет әдебиетінің үлкен жетістігі, – деді баяндамашы.
 
Жолдас Сурков баяндамасында М. Шолоховтың «Адам тағдыры» деген жаңа әңгімесін – біздің әдебиетімізде өте зор маңызы бар шығарма деп атап айта келе, соңғы кездегі жазылған жақсы әңгімелердің қатарына новеллалар жазатын С. Антоновтың, Ю. Нагибиннің, И. Мележаның, А. Каххардың, жас жазушы И. Лавровтың жаңа әңгімелерін қосып өтті.
 
Соңғы жылдарда жазылған поэзияға тоқтала келе, Сурков – А. Твардовскийдің «Қиырдан әрі қиыр» поэмасының жаңа тарауларын, Я. Смеляковтың «Қатал махаббат» атты өлеңмен жазылған повесті, В. Луговскийдің жаңа өлеңдерін, Л. Мартыновтың, Н. Заболодкийдің, В. Казиннің, А. Прокофьевтің өлеңдерін, М. Светловтың «Жаңа бақытпен» деген драмалы поэмасын жақсы деп атады. А. Володиннің – «Фабрикалық қыз» пьесасын, кинодраматургиядан «Заречная көшесіндегі көктем» деген Ф. Миронердің сценарийін, т.б. тәуір деп кетті.
 
Проза жанрынан жазылған ірі шығармалардан, кесек романдардан – М. Стельмахтың «Адам даны – су емес» романын, роман, повестерден – В. Кучердің «Қош, теңізін», А. Копытленконың «Жер үлкен» деген еңбегін, жас прозашы Г. Тютюниктің «Кішкене бұлт күнді жаба алмайды» деген повесін т. б. бірсыпыра шығармаларды әдебиеттегі табыстардың қатарына досты.
 
Бұл пленумда баяндамашы да және баяндама бойынша шығып сөйлеген шешендер де әдебиеттің соңғы жылдардағы жетістіктерімен бірге кемшіліктеріне де, кейбір шығармаларында совет шындығын бұрмалап, теріс суреттеген В. Дудинцевтің, Д. Граниннің, ақын С. Кирсановтың, А. Ащиннің, Мовзонның, Школьниктің, Плоткиннің, М.Алигердің қателіктерін көрсетіп, оларды қатты сынап, өздерінің дұрыс пікірлерін айтты.
 
В. Дудинцев өзінің «Бір ғана астықпен емес» деген романында советтік қоғамның бейнесін бұрмалап, қисық көрсетіп, бейсаясаттыққа бой ұрған. Д. Гранин «Іздеушілер» атты романында біздің өмірді кемшілік жағынан көрсетіп, оның геройы дәрменсіз жалғыздыққа ұшырап торығады, екіжүзділік пен мансапқорлыққа түседі. С. Кирсановтың «Аптадағы жеті күн» деген поэмасында ел ішінде толып кеткен бюрократтар жүр деп олардың озбырлығын басып көрсетіп, қоғамдағы шындықты бұрмалап, теріс суреттеген, 1956 жылғы шыққан «Октябрь» журналының бір номерінде жарияланған Маргарита Алигердің – «Ең бастысы» деген өлеңінде совет адамының кейпін – жалпыға тән ортақ типін көрсетемін деп, ол адамды сұмырай қылып, біресе ер етіп, біресе сұмырай етін, біресе алып етіп, біресе сілімтік, оңбаған етіп сипаттайды.
 
Совет қоғамындағы адамдардың барлығын, олардың жиынтық образын бұлайша сүмірейтіп суреттеушілік – шындыққа жатпайтын, совет адамына жапқан жала болып шығады. Сондықтан, бұл өлеңінде М. Алигер қатты қателескен. Пленум бұл өлеңді осылай таныды. Мінеки, өздерінің кейбір соңғы кездегі жазған шығармаларында жоғарыда көрсеткендей қате жіберіп, ауа жайылып, аяғын шалыс басқан жазушыларды қатесін бетке соға дұрыс сынап пленумге қатысушы жазушылар оларға тойтарыс берді. Болып өткен III пленум барлық совет жазушыларын халық мүддесіне сай, өмір шындығын дұрыс суреттейтін, партиялық идеясы биік, шебер шығармалар беруге шақырды.
 
III
 
Бүкілодақтық совет жазушыларының III пленумы дер кезінде шақырылды. Және пленумнің қойған, талқылаған мәселелері де толғағы жетіп піскен кезінде болды. Өйткені, Совет Одағы коммунист партиясының XX съезі елімізге коммунизм құрудың айқын программасын сызып беріп, экономикамыз бен шаруашылық салаларына, мәдениетіміз бен көп ұлтты советтік әдебиетімізді бұрынғысының үстіне жедел шұғылдата дамытуға, бүкіл идеологиялық жұмысымызды алға бастыра беруге айқын жол ашты. Осының рухында XX съезден кейінгі кездегі әдебиетімізді шолып қарап, талдап, жетістігіміз бен кемшіліктерімізді көріп түзетіп отыру үшін, сонымен тағы да алға қарай құлшына жұмысқа жұмылу үшін совет жазушыларының болып өткен III пленумы өмір шындығынан туатын жақсы шығармалар жасау ретінде жазушыларымызға бірсыпыра жақсы ойлар салды.
 
Шынында да, XX съезден кейін бүкіл совет әдебиеті және оған қанаттас бүкіл туысқан ұлт республикаларының әдебиеті де едәуір жетістіктерге ие болды. Соның ішінде қазақ совет әдебиеті де бірқатар елеулі сатыға көтеріле түсті. Қазақ әдебиетінде бірсыпыра жаңа шығармалар туды. 1956 жылы Мұхтар Әуезов «Абай жолы» романының екінші кітабын берді. Зейнолла Қабдолов студенттер өмірінен жазылған «Өмір ұшқыны» атты повестін шығарды, Тахауи Ахтановтың «Қаһарлы жылдар» романы журналға жарияланды, кітап болуға дайын. Сәбит Мұқановтың «Тыңда туған толқындар» деген тың игеру тақырыбына арналған көлемді жаңа романы кітап боп шықты, Мұхтар Әуезовтің «Түркістан солай туды» деген очерк кітабы басылып шықты, осы сияқты тағы да бірсыпыра очерктер мен әңгімелер жазылды.
 
Соңғы жылдарда қазақ ақындары да жүрекке жылы тиерліктей толып жатқан өлеңдер мен ондаған поэмалар жасады. Бұл өлеңдер – тың жер тақырыбына, мал өсіру тақырыбына, егін жайында, халықтар достығы тақырыптарына, тағы да басқа жаңа тақырыптарға арналып жазылды. Қазақ ақындарының бұл соңғы жылдардағы жазылған өлеңдерінен бір қарапайым совет адамының еңбектегі бейнесін көреміз, ол қуанышы мен халықтың бейбіт өмірдегі күрделі ісін, алып қимылын, совет жастарының бір-біріне таза махаббатын оқимыз. Демек, қазақ ақындары бұдан көптеген жылдар бұрынғы ұзақ етіп жалпылама жазатын кездерден бүтіндей басқаша, жаңаша шебер жазып мәдениеті жақсы, мазмұны терең, көркемдігі шебер, уақиғаға байланысты, әрі ойы тұжырымды өлеңдерді туғызуға машықталғанын көреміз. Ондай өлеңдердің авторлары, мысалы, Ғали Орманов, Әбділда Тәжібаев, Сырбай Мәуленов, Диқан Әбілев, Хамит Ерғалиев, Жұмағали Саин, Қалижан Бекхожин, Мұзафар Әлімбаев, Жұбан Молдағалиев, Сағынғали Сейітов, Аманжол Шәмкенов, Ізтай Мәмбетов, Тоқаш Бердияров тағы басқалар.
 
Қазақ ақындары жалғыз ғана өлеңмен айналысып қоймай, эпикалық жанрға да толық бой ұрып, жаңа тақырыптарға көлемді де күрделі поэмалар жазып көріне түсті. Осы соңғы кездің өзінде Диқан Әбілев «Отты толқындар» атты әдемі поэмасын және бұрынғы «Алтай жүрегі» атты шығармасын бүтіндей қайтадан жаңа жасап, сол атпен көлемді де, мазмұны, көркемдігі көтеріңкі өлеңмен жазылған роман кітабын бітірді, оның тақырыбы Алтайдағы Риддер руднигі жайында. Хамит Ерғалиев азамат соғысы туралы «Оралдағы отты түн» атты көлемі тұжырымды, көркемдігі шыныққан поэмасын бастырып шығарды. Жұмағали Саин алған геройларының, адамдарының мінез-құлқын, психологиялық құбылыстарын ойлы суреттейтін «Азамат» атты жаңа поэмасын бітірудің үстінде. Қалижан Бекхожин Жезқазған мен Қарсақпай өндірістерінің жұмысшылары мен инженерлерінің өмірінен «Ақан Ақтаев» деген әдемі поэма жазып берді, Қажым Жұмалиев «Қырдағы күрес» атты өлеңмен жазылған жаңа роман кітабын бітірді. Жұбан Молдағалиев «Жыр туралы жыр» деген татар халқының талантты патриот ақыны Мұса Жәлел жайында шебер жазылған әдемі поэмасын бітірді, жас ақын Ғафу Қайырбеков қазақ халқының ағарту жұмысындағы тұңғыш педагогы, орыс халқының досы Ыбырай Алтынсарин туралы өзінің бірінші рет жазған тырнақ алды поэмасын жазып бітірді. Ғафудың бұл поэмасы – Алтынсариннің бейнесін дұрыс көрсеткен, ақындық тілмен жазылған, ойы мен сөзі еркін қабысып істелген поэма.
 
Менің бұл мақалада айтайын дегенім, негізінен алғанда пленумда болған кейбір мәселелермен қысқаша таныстырып, поэзиямыздың кейбір жетістіктері туралы еді, сондықтан, қазақ әдебиетіндегі драматургия туралы сөз қозғамадым және оған бұл мақалада орын да тар, ол өз алдына бір кесек мәселе ғой! Әйтпесе, драматургиямызда кемшіліктерімізбен бірге, елеулі жетістіктеріміздің бары да сөзсіз. Біздің қазақ әдебиетінің жоғарыдағы көрсеткеніміз тәрізді жетістіктері мен жалғас кемшіліктері де жоқ емес. Біз тек, XX партия съезінен кейін, әсіресе, соңғы жылдарда қандай шығармалар шыққаны жайында пленуммен байланысты шолу ғана жасадық. Мысалы, XX съезге дейінгі кезеңдердегі қазақ әдебиетінің даму жолындағы жетістіктермен қатар, көптеген жалаңдай кемістіктері де, қателіктері де болмай қалған жоқ. Жазушылардың III пленумде сөз болған жеке адам беделіне табынушылық, әсіресе мадақтаушылық қазақ әдебиетінің де барлық жанрларында, оның ішінде әсіресе поэзия жанрында болды. Бірақ, Сталиннің аты аталған кез келген шығармаларының бәрін бірдей кіналай беру дұрыс бола бермейді.
 
Біз, жазушылар, еліміздің өміріндегі күнделікті болып жатқан уақиғалардың жай ғана тіркеушісі болмай, қатардағы қарапайым совет адамдарының еңбек қимылының үстіндегі кейпін, жардың бейнесін, оның қуанышы мен кей кездегі ренішін де орнымен, дұрыс көрсетіп, олардың психологиялық жан құбылыстарын суреттей білуіміз керек. Өмірдің сыртын қалпын жазбай, сол өмірдің ішкі құбылыстарына кіре, адамның қоғаммен қарым-қатысын да толық қамтып жазуға міндеттіміз. Біздің қазақ әдебиетіндегі көп шығармаларымызда көбінесе бұлай болмай, үстіртін шолулар ұшырап отыратыны да кездеседі. Әрине, ондай сәтсіздіктерден арылу бәріміздің де міндетіміз.
 
Біздің совет әдебиетінің даму жолдарының тәжірибесі – социалистік реализм бірден-бір дұрыс метод екенін, әр жазушының әртүрлі тақырыпқа өзінің қабілеттілігі сүйетін әртүрлі шеберлік мәнерлермен жазып машықтала алатындығын, содан барып, социалистік реализм методын шығармаға арқау етіп ала отыра, әртүрлі мәнерлі нақыспен, әртүрлі жазушылық почеркпен жазылса да бір негіздегі социалистік реализм әдісінің негізімен жазылған шығармалар – әдебиетімізді байыта түсетіндігін көрсетті. Мысалы, – оны біздің қазақ әдебиетінің өсу жолдарынан да көруге болады. Сәкен Сейфуллин мен Сәбит Мұқановтың, Ілияс Жансүгіров пен Бейімбет Майлиннің, Мұхтар Әуезов пен Ғабит Мүсіреповтің шығармалары сөз мәнерлерімен де, образдарымен де, өздерінің жазушылық почерктерімен де стильдік жағынан біріне-бірі ұқсамайды, әрқайсысы өзінің жазушылық ерекшеліктерімен көрініп тұрады. Сәкен Сейфуллин 1920 жылдардың өзінде-ақ Маяковский поэзиясының рухын өз өлеңдері арқылы әдебиетіне енгізе бастады. Сәбит Мұқанов поэзияда да, прозада да өзінің эпикалық жанрдың уәкілі екендігін көрсетті, үлкен, кең масштабтағы тарихи романдар жазудың машығы екендігін жазушылық еңбегі дүние жүзіне белгілі Мұхтар Әуезовтің аты барлық елге белгілі, көркем шығарма жасауда өзінің тілге шебер, стильге машық жазушы екендігін жұртшылығымызға Ғабит Мүсірепов көрсетті. Міне, осы жайлардың бәрі де әдебиетіміздегі социалистік реализм методының бірден-бір өмірлік дұрыс арқауы екендігін дәлелдейді.
 
Буржуазиялық идеяның бізге қарсы уәкілдері социалистік реализм методын қанша жамандап, оған қарсы қаншама жала жапса да, онан біздің әдебиеттің социалистік реализм методы осалдамайды, қайта күшейе түседі, оның өзі бұл методтың мықты екендігін дәлелдей түседі.
 
Бүкілодақтық жазушылардың Москвада өткен III пленумінде жасалған баяндамада – Жеке адам басына табынушылықтың тигізген зияны туралы көрсетілген дұрыс сынның салдарынан барып идеялық сферадағы кейбір мәселелер біреулер совет қоғамының дамуындағы бүкіл дұрыс тәжірибе қорытындысын жоққа шығарғысы келіп күдік туғызатын әділетсіз пікір бүкіл дұрыс тәжірибе қорытындысына күдік келтіргісі кеп, оны жоққа шығаруға тырысқан теріс пікірлі адамдардың терістігін айтпай, оны көрмей, көз жұмып үндемей отыруға болмайды»! – дегеніне әбден қосыла отырып, оны қуаттауға болады.
 
Бұл ретте, біздің қазақ әдебиетіндегі жетістіктерімізді көрмей, оның көлеңке жағын мол көрсетуге тырысып, барымызды жоққа шығарғысы кеп, сырты боямалы – лакировка деген бір терминді бетіне жалау қыла, жетістіктерімізді бүркей жаба, әсіресе, 30-жылдардағы әдебиетімізді жоққа шығарып, тарих бетінен сызуға дейін барған сыншысымақ кейбір тімсінген рецензияшылдар біздің қазақ әдебиетінде де болды. Олар туралы бізге де үндемей отыруға болмайды.
 
Өткен жылы Алматыда болған Қазақстан совет жазушыларының пленумінде ұсақ рецензентшілдердің бірі Тәкен Әлімқұлов өзінің сөйлеген сөзінде – қазақ әдебиеті 20-30 жылдарда құр ғана айғай мен жалаң үгітпен айналысты. Бұл жылдардағы әдебиет құнды еш нәрсе де бере алған жоқ деп, қазақ совет әдебиетінің он жылдар бойы жасаған даму жолдарын сызуға дейін барды. Онымен қоймай, өзінің басқа да жиналыстарда сөйлеген сөздерінде және 1954 жылы шыққан «Әдебиет және искусство» журналының 9-санындағы «Поэзия және поэзия сыны» деген мақаласында, «Қазақ әдебиеті» газетінің 1956 жылғы шыққан бір сандарында да поэзия жайында жазған мақалаларында поэзиямыздың күнгей жағын, жетіскен жағын көргісі келмей бұрмалап, шығарманың тек дана көмескі, күңгірт жағын іздеп, соны баса айтып, сыңаржақ пікірлер туғызып мәдениетті сын тұрғысынан сыпайы әділеттік ойларын айтудан тіл тежеп, поэзиямызға сойыл ала жүгірумен болды...
 
Мұны айтып отырғанда, мен – біздің поэзиямызда кемшілік жоқ деген пікірден мүлдем аулақпын. Поэзиямызда да, прозамызда да бірсыпыра кемшіліктер болды да, бар да. Ол туралы әбден айтуға болады. Бірақ, соны мәдениетті сыншылардың традициясынан қарап әділеттік көзқараспен өлшеп, дұрыс бағасын беріп, сыңаржақ кетпей, барды барша көрсетіп, жасырмай жетістік жақтарын да, поэзиямыздың сәтті шыққан шығармаларын да атап айту қажет дегім келеді. Біздің қазақ жазушыларының шығармаларының көмескі, көлеңке жадтарын тімтініп қарап, түймедей кемшіліктерді түйедей етіп көрсетуге тырысу жағынан Тәкен Әлімқұловтан М. Сәрсековте кем қалыспай жүрді. Бұдан 4-5 жыл бұрынғы қазақ әдебиетіндегі кейбір шығарма жайында жазған мақаласымақтарында Сәрсеков жолдас та кейбір ақындарды мүлдем жоққа шығаруға тырысып-ақ баққан болатын, бірақ, ол соңғы кездерде бұрынғы қыңыр пікірлерінен қайтқан тәрізді. Ал, Әлімқұлов жолдас болса, ол поэзиямызға өзінің бұрыннан айтып келе жатқан сыңар жақ ойларын әлі де қалыңдата түсуде. Мысалы, биылғы жылы Москвада шыққан «Дружба народов» журналының № 3 кітабында «Тақырып және оны ақындық пен меңгерушілік» деген мақаласында Тәкен Әлімқұлов тағы да сол өзінің бұрынғы әуеніне басып, бұдан үш жыл бұрынғы «Әдебиет және искусство» журналында басылған мақаласын қайта жариялап, бір терінің пұшпағын өңін айналдыра уқалап, тағы да тек шығарманың көлеңке жақтарын қат-қабат қайталап сарнай берген.
 
Біздің әдебиет сыншыларымыздың ойланатын кезі жетті. Олар мәдениетті, әділетті – әдебиетке партиялық көзқараспен дұрыс баға беріп, кемшілікті де, жетістікті де бұрмалай айтып, жазушыларға шын мағынасындағы жолдастық, творчестволық ақылдарын айтып отырулары қажет...
 
Бөлісу: