Балабас

8 Желтоқсан 2012, 06:18

I Сынсыз ақын   Тайыр Жароков—жас ақындарымыздың ішіндегі көрнектісінің біреуі. Оның әдебиет майданында көрінгеніне жеті-сегіз жылға жақындап қалды. Сол жылдардың ішінде Тайырдың бірсыпыра кітаптары шықты, олардың ішінде «Нефтстан» сықылды күрделі еңбектері де бар. Тайыр сын жағын ғана көбейтіп жүрген ақын емес, оның еңбектерінің ішінде мазмұны пролетариаттығымен қатар, түр жағынан, көркемдік жағынан ауыз толтырарлықтары жоқ емес. Міне, Тайырдың осынша жазған еңбектеріне біздің сынымыз көңіл бөлу керек еді, жақсы жақтарын да, кемшіліктерін де ашу керек еді. Осылай еткен күнде Тайырдың өзіне де, одан сабақ алатын жас жазушыларға да сабақ болар еді. Амал қанша, мұндай сынды Тайыр он жылдық ақындық өмірінде кездестірмеді. Оның еңбегі туралы жазылған арнаулы бір мақала болмады. Сондықтан, Тайыр қай жерінде кемдігі барын көрмей айдап барады. Сын жоқтығы Тайырдың өсуіне кедергі жасап отыр,оны қаталыққа әкеп соқтырып отыр. Мысалға «Бала бас» деген поэмасын алайық. «Балабас» Тайырдың соңғы күрделі еңбегінің біреуі. Оның үстіне «Социалистік Қазақстан» мен жазушылар ұйымы жариялаған конкурсынан бәйге алды. Қазақстан жазушыларының таңдаулы еңбектерінен құрылған колхоздың қызыл кітабына («Социалды түлік») басылды. Осыларға қарағанда, поэма көңілдегідей болу керек еді, олай емес екендігін дәлелдеп көрейік. «Балабасты» тексерудің алдында оқушыларға бір ескертіп кететін нәрсе, бұл сынымызда біз Тайырға бәлкім қаттырақ кетуді мақұл көрдік. Өйткен себебіміз: 1. Ол он жылға жақын жазған, көпшілік арасында аты танылған, газет-журналдарда аты көп көрінген, көп кітабы басылған ақын. Сондықтан оған, жаңа ғана бастап келе жатқан ақынға қараған көзқараспен қарауға болмайды, 2.         Ол жоғары дәрежелі білімі бар ақынымыз (Қазақстан педагогикалық институтын бітірді), әдебиеттің теориясы, тарихы, сыны туралы курстар өтті, орыстың, қазақтың күрделі ақын-жазушыларының енбегін оқыды, марксизм-ленинизм теорияларымен танысты, қысқасы Тайыр біздің мәдениетті ақынымыз. Сондықтан оған біз үлкен шарт қойып қараймыз. 3.         Ол өзі коммунист, Қазақстанда мәдениет төңкерісінің бір бұтағын басқарысып жүрген, өзі басқа жазушылардың да еңбегі қолынан өтіп отыратын адам. Осы жақтарымен есептесіп, «Балабастың» кемшілігін ашуды мақұл деп ойлаймыз. Ондағы ойымыз Тайыр өз кемшілігінен өзі сабақ алсын дегендік және жас ақындарға сабақ болсын дегендік.   II Саяси қателер Ауыл шаруашылығында партияның ұстап отырған саясаты — бұрынғы ұсақ өнерсіз, әлсіз қара шаруаның орнына күрделі, колхозданған өнерлері, күшті техникаға арқа тіреген шаруа жасау. Бұған марксизм-ленинизмнен хабары бар адам таласпайды. Бірақ партия бұл саясатын әкімшілікпен емес, түсіндірумен, ақылмен жүргізеді. Көпшілікке ерік бере отыра, санасын тәрбиелеу арқылы колхозға ақылмен тартады. Қазақстанда Крайкомның ескі нұсқауы колхоздандыру ісін партия жолымен жүргізбей перегиб жасады. Түсіндірудің орнына қара күшке, білекке салды. Бұл қателік бай-құлақтың колхозға қарсы үгітіне жәрдемші болды. Осындай перегибтің салдарынан 1930 жылдан бастап 1932 жылға шейін Қазақстанда мал саны өте төмендеді. Бір кезде одақтағы мал өсіру ретіндегі бірінші республика болса, перегиб кезінде арттағы республика боп қалды. Партия, осы қателікті кейін 1932 жылы 17 сентябрьде мал шаруашылығын Қазақстанда көтеру туралы қаулы шығарды. Қаулыда кейбір аудандарда жеке меншікке 50 қараға шейін апаруға болады деген сөз айтылды. Бұл қаулыны, әрине, мал кәсібімен тіршілік ететін аудандарда колхоз жасауға болмайтындықтан шығарған қаулы деуге, болмаса, колхозды әзірге тоқтата тұру үшін шығарған қаулы деп ұғынуға болмайды. Бұл қаулы ете төмендегі мал шаруасын көтерумен қатар, колхоздандыруға үлкен базы (тірек) жасайды. 17 сентябрь қаулысы колхоздандыруға қайшы келетін қаулы емес, колхоздануды күшейтетін, күшейтуге жағдай жасайтын қаулы. Партия бұл саясатын ешкімнен жасырмайды да, жасырмақ та емес. Тайыр жолдас қаулыны осылай ұға ма? Жоқ. 1.         Тайыр поэманың ішінде бай-құлақтың малды құрту жөніндегі қастығы туралы бір ауыз сөз айтпайды. XVII партия съезінде мал басының өте төмендеген цифрын көрсетіп, оның бас себебі туралы съезд былай деген «Мал түлігіндегі шаруамызға ірі бай-құлақ элементтері көп сіңгендіктен, қайта құрылыс кезінде байлардың-құлақтардың малды сою туралы үгіті күшті болғандықтан осы қалға келіп отырмыз». Осындай себепті көрмей, ұқпай ешбір ақын мал шаруасы туралы түзу пікірлі поэма жаза алмайды. 2. Поэманың «IV» бөлімінде Тайыр: Кей бояма белсенді, . Бізді даяр илеуге — деп, перегибтің бар кінәсын ауыл белсендісіне аудара береді. Крайкомның IV пленумінде оқыған өлеңінде де ол осы сөзді айтып, ескі нұсқаудың қателігі туралы «лам» деген жоқ еді. Осы жолы да соны істеп отыр. Крайкомның жаңа нұсқауы да, оның бас хатшысы да, барлық Қазақстан партия ұйымдары да «Малды құртуға бас себепкер ескі нұсқау» деп отырғанда, Тайыр жолдастың бұл жалтағына түсіну қиын. Бұл сөзді айтқанда, біз белсенділер тап-таза демейміз. Бояма, байшыл белсенділерді былай қойғанда, қате басшылықты дұрыс деп түсініп, кейбір байшыл емес белсенділер де перегибті қолымен жүргізіп отырады. Бұларды айту керек. Бірақ ең үлкен кінәліні ұмытуға болмайды. Ондай ұмыту, партия жолын дұрыс ұғыну жөнінде көпшілікті адастырады. 3. Тайыр поэмасында мал азаю себебін қастықпен перегибтен көрі, колхоздың құрылыс жүйесінен шыққан деген пікір туғызады: Колхоз малын әркім бір, Күтіп бақпай сабалап Көбіп мініп құртып ед, Есіз малға бағалай. Арқа, басы ошақтай Жылқы біткен көтерем. Бие-құлын тастаған, Белді көлік өте кем». Перегиб кезінде колхоз малының осындай күйге ұшырағаны рас. Тайырдың бұл арадағы қаталығы «Ортаға түскен малға ие жоқ, кім көрінген мініп өлтіре береді» деген пікірді қателік салдарынан да көрсетпей, «Колхоз болғандықтан» деп көрсетуі. Тайыр бай-құлақ қастығын көрсетпейді. Ескі нұсқаудың перегибін айтпайды. Ауылдағы белсендіні сөккенде малды бақпады деп сөкпейді, еңбеккүнін қата жазды, орынсыз салық салды деп сөгеді. Олай болған күнде малды колхозшының өздері құртпағанда кім құртады? «Малды әркім билеп мінді» дегендегі «әркімдер» колхозшылардың өзі болмағанда кім болады?- Егер колхоздың орталығына түскен малды мүшелері осылай бақса, «Колхоз жамап екен» деген қорытындыға келмей қоя ма? Олай болса, мал шаруасында колхоз жасауға болмайды деген қортынды өзінен өзі тумай ма? 4. Колхоз мал өсіріп оңдырмайды екен деген қорытындыға келген Балабаспен, онымен бір колхоздағылар, 17 сентябрь қаулысын естігеннен кейін: Ортадағы малдарды, Бөлетұғын көрінет, Мүшелерге жақында, Беретұғын көрінет,— деп санын шапалақтап қуанады.   5. XVII партия съезінің әлді колхоз жасау керек деген ұранын Тайыр «Байыңдар» деген ұран деп ұғады. Малын оңаша бағып жүрген Балабасқа ақын жолығып: Сенікі ме мына қой, Байыпсың ғой Балаға, деп сұраса, анау: Шүкір, шүкір әзірге Осы жиырма қойым бар, Байитұғын бұл — бұл ма Бұдан әрі ойым бар. Осы «баю» қай баю? Әрине, партия көшпелі ауданда қой санын 20 түгіл, 100-ге жеткіз деп отыр. Әңгіме Балабастың қойы 20-ға жетуде емес, оның бет алысында,ұғынысында. Бөлінген колхозшылардың не ісінде, не техникасында өткен колхоз туралы да, болашақ колхоз Туралы да түк сезілмейді. Олардың бар ынтасы, бар ойындағы сөзі «Баю, баю...» Енді қайтып колхоз бетін көргісі келетін Балабас та, басқалар да жоқ. 6. Поэманы оқып шыққаннан кейін оқушының алатын әсері мынау: Балабастар колхозға күшпен кірген, сондықтан орталықтағы малды өз малым деп санамай, құртуға тырысқан. Ерік бергеннен кейін, олар бөлісіп ап, бір бірінен тұра қашқан. Шынында осылай ма? Әрине, жоқ. Бұл арада XVI партия съезінің ескертпесін айтпай кетуге болмайды. Онда: «колхозға біз еңбекші қара шаруаны зорлағанымыз жоқ. Олардың тұрмысы колхозды тіледі. Біз сол тілекті қарсы алдық та, колхоз құрылысын басқардық, басшылық еттік»—деген партияның бұл сөзін екі нәрсе дәлелдеді: Бірінші, 1929 жылы жергілікті орындарда болған перегип. Орталық партия комитеті түзету туралы қаулы шығарып, қара шаруаға ерік беріп еді, колхозда көпшілігі қалды да, азы ғана ашықты. Қорқып кірсе сонда неге тарап кетпеді? Екінші, Крайкомның ескі нұсқауының қателігін ашып партия қазақ колхозшыларына ерік беріп еді, колхоз түп-түгел сақталады. Тараушы өте аз болды. Тайыр жолдастың осы сықылды саяси қатесін көрсеткенде біз оны әдейі жазып отыр деп айыптамаймыз. Жазуына жауапкершілік көзбен аз қарағандықтан деп айыптамаймыз. Бұл сықылды қатені көрсетпеуге әрине болмайды. Ол басқаларға үлгі боп кетуі мүмкін. Одан ақындарды сақтандыру керек.   Образ тіл, кемшілігі Мазмұны қанша жақсы болғанмен, егер көркем әдебиеттік маңызын, заңын сақтамаса, ол көркем әдебиет емес. Көркемөнер деген нәрсе образбен ойлау (искусство есть мышление в образах). Бұған марксшілдер таласпайды. Образдың бағалы болуы шындыққа, шын тұрмысқа дәл келуі. Шындықтан тысқары, шындыққа жанаспайтын образ толық образ емес. «Балабасты» осы жағынан қарағанда да кемшілігі көп. Ең алдымен бір ескерте кететін нәрсе поэмадағы кейіпкердің аттарының күлкі аттар екендігі. Бас кейіпкердің аты Балабас. Тағы біреуінің аты Бұзаубас. Қазақтың, толып жатқан аттарының ішінен «бала» мен «бұзаудың» басынан басқа бас кейіпкер табылмаған боп шығады. Бұлар Гогольдің сықақпен қойған аттары сықылды? Бұл әрине негізгі мәселе емес, бірақ айта кететін мәселе. Ақындар кісіге ат қоя да білу керек. Балабастың .аты комедия болса, халы трагедия. Құлақ дейін десең — кешегі батырақ, колхозшы дейін десең — колхоздан ат-тонын ала қашып отыр. Жеке еңбекші шаруа дейін десең, қайдан, неден екені белгісіз, 300 еңбек күні бар. Осы Балабасымыздың образы ашық емес, көмескі. Оның кім екені айналып келгенде мәлімсіз. Ақын Балабас образы арқылы әлі байшылдықтан арылмаған колхозшыны көрсетуге тырысқан болу керек. Бірақ олай ғып шығара алған жоқ. Ол колхозшының образы емес, батырақтан құлақтыққа қарай айдап бара жатқан образ. Балабастан кейін Тайырдың бір көрсеткісі келген образы Нұршалы. Ол негізі байшыл емес, ағайыншыл, жақыншыл ғана жігіт. «Жақыншылдық» пен «байшылық» бір сөз емес. Нұршалы партия ұясының хатшысы. Перегибті өз қолынан колхозда жүргізген сол. Бірақ, перегиб түзелгенде ол орнынан алынбайды, қайта мал бөлу соның қолынан өтіп, жақсы малды жақындарына береді. Балабастар шет қақпай болады. Балабастың шет қақпай болуының өзі қызық. Үйткені: Қолда жалғыз түйені, Бастан салған ортаға.   Одан басқа ортақтастырған малы жоқ. Ал, малды бөлгенде:   Бір қашар мен бес жандық, Балабасқа тигені. Қоса бөлді тағы да, Оған жалғыз түйені.   «Бес жандық» сөз түріне қарағанда бес ұсақ қара сықылды. Кашармен алтау. Түйемен жетеу. Сонда жалғыз түйе орнына сонша қара алып отырып, ол неге өкпелейді? Тегі бұл колхоз бір жағынан қарағанда перегиб көрген колхоз емес. Үйткені, мал бөлгенде: Біреу сиыр, біреу ат, Біреулері түйе алды. Біреу ешкі, біреу қой, Бірі семіз бие алды.   Бұл арада, Тайырдың, манарақ кезде: Арқа-басы ошақтай, Жылқы біткен көтерме —   деген жылқыларынан «семіз биелер» шығып жатыр. Мал көп: ең аз тиді деген Балабасқа бес-алты қара беріледі. Қысқасы бұл күшті колхоз. Баға да алмай отырған жоқ. Бақпаса көп малды қалай сақтайды? Мұндай колхоз да көп. Мәселен, малын бөліп алып отырған Балабас үйіне Тайырды апарып мал жегізеді. Балабаста қойдан басқа сауын жоқ. Олай болса, біраздан кейін, Тайырдың: Болу керек саулықтар. Жазғытұры сауылған, — деуі қалай? Қозыларды:   Көген көрмей өскендей,— деуі қалай? Саулықты жазғытұры ғана сауса, қозы көген көрмесе, Балабас малды қайдан алды?   Басқа кемшіліктерің айтудың, алдын поэманың басталған төрт жолынан бастауға болады. Бұйраланған өлеңді, «Балабас» деп бастадым, Не туралы жырларын, Өзі білед дастаным,— «Бұйраланған» былай қарағанда әдемі сықылды көрінгенмен өлеңге бұйраны теңестірудің қанша көркемдігі барын айту киын. Соңғы екі жолы шып-шылғи қата. Айту түріне қарағанда, Тайырдың «Дастаны»— поэма (Оны аудармаса да болатын еді). Солай болған күнде, не туралы жырларын оқып білмей, поэма бітуі қалай? Поэма деген адамның сөзі арқылы жарыққа шығатын пікірі, сезімі емес пе? Сөзге адам ие емес пе? Адамның сөзіне әлі келмесе, жазғанынан не шығады? Талай төңкеріске қарсы өлеңдер, біз білетін, біз пайдаланатын сөздердің ішінен терілмей ме? Бұл Ғаббастың «Ақын көргенін көргенше жазады, ақылға салмайды» деген қата теориясы емес пе? Алмас жібек күзгі жел Беттен ойнап үзіп түр.   Желдің «алмас жібек» болуы қалай? Алмас қатты тас. Жібек жұмсақ мата. Күзгі желдің суықтығын, қатаңдығын айтса, алмас та жарамай ма. Суық қатты жел болғасын, оған жұмсақ жібектің қанша қатынасы бар? Көп жерге үйлес үшін келтірген, мағынасы басқаша болатын сөздер бар.   Ойнақтаған далада Шығып малдар шуақтан. Малдар «шуақтан» шыққан жоқ, «шуаққа» шығуы керек. Бұл арада айтылайын деген сөз «мал шуаққа, далаға шыққан» ғой. Өлеңде олай емес, «шуақтан далаға шыққан» боп отыр. Екінші сөзбен айтқанда, «шуақ жаман», «дала жақсы». Сөйлем қателігі.   — Он жетінші Цеканың Сентябрьде шығарған Қаулысында лайықты Мал бөлуге ұйғарған.   Бұл арада (Он жетінші Цеканың қаулысы екенін, я болмаса «Цеканың он жетінші сентябрьдегі қаулысы» екенін ұғу қиын.   Қолымыз хат, қараны Танымайды көзіміз.   Хат қараны көз бен қолдың қайсысы танымайтынын айыру тағы қиын.   Мақаланы аяқтайық. Тіл, образ мәселесіне осынша тоқтаған себебіміз, біздің әдебиетте тілге жауапсыздық өте бедел алып кетті. Тіл мәселесін кәзір орыс әдебиеті де қатты көтеріп отыр. Оны басқарып, бетін ашып отырған Максим Горький. Тілі байыған, әдебиеті бай орыс ұлты бұл мәселеге қатты қарап отырғанда, бізге екі есе қатты қарау керек. Үйткені, біздің әдебиетіміз жаңа өсіп келеді. Тіл мәселесінде біздің алдымызға қойылатын міндетіміз қазақ, әдебиетінде болған барлық тіл, образ байлығын сын көзімен толық пайдалана отыра, бізден бұрынғы тарихтардың тілінен, ілгері, өзіміздің пролетариаттық тілімізді, түрі ұлттық, мазмұны социалды тілімізді жасау. Ол үшін біздің ақын-жазушыларымыз тіліне өте жауапкер қарау керек.

I Сынсыз ақын

 

Тайыр Жароков—жас ақындарымыздың ішіндегі көрнектісінің біреуі. Оның әдебиет майданында көрінгеніне жеті-сегіз жылға жақындап қалды. Сол жылдардың ішінде Тайырдың бірсыпыра кітаптары шықты, олардың ішінде «Нефтстан» сықылды күрделі еңбектері де бар. Тайыр сын жағын ғана көбейтіп жүрген ақын емес, оның еңбектерінің ішінде мазмұны пролетариаттығымен қатар, түр жағынан, көркемдік жағынан ауыз толтырарлықтары жоқ емес.

Міне, Тайырдың осынша жазған еңбектеріне біздің сынымыз көңіл бөлу керек еді, жақсы жақтарын да, кемшіліктерін де ашу керек еді. Осылай еткен күнде Тайырдың өзіне де, одан сабақ алатын жас жазушыларға да сабақ болар еді. Амал қанша, мұндай сынды Тайыр он жылдық ақындық өмірінде кездестірмеді. Оның еңбегі туралы жазылған арнаулы бір мақала болмады. Сондықтан, Тайыр қай жерінде кемдігі барын көрмей айдап барады.

Сын жоқтығы Тайырдың өсуіне кедергі жасап отыр,оны қаталыққа әкеп соқтырып отыр. Мысалға «Бала бас» деген поэмасын алайық.

«Балабас» Тайырдың соңғы күрделі еңбегінің біреуі. Оның үстіне «Социалистік Қазақстан» мен жазушылар ұйымы жариялаған конкурсынан бәйге алды. Қазақстан жазушыларының таңдаулы еңбектерінен құрылған колхоздың қызыл кітабына («Социалды түлік») басылды. Осыларға қарағанда, поэма көңілдегідей болу керек еді, олай емес екендігін дәлелдеп көрейік.

«Балабасты» тексерудің алдында оқушыларға бір ескертіп кететін нәрсе, бұл сынымызда біз Тайырға бәлкім қаттырақ кетуді мақұл көрдік. Өйткен себебіміз:

1. Ол он жылға жақын жазған, көпшілік арасында аты танылған, газет-журналдарда аты көп көрінген, көп кітабы басылған ақын. Сондықтан оған, жаңа ғана бастап келе жатқан ақынға қараған көзқараспен қарауға болмайды,

2.         Ол жоғары дәрежелі білімі бар ақынымыз (Қазақстан педагогикалық институтын бітірді), әдебиеттің теориясы, тарихы, сыны туралы курстар өтті, орыстың, қазақтың күрделі ақын-жазушыларының енбегін оқыды, марксизм-ленинизм теорияларымен танысты, қысқасы Тайыр біздің мәдениетті ақынымыз. Сондықтан оған біз үлкен шарт қойып қараймыз.

3.         Ол өзі коммунист, Қазақстанда мәдениет төңкерісінің бір бұтағын басқарысып жүрген, өзі басқа жазушылардың да еңбегі қолынан өтіп отыратын адам.

Осы жақтарымен есептесіп, «Балабастың» кемшілігін ашуды мақұл деп ойлаймыз. Ондағы ойымыз Тайыр өз кемшілігінен өзі сабақ алсын дегендік және жас ақындарға сабақ болсын дегендік.

 

II Саяси қателер

Ауыл шаруашылығында партияның ұстап отырған саясаты — бұрынғы ұсақ өнерсіз, әлсіз қара шаруаның орнына күрделі, колхозданған өнерлері, күшті техникаға арқа тіреген шаруа жасау. Бұған марксизм-ленинизмнен хабары бар адам таласпайды.

Бірақ партия бұл саясатын әкімшілікпен емес, түсіндірумен, ақылмен жүргізеді. Көпшілікке ерік бере отыра, санасын тәрбиелеу арқылы колхозға ақылмен тартады.

Қазақстанда Крайкомның ескі нұсқауы колхоздандыру ісін партия жолымен жүргізбей перегиб жасады. Түсіндірудің орнына қара күшке, білекке салды. Бұл қателік бай-құлақтың колхозға қарсы үгітіне жәрдемші болды. Осындай перегибтің салдарынан 1930 жылдан бастап 1932 жылға шейін Қазақстанда мал саны өте төмендеді. Бір кезде одақтағы мал өсіру ретіндегі бірінші республика болса, перегиб кезінде арттағы республика боп қалды. Партия, осы қателікті кейін 1932 жылы 17 сентябрьде мал шаруашылығын Қазақстанда көтеру туралы қаулы шығарды.

Қаулыда кейбір аудандарда жеке меншікке 50 қараға шейін апаруға болады деген сөз айтылды. Бұл қаулыны, әрине, мал кәсібімен тіршілік ететін аудандарда колхоз жасауға болмайтындықтан шығарған қаулы деуге, болмаса, колхозды әзірге тоқтата тұру үшін шығарған қаулы деп ұғынуға болмайды. Бұл қаулы ете төмендегі мал шаруасын көтерумен қатар, колхоздандыруға үлкен базы (тірек) жасайды. 17 сентябрь қаулысы колхоздандыруға қайшы келетін қаулы емес, колхоздануды күшейтетін, күшейтуге жағдай жасайтын қаулы. Партия бұл саясатын ешкімнен жасырмайды да, жасырмақ та емес.

Тайыр жолдас қаулыны осылай ұға ма?

Жоқ.

1.         Тайыр поэманың ішінде бай-құлақтың малды құрту жөніндегі қастығы туралы бір ауыз сөз айтпайды. XVII партия съезінде мал басының өте төмендеген цифрын көрсетіп, оның бас себебі туралы съезд былай деген

«Мал түлігіндегі шаруамызға ірі бай-құлақ элементтері көп сіңгендіктен, қайта құрылыс кезінде байлардың-құлақтардың малды сою туралы үгіті күшті болғандықтан осы қалға келіп отырмыз».

Осындай себепті көрмей, ұқпай ешбір ақын мал шаруасы туралы түзу пікірлі поэма жаза алмайды.

2. Поэманың «IV» бөлімінде Тайыр:

Кей бояма белсенді, .

Бізді даяр илеуге —

деп, перегибтің бар кінәсын ауыл белсендісіне аудара береді. Крайкомның IV пленумінде оқыған өлеңінде де ол осы сөзді айтып, ескі нұсқаудың қателігі туралы «лам» деген жоқ еді. Осы жолы да соны істеп отыр. Крайкомның жаңа нұсқауы да, оның бас хатшысы да, барлық Қазақстан партия ұйымдары да «Малды құртуға бас себепкер ескі нұсқау» деп отырғанда, Тайыр жолдастың бұл жалтағына түсіну қиын.

Бұл сөзді айтқанда, біз белсенділер тап-таза демейміз. Бояма, байшыл белсенділерді былай қойғанда, қате басшылықты дұрыс деп түсініп, кейбір байшыл емес белсенділер де перегибті қолымен жүргізіп отырады. Бұларды айту керек. Бірақ ең үлкен кінәліні ұмытуға болмайды. Ондай ұмыту, партия жолын дұрыс ұғыну жөнінде көпшілікті адастырады.

3. Тайыр поэмасында мал азаю себебін қастықпен перегибтен көрі, колхоздың құрылыс жүйесінен шыққан деген пікір туғызады:

Колхоз малын әркім бір,

Күтіп бақпай сабалап

Көбіп мініп құртып ед,

Есіз малға бағалай.

Арқа, басы ошақтай

Жылқы біткен көтерем.

Бие-құлын тастаған,

Белді көлік өте кем».

Перегиб кезінде колхоз малының осындай күйге ұшырағаны рас. Тайырдың бұл арадағы қаталығы «Ортаға түскен малға ие жоқ, кім көрінген мініп өлтіре береді» деген пікірді қателік салдарынан да көрсетпей, «Колхоз болғандықтан» деп көрсетуі.

Тайыр бай-құлақ қастығын көрсетпейді. Ескі нұсқаудың перегибін айтпайды. Ауылдағы белсендіні сөккенде малды бақпады деп сөкпейді, еңбеккүнін қата жазды, орынсыз салық салды деп сөгеді. Олай болған күнде малды колхозшының өздері құртпағанда кім құртады? «Малды әркім билеп мінді» дегендегі «әркімдер» колхозшылардың өзі болмағанда кім болады?- Егер колхоздың орталығына түскен малды мүшелері осылай бақса, «Колхоз жамап екен» деген қорытындыға келмей қоя ма? Олай болса, мал шаруасында колхоз жасауға болмайды деген қортынды өзінен өзі тумай ма?

4. Колхоз мал өсіріп оңдырмайды екен деген қорытындыға келген Балабаспен, онымен бір колхоздағылар, 17 сентябрь қаулысын естігеннен кейін:

Ортадағы малдарды,

Бөлетұғын көрінет,

Мүшелерге жақында,

Беретұғын көрінет,—

деп санын шапалақтап қуанады.

 

5. XVII партия съезінің әлді колхоз жасау керек деген ұранын Тайыр «Байыңдар» деген ұран деп ұғады. Малын оңаша бағып жүрген Балабасқа ақын жолығып:

Сенікі ме мына қой,

Байыпсың ғой Балаға,

деп сұраса, анау:

Шүкір, шүкір әзірге

Осы жиырма қойым бар,

Байитұғын бұл — бұл ма

Бұдан әрі ойым бар.

Осы «баю» қай баю? Әрине, партия көшпелі ауданда қой санын 20 түгіл, 100-ге жеткіз деп отыр. Әңгіме Балабастың қойы 20-ға жетуде емес, оның бет алысында,ұғынысында. Бөлінген колхозшылардың не ісінде, не техникасында өткен колхоз туралы да, болашақ колхоз Туралы да түк сезілмейді. Олардың бар ынтасы, бар ойындағы сөзі «Баю, баю...» Енді қайтып колхоз бетін көргісі келетін Балабас та, басқалар да жоқ.

6. Поэманы оқып шыққаннан кейін оқушының алатын әсері мынау: Балабастар колхозға күшпен кірген, сондықтан орталықтағы малды өз малым деп санамай, құртуға тырысқан. Ерік бергеннен кейін, олар бөлісіп ап, бір бірінен тұра қашқан.

Шынында осылай ма? Әрине, жоқ. Бұл арада XVI партия съезінің ескертпесін айтпай кетуге болмайды. Онда: «колхозға біз еңбекші қара шаруаны зорлағанымыз жоқ. Олардың тұрмысы колхозды тіледі. Біз сол тілекті қарсы алдық та, колхоз құрылысын басқардық, басшылық еттік»—деген партияның бұл сөзін екі нәрсе дәлелдеді:

Бірінші, 1929 жылы жергілікті орындарда болған перегип. Орталық партия комитеті түзету туралы қаулы шығарып, қара шаруаға ерік беріп еді, колхозда көпшілігі қалды да, азы ғана ашықты. Қорқып кірсе сонда неге тарап кетпеді?

Екінші, Крайкомның ескі нұсқауының қателігін ашып партия қазақ колхозшыларына ерік беріп еді, колхоз түп-түгел сақталады. Тараушы өте аз болды.

Тайыр жолдастың осы сықылды саяси қатесін көрсеткенде біз оны әдейі жазып отыр деп айыптамаймыз. Жазуына жауапкершілік көзбен аз қарағандықтан деп айыптамаймыз. Бұл сықылды қатені көрсетпеуге әрине болмайды. Ол басқаларға үлгі боп кетуі мүмкін. Одан ақындарды сақтандыру керек.

 

Образ тіл, кемшілігі

Мазмұны қанша жақсы болғанмен, егер көркем әдебиеттік маңызын, заңын сақтамаса, ол көркем әдебиет емес. Көркемөнер деген нәрсе образбен ойлау (искусство есть мышление в образах). Бұған марксшілдер таласпайды. Образдың бағалы болуы шындыққа, шын тұрмысқа дәл келуі. Шындықтан тысқары, шындыққа жанаспайтын образ толық образ емес. «Балабасты» осы жағынан қарағанда да кемшілігі көп.

Ең алдымен бір ескерте кететін нәрсе поэмадағы кейіпкердің аттарының күлкі аттар екендігі. Бас кейіпкердің аты Балабас. Тағы біреуінің аты Бұзаубас. Қазақтың, толып жатқан аттарының ішінен «бала» мен «бұзаудың» басынан басқа бас кейіпкер табылмаған боп шығады. Бұлар Гогольдің сықақпен қойған аттары сықылды? Бұл әрине негізгі мәселе емес, бірақ айта кететін мәселе. Ақындар кісіге ат қоя да білу керек.

Балабастың .аты комедия болса, халы трагедия. Құлақ дейін десең — кешегі батырақ, колхозшы дейін десең — колхоздан ат-тонын ала қашып отыр. Жеке еңбекші шаруа дейін десең, қайдан, неден екені белгісіз, 300 еңбек күні бар. Осы Балабасымыздың образы ашық емес, көмескі. Оның кім екені айналып келгенде мәлімсіз.

Ақын Балабас образы арқылы әлі байшылдықтан арылмаған колхозшыны көрсетуге тырысқан болу керек. Бірақ олай ғып шығара алған жоқ. Ол колхозшының образы емес, батырақтан құлақтыққа қарай айдап бара жатқан образ.

Балабастан кейін Тайырдың бір көрсеткісі келген образы Нұршалы. Ол негізі байшыл емес, ағайыншыл, жақыншыл ғана жігіт. «Жақыншылдық» пен «байшылық» бір сөз емес. Нұршалы партия ұясының хатшысы. Перегибті өз қолынан колхозда жүргізген сол. Бірақ, перегиб түзелгенде ол орнынан алынбайды, қайта мал бөлу соның қолынан өтіп, жақсы малды жақындарына береді. Балабастар шет қақпай болады. Балабастың шет қақпай болуының өзі қызық. Үйткені:

Қолда жалғыз түйені,

Бастан салған ортаға.

 

Одан басқа ортақтастырған малы жоқ. Ал, малды бөлгенде:

 

Бір қашар мен бес жандық,

Балабасқа тигені.

Қоса бөлді тағы да,

Оған жалғыз түйені.

 

«Бес жандық» сөз түріне қарағанда бес ұсақ қара сықылды. Кашармен алтау. Түйемен жетеу. Сонда жалғыз түйе орнына сонша қара алып отырып, ол неге өкпелейді? Тегі бұл колхоз бір жағынан қарағанда перегиб көрген колхоз емес. Үйткені, мал бөлгенде:

Біреу сиыр, біреу ат,

Біреулері түйе алды.

Біреу ешкі, біреу қой,

Бірі семіз бие алды.

 

Бұл арада, Тайырдың, манарақ кезде:

Арқа-басы ошақтай,

Жылқы біткен көтерме —

 

деген жылқыларынан «семіз биелер» шығып жатыр. Мал көп: ең аз тиді деген Балабасқа бес-алты қара беріледі. Қысқасы бұл күшті колхоз. Баға да алмай отырған жоқ. Бақпаса көп малды қалай сақтайды?

Мұндай колхоз да көп. Мәселен, малын бөліп алып отырған Балабас үйіне Тайырды апарып мал жегізеді. Балабаста қойдан басқа сауын жоқ. Олай болса, біраздан кейін,

Тайырдың:

Болу керек саулықтар.

Жазғытұры сауылған, —

деуі қалай? Қозыларды:

 

Көген көрмей өскендей,—

деуі қалай? Саулықты жазғытұры ғана сауса, қозы көген көрмесе, Балабас малды қайдан алды?

 

Басқа кемшіліктерің айтудың, алдын поэманың басталған төрт жолынан бастауға болады.

Бұйраланған өлеңді,

«Балабас» деп бастадым,

Не туралы жырларын,

Өзі білед дастаным,—

«Бұйраланған» былай қарағанда әдемі сықылды көрінгенмен өлеңге бұйраны теңестірудің қанша көркемдігі барын айту киын. Соңғы екі жолы шып-шылғи қата. Айту түріне қарағанда, Тайырдың «Дастаны»— поэма (Оны аудармаса да болатын еді). Солай болған күнде, не туралы жырларын оқып білмей, поэма бітуі қалай? Поэма деген адамның сөзі арқылы жарыққа шығатын пікірі, сезімі емес пе? Сөзге адам ие емес пе? Адамның сөзіне әлі келмесе, жазғанынан не шығады? Талай төңкеріске қарсы өлеңдер, біз білетін, біз пайдаланатын сөздердің ішінен терілмей ме? Бұл Ғаббастың «Ақын көргенін көргенше жазады, ақылға салмайды» деген қата теориясы емес пе?

Алмас жібек күзгі жел

Беттен ойнап үзіп түр.

 

Желдің «алмас жібек» болуы қалай? Алмас қатты тас. Жібек жұмсақ мата. Күзгі желдің суықтығын, қатаңдығын айтса, алмас та жарамай ма. Суық қатты жел болғасын, оған жұмсақ жібектің қанша қатынасы бар?

Көп жерге үйлес үшін келтірген, мағынасы басқаша болатын сөздер бар.

 

Ойнақтаған далада

Шығып малдар шуақтан.

Малдар «шуақтан» шыққан жоқ, «шуаққа» шығуы керек. Бұл арада айтылайын деген сөз «мал шуаққа, далаға шыққан» ғой. Өлеңде олай емес, «шуақтан далаға шыққан» боп отыр. Екінші сөзбен айтқанда, «шуақ жаман», «дала жақсы». Сөйлем қателігі.

 

— Он жетінші Цеканың

Сентябрьде шығарған

Қаулысында лайықты

Мал бөлуге ұйғарған.

 

Бұл арада (Он жетінші Цеканың қаулысы екенін, я болмаса «Цеканың он жетінші сентябрьдегі қаулысы» екенін ұғу қиын.

 

Қолымыз хат, қараны

Танымайды көзіміз.

 

Хат қараны көз бен қолдың қайсысы танымайтынын айыру тағы қиын.

 

Мақаланы аяқтайық. Тіл, образ мәселесіне осынша тоқтаған себебіміз, біздің әдебиетте тілге жауапсыздық өте бедел алып кетті.

Тіл мәселесін кәзір орыс әдебиеті де қатты көтеріп отыр. Оны басқарып, бетін ашып отырған Максим Горький. Тілі байыған, әдебиеті бай орыс ұлты бұл мәселеге қатты қарап отырғанда, бізге екі есе қатты қарау керек. Үйткені, біздің әдебиетіміз жаңа өсіп келеді.

Тіл мәселесінде біздің алдымызға қойылатын міндетіміз қазақ, әдебиетінде болған барлық тіл, образ байлығын сын көзімен толық пайдалана отыра, бізден бұрынғы тарихтардың тілінен, ілгері, өзіміздің пролетариаттық тілімізді, түрі ұлттық, мазмұны социалды тілімізді жасау. Ол үшін біздің ақын-жазушыларымыз тіліне өте жауапкер қарау керек.

Бөлісу: