Қайтсек тілімізді дамытамыз?

8 Желтоқсан 2012, 06:02

  Құрметті қала тұрғындары, қазіргі кезде әрбір азамат өз ұлтының ділін, тілін, дінін, әдет-ғұрпын, тұрмыс - салтын көркейтуге ат салысатын кезі келген тәрізді. Бәріміз де білеміз ортақ бесігіміз, баспанамыз - жұмыр жер бетінде неше түрлі ұлттар мен ұлыстар, халықтар мен қауымдар бар, бір ғажабы солар қаншама көп болғанмен, бір-біріне айна-қатесіз ұқсамайды. Сонда оларды өзара ажыратып, айрықшаландырып тұратын белгі - бедерлер немене? Әрине алдымен түрі мен тұрпаты. Содан соң ділі мен діні, әдет-ғұрпы мен мінез-құлқы тағы с.с. Бірақ, біздіңше, солардың ішіндегі ең бірінші және ең бастысы — тіл. Өйткені тұр мен тұлға өзгеріп, мінез-құлық пен әдет - ғұрып та жаңарып, тіпті дін де ауысып кетуі мүмкін. Демек адамның, ұлттың ең мықты тұсы — тағы да осы тілінде. Себебі тілінен айырылған халық бәрінен де айырылады. Ол адамзаттың дара халқынан дарақы қалпына, мәдениетті тобынан мәңгүрт тобырына айналады. Міне, сондықтан да болса керек, патша өкіметі отарлаушылары мен Совет өкіметінің отарлаушылары қазақ елінің жерін еркін иемденіп, кенін қымсынбай көсіп алуға қанағаттанбай, ділін қусырып, тілінің тамырын қырқуға әрекеттеніп еді. Содан 1985 жылдары ғана қайта кез ашылғанда күллі қазақ баласының түгел дерлік ұйықтап жатқаны байқалды. Енді болмаса қазақ ұлты жер бетінен жойылғандай екен. Тіпті қайта құру басталғаннан 4 жыл еткеннен кейін де мардымсыз ілгері бастық. 1989 жылдың өзінде қазақ мектептері аз болып, республикамыздағы 205 ауданның 23-інде іс қағаздары қазақ тілінде жүрсе, орыс тіліндегі балабақшаларда 1 миллиондай балдырғандарымыз тәрбиеленіп жатса не айтамыз. Енді, міне, қазақ тілін мемлекеттік мәртебеге көтерген Қазақстан Республикасының "Тіл туралы Заңының" енгеніне екі жылға жуық уақыт болды. Осы уақыт ішінде қазақ тілінің Дамытылу өрісі осы өз отырған қаламызда қалай екен? Әрине, қала балабақшаларында қазақ топтарының көбеюі, орта мектептің қазақ тіліне көшуі халықтың педагогика тұрғысында тәрбиелеудегі шаралары, мекеме, кәсіпорындарда "Қазақ тілі" ұйымдары ашылып, Наурыз, құрбан айт, ауыз ашар кәделерінің өткізілуі соңғы уақытта мекеме, кәсіпорындарда қазақша-орысша жазу мәшіңкелерін жасақтауда қалалық "Қазақ тілі" қоғамының іс-әрекеті - қазақ тілінің өркендеуіне қаламыздағы кәсіпорындар мен мекемелерде бұл мәселеге бетбұрыс болғандығының айқын белгісі. Дегенмен әлі де жасай түсетін, жүзеге асырар шаралар баршылық. Атап айтқанда, қаладағы аралас мектептердегі сабақ оқу жүйесін бір кезеңге қазақ, орыс кластарын араластырмай таза бір тілде оқытылуын ретке келтіруді қалалық "Қазақ тілі" қоғамы нақтылай қолға алғаны дұрыс болар еді. Екіншіден, қазақ класына сабақ беретін мұғалімдердің таза сөйлеуі мен сауаттылығына ерекше ден қойып, мектептегі еңбек, дене тәрбиесі сабақтарын қазақша жүргізетін уақыт жеткен тәрізді. Үшіншіден, баяғыдан бері өз тіліміздің дамуына кесірін тигізгені де жетер, сондықтан жоғарының нұсқауын күтпей - ақ, қалалық Халыққа білім беру бөлімі мен қалалық "Қазақ тілі" қоғамы бірлесе отырып, бұрынғы орыс кластары тобының қаражатын қазақ кластарының тобына аударып, қазақ балаларының өз ана тіліне деген ынтасын өсіру керек. Б. Айдаралиев 2 орта мектеп оқу ісінің орынбасары, "Қазақ тілі" қоғамы бастауыш ұйымының төрағасы. 24.06.1992 ж.  

 

Құрметті қала тұрғындары, қазіргі кезде әрбір азамат өз ұлтының ділін, тілін, дінін, әдет-ғұрпын, тұрмыс - салтын көркейтуге ат салысатын кезі келген тәрізді. Бәріміз де білеміз ортақ бесігіміз, баспанамыз - жұмыр жер бетінде неше түрлі ұлттар мен ұлыстар, халықтар мен қауымдар бар, бір ғажабы солар қаншама көп болғанмен, бір-біріне айна-қатесіз ұқсамайды. Сонда оларды өзара ажыратып, айрықшаландырып тұратын белгі - бедерлер немене? Әрине алдымен түрі мен тұрпаты. Содан соң ділі мен діні, әдет-ғұрпы мен мінез-құлқы тағы с.с. Бірақ, біздіңше, солардың ішіндегі ең бірінші және ең бастысы — тіл. Өйткені тұр мен тұлға өзгеріп, мінез-құлық пен әдет - ғұрып та жаңарып, тіпті дін де ауысып кетуі мүмкін. Демек адамның, ұлттың ең мықты тұсы — тағы да осы тілінде. Себебі тілінен айырылған халық бәрінен де айырылады. Ол адамзаттың дара халқынан дарақы қалпына, мәдениетті тобынан мәңгүрт тобырына айналады. Міне, сондықтан да болса керек, патша өкіметі отарлаушылары мен Совет өкіметінің отарлаушылары қазақ елінің жерін еркін иемденіп, кенін қымсынбай көсіп алуға қанағаттанбай, ділін қусырып, тілінің тамырын қырқуға әрекеттеніп еді. Содан 1985 жылдары ғана қайта кез ашылғанда күллі қазақ баласының түгел дерлік ұйықтап жатқаны байқалды. Енді болмаса қазақ ұлты жер бетінен жойылғандай екен. Тіпті қайта құру басталғаннан 4 жыл еткеннен кейін де мардымсыз ілгері бастық. 1989 жылдың өзінде қазақ мектептері аз болып, республикамыздағы 205 ауданның 23-інде іс қағаздары қазақ тілінде жүрсе, орыс тіліндегі балабақшаларда 1 миллиондай балдырғандарымыз тәрбиеленіп жатса не айтамыз.

Енді, міне, қазақ тілін мемлекеттік мәртебеге көтерген Қазақстан Республикасының "Тіл туралы Заңының" енгеніне екі жылға жуық уақыт болды. Осы уақыт ішінде қазақ тілінің Дамытылу өрісі осы өз отырған қаламызда қалай екен? Әрине, қала балабақшаларында қазақ топтарының көбеюі, орта мектептің қазақ тіліне көшуі халықтың педагогика тұрғысында тәрбиелеудегі шаралары, мекеме, кәсіпорындарда "Қазақ тілі" ұйымдары ашылып, Наурыз, құрбан айт, ауыз ашар кәделерінің өткізілуі соңғы уақытта мекеме, кәсіпорындарда қазақша-орысша жазу мәшіңкелерін жасақтауда қалалық "Қазақ тілі" қоғамының іс-әрекеті - қазақ тілінің өркендеуіне қаламыздағы кәсіпорындар мен мекемелерде бұл мәселеге бетбұрыс болғандығының айқын белгісі. Дегенмен әлі де жасай түсетін, жүзеге асырар шаралар баршылық. Атап айтқанда, қаладағы аралас мектептердегі сабақ оқу жүйесін бір кезеңге қазақ, орыс кластарын араластырмай таза бір тілде оқытылуын ретке келтіруді қалалық "Қазақ тілі" қоғамы нақтылай қолға алғаны дұрыс болар еді. Екіншіден, қазақ класына сабақ беретін мұғалімдердің таза сөйлеуі мен сауаттылығына ерекше ден қойып, мектептегі еңбек, дене тәрбиесі сабақтарын қазақша жүргізетін уақыт жеткен тәрізді. Үшіншіден, баяғыдан бері өз тіліміздің дамуына кесірін тигізгені де жетер, сондықтан жоғарының нұсқауын күтпей - ақ, қалалық Халыққа білім беру бөлімі мен қалалық "Қазақ тілі" қоғамы бірлесе отырып, бұрынғы орыс кластары тобының қаражатын қазақ кластарының тобына аударып, қазақ балаларының өз ана тіліне деген ынтасын өсіру керек.

Б. Айдаралиев

2 орта мектеп оқу ісінің орынбасары,

"Қазақ тілі" қоғамы бастауыш

ұйымының төрағасы.

24.06.1992 ж.

 

Бөлісу: