Жазушылар конференциясы керек

8 Желтоқсан 2012, 05:51

Октябрьдің ар жағын былай қоя тұрғанда, Қазақстанда Совет өкіметі құрылғалы қазақ әдебиеті үш дәуірді басынан кешірді. 1920—1923 жылдары Қазақстанның қай жерінде болса да төңкеріске қарсы байшыл ақындардың ауыздығы алулы болды. Байшыл жазушылар советтік ақшаға, Советке қарсы кітаптар, журналдар, шығармалар шығарды. Ол шақта олардың бетіне мынауың теріс деген, салт-сана майданына шығып, ұлтшылдарды бетке ұрған адам жөнді болған жоқ, 1923—1926 жылдардың бас кезінде байшыл жазушылар Қазақстаннан қуғын көрді. Ол кезде қазіргі Қазақстан екі бөлек еді ғой. Ескі Қазақстаннан таяқ жеген: Аймауытұлы Жүсіпбек, Жұмабайұлы Мағжан, Кемеңгерұлы Қошке, Байтасұлы Ғабдолла, Исхақұлы Даниял сықылды байшылдар тұтасымен Түркістанға барып, Қожанұлының қолтығына паналады. Сұлтанбек Қожанұлы былтыр Ораз Исаұлының сұрауына —«менің жігім төңкеріске қарсы жік еді» деген жауап берді. Сол қарсылығымен ол, қашып барған байшылдарды бауырына паналатып, «Ақ жол» газетін қолдарына берді, «Шолпан», «Сана» деген журналдар шығартты, Қазақстанда бастыра алмаған кітаптарын басты. Осы айтылған, шығармалардың бәрі де Совет өкіметіне қарсы болды. Ол кезде еңбекші тап деп аузына алған адам болса, байшылдар «жазудың техникасын білмейтін соқыр түйе» деп келемеж қылуға тырысты. Байшылдарды осы сүйеудің арты, кәдімгі белгілі бек-бике Смағұл Садуақасұлының паркомдігіне келіп соқты. Ол Наркомпрос кезінде біздің баспасөзіміз кәдімгі байшыл баспасөзге айналды. Еңбекші жазушылар қағажу болды, маңдайға ұрылды. Оларға баспадан орын берілмеді. Бірақ Қазақстанда күшейіп келе жатқан тап тартысының әсерінен туған еңбекші қаламгерлер, бетке соғылдық деп күресін тоқтатпады. Сол күресте өшкен жоқ, өсіп шыныға берді. С. Садуақасов Наркомдіктен құлап, қазақ коммунистерінің жіктен безіп, партия жолына бейімделген кезінен бастап ұлтшылдардың, байшылдардың адымы қысқарды. Баспасөздегі кең орындары тарылды. Сонымен қатар еңбекші жазушылар өрттей қаулап, бұрынғы бірен-сарандарға еңбекшілердің өз арасынан жүздеген жас қаламдар қосылды. Газет, журнал, баспасөз солардың қолына көшті. Олар байшыл жазушылармен күресумен қатар еңбекші бұқараның рухани азығын табуға жарады. Осы жазушылардың өсуінің аяғы, Қазақстанда пролетариат-шаруа жазушылар ұйымын құруға соқты. Кемшіліксіз ұйым, кемшіліксіз іс ешуақытта болмақ емес. Жоғары атап өткен жақсы жақтарын былай қойғанда, ұйымның да, жазушылардың да іс жүзінде кемдіктері, қателіктері көрінді. Ұйым өсіп келе жатқан күшті ойдағыдай басқарып әкете алмады. Ұйымда белгілі устав пен платформа (бағыт) болмады. Ұйым жер-жерден бөлімшелерін жақсылап аша алмады. Ашса да дұрыс жолбасшылық ете алмады. Жазушылар жазуларында көбірек сүрініп жүрді. Оқтай зымырап бара жатқан социалистік құрылыстың екпініне ере алмады. Социалистік жарыстың жазушылардың көбі алдына емес, артына түсіп отырды. Осы кемшіліктер неден еді? Әрине, жазушылар басын қосып, кемдіктерін кеңесіп, ендігі бағытымыз былай болсын деп бір қаулыға келмегендіктен еді; мүдірмей тарта беретін әдебиет майданында сара жолдын жоқтығы еді. Еңбекші жазушыларды әлі де болса көрмейтін, көрсе де бағаламайтын, өсіп қалғанын сезбейтін жолдастар жоқ емес. Бірақ біз енді ол халден өттік, мазмұн жағынан болсын, түр жағынан болсын алға кеттік. «Бізде мынадайлар бар» деп, біраз адамды ауызға алуға жарадық. Енді бізге осы еңбекші жазушыларды бұдан да тез өсіретін жолға салу керек. Кеңес топырағында, пролетариат үстемдігінде не мәселе болса да көпшілікпен, ақылмен, съезд, конференциямен шешілетіндігі іс жүзінде көрілген нәрсе. Осы жолды жазушылар да қолданбаса болмайды. Бұл мәселеде кеш қалған біздің Қазақстан жазушылары, өзге республикалардың жазушыларының бір емес, әлденеше конференциялары өтті. Менің осы мақаланы жазғандағы мақсатым, осы конференция мәселесін сөз қылу. Рас, конференция шақыру оңай емес, оған қаражат, тағы басқа нәрселер керек. Бірақ қиын болғанмен, кеп жабылса жоқ табылады. Қазақстанның кеңес, партия орындары көмегін тигізсе, түк те қиындық жоқ. Мұндай іске, әзірге ұйымның әлі келмейді. Үйткені, ол әлі жас, қаражаты жоқ. Бірақ ұйым енді осы мәселені қолға алып, тиісті орындармен сөйлесу керек. Менімше бұған тиісті орындар тартынбайды. Үйткені, қазіргі социалистік құрылыста бір үлкен майдан салт-сана майданы, мәдени төңкеріс майданы. Осының екеуіне де еңбекші жазушылардың қатынасы мол. Конференция арқылы қиын мәселелерін шешіп алып, кемдігін сөйлесіп алып іске кіріссе, көп жеміс беретінін біз бұл арада партия, кеңес орындарына айтпай-ақ қоямыз. Оны олар бізден артық біледі. Қысқасын айтқанда, Қазақстандағы еңбекші жазушылардың басын бір қосып, бір конференция шақыратын уақыт жетті.

Октябрьдің ар жағын былай қоя тұрғанда, Қазақстанда Совет өкіметі құрылғалы қазақ әдебиеті үш дәуірді басынан кешірді.

1920—1923 жылдары Қазақстанның қай жерінде болса да төңкеріске қарсы байшыл ақындардың ауыздығы алулы болды.

Байшыл жазушылар советтік ақшаға, Советке қарсы кітаптар, журналдар, шығармалар шығарды. Ол шақта олардың бетіне мынауың теріс деген, салт-сана майданына шығып, ұлтшылдарды бетке ұрған адам жөнді болған жоқ,

1923—1926 жылдардың бас кезінде байшыл жазушылар Қазақстаннан қуғын көрді. Ол кезде қазіргі Қазақстан екі бөлек еді ғой. Ескі Қазақстаннан таяқ жеген: Аймауытұлы Жүсіпбек, Жұмабайұлы Мағжан, Кемеңгерұлы Қошке, Байтасұлы Ғабдолла, Исхақұлы Даниял сықылды байшылдар тұтасымен Түркістанға барып, Қожанұлының қолтығына паналады. Сұлтанбек Қожанұлы былтыр Ораз Исаұлының сұрауына —«менің жігім төңкеріске қарсы жік еді» деген жауап берді. Сол қарсылығымен ол, қашып барған байшылдарды бауырына паналатып, «Ақ жол» газетін қолдарына берді, «Шолпан», «Сана» деген журналдар шығартты, Қазақстанда бастыра алмаған кітаптарын басты. Осы айтылған, шығармалардың бәрі де Совет өкіметіне қарсы болды. Ол кезде еңбекші тап деп аузына алған адам болса, байшылдар «жазудың техникасын білмейтін соқыр түйе» деп келемеж қылуға тырысты. Байшылдарды осы сүйеудің арты, кәдімгі белгілі бек-бике Смағұл Садуақасұлының паркомдігіне келіп соқты. Ол Наркомпрос кезінде біздің баспасөзіміз кәдімгі байшыл баспасөзге айналды. Еңбекші жазушылар қағажу болды, маңдайға ұрылды. Оларға баспадан орын берілмеді. Бірақ Қазақстанда күшейіп келе жатқан тап тартысының әсерінен туған еңбекші қаламгерлер, бетке соғылдық деп күресін тоқтатпады. Сол күресте өшкен жоқ, өсіп шыныға берді.

С. Садуақасов Наркомдіктен құлап, қазақ коммунистерінің жіктен безіп, партия жолына бейімделген кезінен бастап ұлтшылдардың, байшылдардың адымы қысқарды. Баспасөздегі кең орындары тарылды. Сонымен қатар еңбекші жазушылар өрттей қаулап, бұрынғы бірен-сарандарға еңбекшілердің өз арасынан жүздеген жас қаламдар қосылды. Газет, журнал, баспасөз солардың қолына көшті. Олар байшыл жазушылармен күресумен қатар еңбекші бұқараның рухани азығын табуға жарады. Осы жазушылардың өсуінің аяғы, Қазақстанда пролетариат-шаруа жазушылар ұйымын құруға соқты.

Кемшіліксіз ұйым, кемшіліксіз іс ешуақытта болмақ емес. Жоғары атап өткен жақсы жақтарын былай қойғанда, ұйымның да, жазушылардың да іс жүзінде кемдіктері, қателіктері көрінді.

Ұйым өсіп келе жатқан күшті ойдағыдай басқарып әкете алмады. Ұйымда белгілі устав пен платформа (бағыт) болмады. Ұйым жер-жерден бөлімшелерін жақсылап аша алмады. Ашса да дұрыс жолбасшылық ете алмады.

Жазушылар жазуларында көбірек сүрініп жүрді. Оқтай зымырап бара жатқан социалистік құрылыстың екпініне ере алмады. Социалистік жарыстың жазушылардың көбі алдына емес, артына түсіп отырды.

Осы кемшіліктер неден еді? Әрине, жазушылар басын қосып, кемдіктерін кеңесіп, ендігі бағытымыз былай болсын деп бір қаулыға келмегендіктен еді; мүдірмей тарта беретін әдебиет майданында сара жолдын жоқтығы еді.

Еңбекші жазушыларды әлі де болса көрмейтін, көрсе де бағаламайтын, өсіп қалғанын сезбейтін жолдастар жоқ емес. Бірақ біз енді ол халден өттік, мазмұн жағынан болсын, түр жағынан болсын алға кеттік. «Бізде мынадайлар бар» деп, біраз адамды ауызға алуға жарадық. Енді бізге осы еңбекші жазушыларды бұдан да тез өсіретін жолға салу керек. Кеңес топырағында, пролетариат үстемдігінде не мәселе болса да көпшілікпен, ақылмен, съезд, конференциямен шешілетіндігі іс жүзінде көрілген нәрсе. Осы жолды жазушылар да қолданбаса болмайды. Бұл мәселеде кеш қалған біздің Қазақстан жазушылары, өзге республикалардың жазушыларының бір емес, әлденеше конференциялары өтті.

Менің осы мақаланы жазғандағы мақсатым, осы конференция мәселесін сөз қылу. Рас, конференция шақыру оңай емес, оған қаражат, тағы басқа нәрселер керек. Бірақ қиын болғанмен, кеп жабылса жоқ табылады. Қазақстанның кеңес, партия орындары көмегін тигізсе, түк те қиындық жоқ. Мұндай іске, әзірге ұйымның әлі келмейді. Үйткені, ол әлі жас, қаражаты жоқ. Бірақ ұйым енді осы мәселені қолға алып, тиісті орындармен сөйлесу керек. Менімше бұған тиісті орындар тартынбайды. Үйткені, қазіргі социалистік құрылыста бір үлкен майдан салт-сана майданы, мәдени төңкеріс майданы. Осының екеуіне де еңбекші жазушылардың қатынасы мол. Конференция арқылы қиын мәселелерін шешіп алып, кемдігін сөйлесіп алып іске кіріссе, көп жеміс беретінін біз бұл арада партия, кеңес орындарына айтпай-ақ қоямыз. Оны олар бізден артық біледі.

Қысқасын айтқанда, Қазақстандағы еңбекші жазушылардың басын бір қосып, бір конференция шақыратын уақыт жетті.

Бөлісу: