Әлі де алынбаған асулар көп

8 Желтоқсан 2012, 05:39

  Қазақ ақыны Сағи Жиенбаевтың тіліміз туралы мынандай жолдары бар: Қанатыңды қайтадан қағасың ба? Жанарымнан жас болып тамасың ба? Ақ маңдайың жарқырап болашаққа Қазақ деген атты алып барасың ба? Мемлекеттік тіліміздің іс қағаздарына кірісіп, бірте - бірте өміріміздің барлық мазмұнына сіңісуі үшін осы кезге шейін Президент қол қойған екі "Тіл заңы" жарық көрді. Олар: 1.1989 жылдың 22 қыркүйегіндегі "Қазақ ССР-індегі тілдер туралы Заң", 2.1997 жылдың 11 шілдесіндегі - "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы Заң". Сонымен қатар ең соңғы құжат -1998 жылдың 14 тамызындағы "Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту туралы" Үкімет Қаулысы. Бұлар іле-шала облыс, қала әкімдерінің Бағдарламаларымен жалғасып жатса да, оларды іске асыру турасындағы қимыл өлі мардымсыз. Тек соңғы Қаулыдан кейін орталықтан Тіл департаменті ашылып, түрлі сөздіктер басып шығару, компьютерлерді қазақшалау сияқты шаралар жоспарланып жатыр және орталық газет, телеарналардан тіл насихаты біршама күшейген сияқты. Біздің көпжылдық тәжірибеміз былай дейді. Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу үшін: І.Жазу мешіңкілері мен компьютерлер қазақ тілінде көбейтіліп, мемлекеттік не коммерциялық жүйе арқылы сатылу керек. 2.Өндіріс пен мекеменің, оқу орындарының әр саласына арналған іс қағаздарының үлгісі жасалып, таратылуы тиіс. 3. Алғашқы бесжылдықта әрбір өндірістік ұжымның мемлекеттік тіл маманын жұмысқа алуы міндеттелуі керек. / Бұл бап үкімет қаулысында бар. Бірақ оның орындалуын ешкім қадағалар емес./ 4.Жоғарыдан төменгі органдарға дейін, меншік нысанына қарамастан, іс қағаздарың бірінші кезекте мемлекеттік тілде жүргізу керек, / Бұл бап та "Тіл заңында"бар / Жаңаөзеннің жағдайы Ақтау қаласында қарағанда шүкіршілік дерлік. Қала халқының құрамы түгелге жуық қазақ халқынан тұрады. Ресми орыс мектебі — біреу. Ондағы оқып жатқандардың да көбі - қазақтар, яғни бұл мектептегі 1479 оқушының 982 - сі қазақтар, /66,4.%/. Ал 1997-98 оқу жылында 1 орыс класына 163 бала барса, оның 126-сы қазақтар екен./77,3%/Былайша айтқанда біздің осындай жағдайымыздың өзіңде әлі де ескіше ойлау белең алып тұр.Олардың кейбіреуінің ұлттық ой-санасы тоталитарлық жүйе кезіндегі күйінде тұр. Олар қазір дүниежүзілік ақпараттың 5 %-ы ғана орыс тілінде жүретінін білмейді. Осының нәтижесінде өз ұл - қыздарының рухани дүниесіне опасыздық жасап, оларды орыс мектебіне сүйрелеумен келеді. Балабақшалардың көбі жабылған, қалғандары оқу - тәрбие жұмысын ана тілімізде жүргізуде. Қала көлеміндегі ірілі - уақты 100-ге таяп қалатын мемлекеттік кәсіпорындар, түрлі қызметтік сервистер, т.б. кіріс-шығыс қағаздарын, өз іштеріндегі құжаттарды негізінде мемлекеттік тілде жүргізуде. Десек те еткен 1999 жылдың қортындысына көз жіберсек, "Жөндеу механикалық зауыты"/ Толмаков Т /, "Алау" БК-Ұлықпанов О., №1 ұңғыларға қызмет көрсету Басқармасы - Нұрадинов Б., "Бұрғылау" ЖШС - Әжібаев Т., "Мұнайхимсервис"ЖШС-Тілеуқұлов Қ.сияқты ұжымдар мемлекеттік тілді өз жұмыстарына толық пайдалана алмай отыр. Бұндай басшылар "Қазақ тілі" ұйымының ескертпелеріне атүсті қарап, ана тіліміздің тағдырына немкетті көзқарас танытуда.Тексеріс кезінде кезіміз жеткеніндей, көпшілік өндірістік кәсіпорындардың есеп-қисап бөлімдері, банктердің қаржылық есеп-қисап қағаздары әлі қозғаусыз жатыр. Президентіміз бір сөзінде: "Егер біз қазір ана тіліне жан бермесек, үлкен қасіретке душар боламыз",- деген еді. Сондықтан кәсіпорын басшылары өз жұмысшыларының рухани сұраныстарымен де айналысып, қолда бар мүмкіндіктерді сарқа пайдаланулары қажет. Соның бірі —штатқа мемлекеттік тіл маманын қабылдау жайлы Үкімет Қаулысын орындау. Бұл туралы Қаулыда: Мемлекеттік ұйымдардың, кәсіпорындар мен мекемелердің штат кестелеріне қазақ тіліндегі іс жүргізушілер мен аудармашылардың лауазымдары енгізілсін, - деп көрсетілген./4- бап /. Осы 10 жыл ішінде кәсіпорындарда аудармашылық қызмет атқарған екі тілдің білгірлерін атасақ: Аманшаева М.,Аталықова А., Хамзаева Ш.,Борамбаев Б., Айдаров А., Айдарбаев Ж., Алдашева Г., Латыпов А.,Құсайынова В.,Тұрғамбаева А, Харесов С., Исағұлов 3., Сәрсенова А. Бір өкінерлігі кейбір басшылар штат қысқартуды осы аудармашылардан бастап жүр. Сол себепті олар қазір жоғарыда аталған мамандардың кейбіреулерінен айырылып қалып отыр. Мәңгүрттігімізді түсіндіру үшін мұнан артық қандай дәлел керек?! Одан басқа "Қазақ тілі" ұйымының жанында мамандандырылған "Ана тілі" ЖШС жұмыс істейді. Осы 10 жыл ішінде Серіктестік қала ұжымдарын 40 және қазақша-орысша шрифі бар "Ятрань"жазу мәшінкісімен жабдықтады. Әдістемелік құралдар мен қазақша-орысша сөздіктерді алып берді. Кәсіпорындарда "Тіл ашар" сабақтарын жүргізді. Биылдың өзінде қала ұжымдарының 70 пайызын " Үлкен орысша-қазақша, қазақша-орысша сөздікпен", "Рауан" баспасынан шығып жатқан "Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздіктермен" жабдықтады. Бірақ аударма мәселесінде "Магомедтің тауға келуі" қиын болып тұр. Күні бүгін осы Серіктестікпен 3 ұжым ғана Келісім шарт жасаған. Олар: "Ремсервис"ЖШС / Чекашев В.А. /, "Мұнайэнергосервис"ЖШС / Өтебергенов Д. /,"Шарайна" / Құдайбергенов И./ Көбіне жарыққа шығып жатқан "Тіл заңдарын" сөз еткенде, оларды орындау тетігі жоқ екенін, қаржы бөлінбейтінін айтамыз. Ал 1997 жылдың 11 шілдесіндегі "Тіл Заңы " осы олқылықты ескерген сияқты. Оның 7 бабында: - Қазақстанда мемлекеттік тілдің қолданылуына және оларды үйретуге келтіретін лауазымды адамдардың іс-әрекеттері Қазақстан Республикасы Заңдарына сәйкес жауапкершілікті әкеп соқтырады,- делінген. Міне, осы жерде Жаңаөзен қаласының прокуроры Құлжанов Болаттың игілікті ісін айтпай кетуге болмайды. Ол тек 1998 жылдың үш айының ішінде қаламыздың 36 ұжым басшысына "Тіл заңын" бұзғаны үшін, наразылық жолдаған. Наразылық қаладағы түрлі саладағы өндіріс орындарын, мекемелерді, балабақшаларды, Салық инспекциясын, Нотариалды кеңсені, кәсіптік-техникалық мектептер мен орта мектептерді, ішкі істер бөлімін, тіпті өртке қарсы күресу жасақтарын да қамтыған. Біздің бұл ұзақ тізімді келтіру себебіміз, мемлекеттік тілде іс жүргізу тек ірі өндірістік объектілердің ғана міндеті емес, ол заңның бәрімізге ортақ екенін прокурордың есімізге салып отырғанын тағы да ескерту. Қала прокуроры 5 өз наразылықтарын былай аяқтап отырған: Сөйтіп жоғарыда көрсетілген кәсіпорындар мен оқу орындары Қазақстан Республикасының "Тіл туралы Заңын" бұзған. Жоғарыда айтылғандар негізінде. Қазақстан Республикасы прокуратурасы туралы 5 Заңның 25 бабын басшылыққа алып сұраймын:   1.         Осы ұсыныстарды өз аппаратыңызда қарап, айтылған кемшіліктерді жоюға нақты шара алуды. 2.         Ұсыныс түскен күннен бастап, 1 ай мерзім ішінде алынған Шешім туралы Жаңаөзен прокуратурасына хабарлауды. Осы құжаттан кейін қала ұжымдарында мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізуде қозғалыс басталған сияқты еді, Болатты Ақтауға ауыстырғаннан кейін іс аяқсыз қалғанға ұқсайды. Баяғы түрік елінде Қараман уалаятының ханы: "Үйде, шаруашылықта, мәжілісте, аланда, аулада сөз тек түрік тілінде жүрсін. Басқа тіл араласпасын", - депті. Содан бері 720 жыл өтіпті. Өркениетті елдерге ұқсап, бір жеңнен қол, бір ауыздан сөз шығарып, аталарымыздың мың жылдық мәдениеті мен ақыл-үрдісін жастарымыздың бойына сіңіргіміз келсе, рухани аза бастаған халқымыздың ұлттық сана-сезімін көтергіміз келсе, саф алтындай, кәусар бұлақтай ана тіліміздің дамуын тездетейік, оған қамқоршы болайық, өміріміз бен ісімізге енгізейік. Сөз соңында Америка философы Сантаянаның "еткен тарихынан дұрыс қорытынды жасай білмеген халық қайта құлар күнін күтеді" дегенін естеріңізге сала отырып, әңгімемді М.Әлімбаевтың мына өлең жолдарымен көмкергім келеді: Кіршіксіз ардай сақтаңдар Қазақтың тілін ғаламат. Ұрпақтар, атар ақ таңдар, Аманат саған, аманат! 20. VIІІ.1999 ж.  

 

Қазақ ақыны Сағи Жиенбаевтың тіліміз туралы мынандай жолдары бар:

Қанатыңды қайтадан қағасың ба?

Жанарымнан жас болып тамасың ба?

Ақ маңдайың жарқырап болашаққа

Қазақ деген атты алып барасың ба?

Мемлекеттік тіліміздің іс қағаздарына кірісіп, бірте - бірте өміріміздің барлық мазмұнына сіңісуі үшін осы кезге шейін Президент қол қойған екі "Тіл заңы" жарық көрді. Олар:

1.1989 жылдың 22 қыркүйегіндегі "Қазақ ССР-індегі тілдер туралы Заң",

2.1997 жылдың 11 шілдесіндегі - "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы Заң". Сонымен қатар ең соңғы құжат -1998 жылдың 14 тамызындағы "Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту туралы" Үкімет Қаулысы. Бұлар іле-шала облыс, қала әкімдерінің Бағдарламаларымен жалғасып жатса да, оларды іске асыру турасындағы қимыл өлі мардымсыз. Тек соңғы Қаулыдан кейін орталықтан Тіл департаменті ашылып, түрлі сөздіктер басып шығару, компьютерлерді қазақшалау сияқты шаралар жоспарланып жатыр және орталық газет, телеарналардан тіл насихаты біршама күшейген сияқты.

Біздің көпжылдық тәжірибеміз былай дейді. Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу үшін:

І.Жазу мешіңкілері мен компьютерлер қазақ тілінде көбейтіліп, мемлекеттік не коммерциялық жүйе арқылы сатылу керек.

2.Өндіріс пен мекеменің, оқу орындарының әр саласына арналған іс қағаздарының үлгісі жасалып, таратылуы тиіс.

3. Алғашқы бесжылдықта әрбір өндірістік ұжымның мемлекеттік тіл маманын жұмысқа алуы міндеттелуі керек. / Бұл бап үкімет қаулысында бар. Бірақ оның орындалуын ешкім қадағалар емес./

4.Жоғарыдан төменгі органдарға дейін, меншік нысанына қарамастан, іс қағаздарың бірінші кезекте мемлекеттік тілде жүргізу керек, / Бұл бап та "Тіл заңында"бар /

Жаңаөзеннің жағдайы Ақтау қаласында қарағанда шүкіршілік дерлік.

Қала халқының құрамы түгелге жуық қазақ халқынан тұрады. Ресми орыс мектебі — біреу. Ондағы оқып жатқандардың да көбі - қазақтар, яғни бұл мектептегі 1479 оқушының 982 - сі қазақтар, /66,4.%/. Ал 1997-98 оқу жылында 1 орыс класына 163 бала барса, оның 126-сы қазақтар екен./77,3%/Былайша айтқанда біздің осындай жағдайымыздың өзіңде әлі де ескіше ойлау белең алып тұр.Олардың кейбіреуінің ұлттық ой-санасы тоталитарлық жүйе кезіндегі күйінде тұр. Олар қазір дүниежүзілік ақпараттың 5 %-ы ғана орыс тілінде жүретінін білмейді. Осының нәтижесінде өз ұл - қыздарының рухани дүниесіне опасыздық жасап, оларды орыс мектебіне сүйрелеумен келеді.

Балабақшалардың көбі жабылған, қалғандары оқу - тәрбие жұмысын ана тілімізде жүргізуде. Қала көлеміндегі ірілі - уақты 100-ге таяп қалатын мемлекеттік кәсіпорындар, түрлі қызметтік сервистер, т.б. кіріс-шығыс қағаздарын, өз іштеріндегі құжаттарды негізінде мемлекеттік тілде жүргізуде. Десек те еткен 1999 жылдың қортындысына көз жіберсек, "Жөндеу механикалық зауыты"/ Толмаков Т /, "Алау" БК-Ұлықпанов О., №1 ұңғыларға қызмет көрсету Басқармасы - Нұрадинов Б., "Бұрғылау" ЖШС - Әжібаев Т., "Мұнайхимсервис"ЖШС-Тілеуқұлов Қ.сияқты ұжымдар мемлекеттік тілді өз жұмыстарына толық пайдалана алмай отыр. Бұндай басшылар "Қазақ тілі" ұйымының ескертпелеріне атүсті қарап, ана тіліміздің тағдырына немкетті көзқарас танытуда.Тексеріс кезінде кезіміз жеткеніндей, көпшілік өндірістік кәсіпорындардың есеп-қисап бөлімдері, банктердің қаржылық есеп-қисап қағаздары әлі қозғаусыз жатыр.

Президентіміз бір сөзінде: "Егер біз қазір ана тіліне жан бермесек, үлкен қасіретке душар боламыз",- деген еді. Сондықтан кәсіпорын басшылары өз жұмысшыларының рухани сұраныстарымен де айналысып, қолда бар мүмкіндіктерді сарқа пайдаланулары қажет. Соның бірі —штатқа мемлекеттік тіл маманын қабылдау жайлы Үкімет Қаулысын орындау. Бұл туралы Қаулыда:

Мемлекеттік ұйымдардың, кәсіпорындар мен мекемелердің штат кестелеріне қазақ тіліндегі іс жүргізушілер мен аудармашылардың лауазымдары енгізілсін, - деп көрсетілген./4- бап /. Осы 10 жыл ішінде кәсіпорындарда аудармашылық қызмет атқарған екі тілдің білгірлерін атасақ: Аманшаева М.,Аталықова А., Хамзаева Ш.,Борамбаев Б., Айдаров А., Айдарбаев Ж., Алдашева Г., Латыпов А.,Құсайынова В.,Тұрғамбаева А, Харесов С., Исағұлов 3., Сәрсенова А. Бір өкінерлігі кейбір басшылар штат қысқартуды осы аудармашылардан бастап жүр. Сол себепті олар қазір жоғарыда аталған мамандардың кейбіреулерінен айырылып қалып отыр. Мәңгүрттігімізді түсіндіру үшін мұнан артық қандай дәлел керек?!

Одан басқа "Қазақ тілі" ұйымының жанында мамандандырылған "Ана тілі" ЖШС жұмыс істейді. Осы 10 жыл ішінде Серіктестік қала ұжымдарын 40 және қазақша-орысша шрифі бар "Ятрань"жазу мәшінкісімен жабдықтады.

Әдістемелік құралдар мен қазақша-орысша сөздіктерді алып берді.

Кәсіпорындарда "Тіл ашар" сабақтарын жүргізді. Биылдың өзінде қала ұжымдарының 70 пайызын " Үлкен орысша-қазақша, қазақша-орысша сөздікпен", "Рауан" баспасынан шығып жатқан "Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздіктермен" жабдықтады.

Бірақ аударма мәселесінде "Магомедтің тауға келуі" қиын болып тұр. Күні бүгін осы Серіктестікпен 3 ұжым ғана Келісім шарт жасаған. Олар: "Ремсервис"ЖШС / Чекашев В.А. /, "Мұнайэнергосервис"ЖШС / Өтебергенов Д. /,"Шарайна" / Құдайбергенов И./

Көбіне жарыққа шығып жатқан "Тіл заңдарын" сөз еткенде, оларды орындау тетігі жоқ екенін, қаржы бөлінбейтінін айтамыз. Ал 1997 жылдың 11 шілдесіндегі "Тіл Заңы " осы олқылықты ескерген сияқты. Оның 7 бабында:

- Қазақстанда мемлекеттік тілдің қолданылуына және оларды үйретуге келтіретін лауазымды адамдардың іс-әрекеттері Қазақстан Республикасы Заңдарына сәйкес жауапкершілікті әкеп соқтырады,- делінген. Міне, осы жерде Жаңаөзен қаласының прокуроры Құлжанов Болаттың игілікті ісін айтпай кетуге болмайды. Ол тек 1998 жылдың үш айының ішінде қаламыздың 36 ұжым басшысына "Тіл заңын" бұзғаны үшін, наразылық жолдаған. Наразылық қаладағы түрлі саладағы өндіріс орындарын, мекемелерді, балабақшаларды, Салық инспекциясын, Нотариалды кеңсені, кәсіптік-техникалық мектептер мен орта мектептерді, ішкі істер бөлімін, тіпті өртке қарсы күресу жасақтарын да қамтыған. Біздің бұл ұзақ тізімді келтіру себебіміз, мемлекеттік тілде іс жүргізу тек ірі өндірістік объектілердің ғана міндеті емес, ол заңның бәрімізге ортақ екенін прокурордың есімізге салып отырғанын тағы да ескерту. Қала прокуроры 5 өз наразылықтарын былай аяқтап отырған:

Сөйтіп жоғарыда көрсетілген кәсіпорындар мен оқу орындары Қазақстан Республикасының "Тіл туралы Заңын" бұзған. Жоғарыда айтылғандар негізінде. Қазақстан Республикасы прокуратурасы туралы 5 Заңның 25 бабын басшылыққа алып сұраймын:  

1.         Осы ұсыныстарды өз аппаратыңызда қарап, айтылған кемшіліктерді жоюға нақты шара алуды.

2.         Ұсыныс түскен күннен бастап, 1 ай мерзім ішінде алынған Шешім туралы Жаңаөзен прокуратурасына хабарлауды.

Осы құжаттан кейін қала ұжымдарында мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізуде қозғалыс басталған сияқты еді, Болатты Ақтауға ауыстырғаннан кейін іс аяқсыз қалғанға ұқсайды.

Баяғы түрік елінде Қараман уалаятының ханы: "Үйде, шаруашылықта, мәжілісте, аланда, аулада сөз тек түрік тілінде жүрсін. Басқа тіл араласпасын", - депті. Содан бері 720 жыл өтіпті. Өркениетті елдерге ұқсап, бір жеңнен қол, бір ауыздан сөз шығарып, аталарымыздың мың жылдық мәдениеті мен ақыл-үрдісін жастарымыздың бойына сіңіргіміз келсе, рухани аза бастаған халқымыздың ұлттық сана-сезімін көтергіміз келсе, саф алтындай, кәусар бұлақтай ана тіліміздің дамуын тездетейік, оған қамқоршы болайық, өміріміз бен ісімізге енгізейік.

Сөз соңында Америка философы Сантаянаның "еткен тарихынан дұрыс қорытынды жасай білмеген халық қайта құлар күнін күтеді" дегенін естеріңізге сала отырып, әңгімемді М.Әлімбаевтың мына өлең жолдарымен көмкергім келеді:

Кіршіксіз ардай сақтаңдар

Қазақтың тілін ғаламат.

Ұрпақтар, атар ақ таңдар,

Аманат саған, аманат!

20. VIІІ.1999 ж.

 

Бөлісу: