Ұлағатты істер - ұрпақ қамы

8 Желтоқсан 2012, 05:37

    Қала көлемінде өткізілген қандай іс болса да, "Қазақ тілі" ұйымынсыз өтпейтін. Ұйым ықпалымен қалада Қашаған атындағы жыршы-термешілер мектебі / жетекшісі белгілі жыршы Мақсат Аяпов/, Сәттіғұл Жанғабылов атындағы жас ақындар мектебі /жетекшісі Қазақстан жорналшылар одағының мүшесі, танымал ақын Темір Мыңжасов/ ұйымдастырылды. Қала көшелерінің бұрыңғы аттары өзгертіліп, олардың орнына "Маңғыстау", "Естөре Оразақов", " Мұнайшылар", "Бейбітшілік", "17 маусым" деген көше аттары өмірге аяқ басты. Бұрынғы нөмірленген шағын аудандары, "Шаңырақ", "Шұғыла", "Самал", "Көктем", " Өркен" шағын аудандары болып аталды. Биылдың өзінде Теңге мен қала арасында бой көтерген шағын аудандар /4 "а" "- Астана", 5 "а" "- Арай "/, олардың көшелері / "Ақтау","Жетіқайқы", "Қаражүсіп", "Азаттық", "Ахмет Байтұрсынов", "Мұстафа Шоқай"/көңілге жылылық ұялатады. Осы қызметтердің негізгі ұйымдастырушылары, үнемі желдің өтінде жүрген "Қазақ тілі" ұйымының басқарма мүшелері десек, олардың ішіндегі белсенділерінің аты-жөндерін атап өткеніміз дұрыс болар. Олар:Қоңқаш Жексенбі, Байтілеуов Аманқос, Түйтеев Темірхан, Тарғынов Алдабай, Айдарбаев Жоламан, Мыңжас Темір, Исаева Айсұлу, Сақтағанов Аңшыбай, Алшымбаев Өнербек, Қатешова Ағиба, Қашаубаева Маңдайлы. Осылардың ішіндегі жоғарыда сөз болмаған кейбір азаматтардың іс-қимылын сөз ете кетейік. Қоңқаш Ақжігітұлы Жексенбі - айтыс ақыны, домбырашы, әртістік қабілеті бар азамат. Ұйым басқармасы оған балабақша мен саяжай көшелеріне ат қою тапсырмасын берген еді. Ол бұл істі абыроймен орындап шықты. Жексеннің ұсынысы бойынша балабақшалардың орысша аттары былайша өзгерді: Ромашка-Құлыншақ, Дюмовочка — Аққу, Красная шапочка - Балдәурен, Олеся - Жас ұлан, Мишутка - Балапан, Колокольчик-Шынар, Ладушка - Алақай, Катюша - Самал, Золушка - Ақбөбек, Айгүл, Ботагөз, Сәуле, Ер төстік, Әлия, Алтынай, Балдырған, Жанар, Гүлдер. Ал саяжай көшелері үшін ұсынған аттары бұдан да әсем: Балауса, Гүлмайса, Бәйшешек, Жемісті, Лалагүл, Алмалы, Көгорай, Самал, Сандуғаш, Қызғалдақ, Жиделі. Ұйымның ономастика комиссиясында "скважина" сөзінің мұнаймен байланысқан кездегі аудармасының "ұңғыдан" гөрі "шыңырау"сөзіне мағынасы жақындығын дәлелдеп, оны өмірге еңгізген де осы Жексен еді. Қазір көпшілік жерлерде "Шыңырау" сөзі тұрақталып айтылып келеді. Түйтеев Темірхан — бұрынғы мұғалім, соңғы кезде мұнай қызметіне маманданған. Ол "Шыңырауларды күрделі жөндеу басқармасында" істеп жүріп, осы басқарма іс-қағаздарын түгелдей қазақшалап, баспаханадан кітап етіп шығарды. Ал №10 мектептің филолог мұғалімі Аманшаева Меруерт Л.С.Метлинаның "Математика в детском саду" кітабын /"Екінші кіші топ" /қазақ тіліне аударды. Аудару үстінде Меруерт кітаптағы торай, т.б.қазақ топырағына жат хайуандарды, қошақан, ақ лақ, т.б. қазақы мал төлдерімен ауыстырған. Қазақшаланған кітап бірден балабақша оқу құралына айналып жүре берді. Айдарбаев Жоламан - жазушы,"Жаңаөзен" газеті редакторының орынбасары. Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізуде көпе-көрнеу салбөкселік көрсетіп келе жатқан кәсіпорын басшыларын шен-шекпеніне қарамай сынап, жылт еткен жақсы нышанды жария етуші талантты қаламгер. Ауланұлы Түгелбай — Медколледж мұғалімі, үлгілі ұстаз, мемлекеттік тіліміздің абыройын көтеруде баспасөз бетінде, шәкірттер арасында аянбай еңбек жүрген азамат. Сақтағанов Аңшыбай Газ өңдеу зауытында жұмысшылардың ұлттық реңін қадағалап отырған қызметкер. Айдаров Асылбек — газет редакторы."Қазақ тілі" ұйымының " Аманат" бетшесін ұйымдастыруға көмектесіп жүр. Шынында да күні бүгін,өзінің құрылғанына 10 жыл толуын әңгімелеп отырған "Қазақ тілі" ұйымы өзінің жетістігін сөз етер болса, оның шын иесі жоғарыда аталған қоғамдық қызметкерлер, арлы азаматтар екенін баса айтамыз. Енді Жаңаөзен атының өзгеріссіз қалу тарихы жайлы бірер сөз. 1990 жылдың 11 желтоқсанында басқарма Қаулысында ұсынылған қала атын Жаңаөзен, Новый Узень, Өзен деп бұлтақтатпай, қазақша бір атқа тоқтау мәселесі күн тәртібінде тұрды. Ескі Өзен - Қызыл сай, болып өз шешімін тапты. Есімде қалған бір жайт: осы отырыста Атқару комитетінің өкілі: "Жаңа, Ескі демей-ақ қала атын "Өзен" деп атайық",- деді. Бірақ мен Жаңаөзен атын қалдыруды ұсындым. Себебі, кешегі қызыл Империяның құрдымға құлауының басы Желтоқсан болса, оның жалғасы осы Жаңаөзендегі Маусым оқиғасы еді. Маусым оқиғасы ат төбеліндей партия, оның басқаруындағы кейбір парақор басшылардың опасыздығынан ұлттың рухы мен өмір сүру құқын қорғап қалды. Әділет пен азаттық жолында жастайынан Тілеубергенов Нұрберген, Отаралиев Оңдасын, Жанаев Төлеп опат болды. Бұл Қазақстан қалаларындағы қобалжуларды айтпағанның өзінде, төрткүл дүниені елеңдетті. "Сондықтан болашақ тарихымыз үшін, қала атын өзгертпеу керек ", - деп дәлелдедім мен өз ұсынысымды.Ұсыныс қабылданып, қаланың Жаңаөзен аты өзгеріссіз қалды. Енді ана тіліміздің халқымыз үшін ауадай қажеттігін дер кезінде түсініп, өз ұжымдарында оның өркендеуіне кең жол ашқан жоғарғы саналы басшылар туралы аз сөз. Бұлардың басында бұрынғы Шегендеу басқармасының директоры Өтебаев Аташ пен Шыңырауларды күрделі жөндеу басқармасының басшысы Әбішаев Орынбек тұрды.Олар қалада алғашқы болып, жеке штатқа аудармашы қабылдады және кеңседегі бір кең бөлмені "Қазақ тілі" бөлмесі етіп жабдықтады. Бұдан әрі қарай жалғастырсақ: Мамаев Сырым, Қылышбаев Аман, Базылов Бақтығали, Бабаханов Жалғас, Исабергенов Жылқыбек, Бекімов Дәрмен Дәкенов Батыр, Қатарбаев Кемелхан, Әуелбаев Оңдасын болып жалғаса береді. Бұл басшылар басқарған кәсіпорындардағы іс қағаздарының есепші қызметіндегілерден басқалары қазірдің өзінде мемлекеттік тілге өтіп болған. Әрине орыс тілі отарлық езгінің нәтижесінде отбасымызға дейін кіріп, ой-санамызға қалыптасып, бүкіл тіршілігімізді билеп - төстеп алған еді. Бұның негізі Сталиннің 1953 жылғы тіл біліміне байланысты еңбегіндегі "ұлт тілдері бара-бара біртұтас аймақтық тілге айналады",- деген және Н.Хрущевтың "неғұрлым орыс тіліне тезірек көшсек, солғұрлым коммунизмге тезірек жетеміз" деген бағдарламаларында жатқан еді. Сондықтан да біздің қызметте насихат жұмысы ауадай қажет болды. Осы мақсатпен "Қазақ тілі" ұйымы "Тіл сарбазы" грамотасын бекітті. Ол ұлтжандылығымен ерекше көзге түскен тіл жанашырларына, өнер иелеріне тапсырылды. Қазірге шейін бұл Грамотамен 60-тың үстінде адам марапатталды. 1991 жылдан бастап "Аманат" радиохабары беріліп тұрды. 1996 жылдан бастап, жергілікті "Атамекен" телеарнасынан айына 1 рет "Аманат" студиясы хабар береді. 2000 жылдан бастап, ұйым Басқармасы "Ұлтжанды азамат" Грамотасын бекітті.  

 

 

Қала көлемінде өткізілген қандай іс болса да, "Қазақ тілі" ұйымынсыз өтпейтін. Ұйым ықпалымен қалада Қашаған атындағы жыршы-термешілер мектебі / жетекшісі белгілі жыршы Мақсат Аяпов/, Сәттіғұл Жанғабылов атындағы жас ақындар мектебі /жетекшісі Қазақстан жорналшылар одағының мүшесі, танымал ақын Темір Мыңжасов/ ұйымдастырылды. Қала көшелерінің бұрыңғы аттары өзгертіліп, олардың орнына "Маңғыстау", "Естөре Оразақов", " Мұнайшылар", "Бейбітшілік", "17 маусым" деген көше аттары өмірге аяқ басты.

Бұрынғы нөмірленген шағын аудандары, "Шаңырақ", "Шұғыла", "Самал", "Көктем", " Өркен" шағын аудандары болып аталды. Биылдың өзінде Теңге мен қала арасында бой көтерген шағын аудандар /4 "а" "- Астана", 5 "а" "- Арай "/, олардың көшелері / "Ақтау","Жетіқайқы", "Қаражүсіп", "Азаттық", "Ахмет Байтұрсынов", "Мұстафа Шоқай"/көңілге жылылық ұялатады.

Осы қызметтердің негізгі ұйымдастырушылары, үнемі желдің өтінде жүрген "Қазақ тілі" ұйымының басқарма мүшелері десек, олардың ішіндегі белсенділерінің аты-жөндерін атап өткеніміз дұрыс болар. Олар:Қоңқаш Жексенбі, Байтілеуов Аманқос, Түйтеев Темірхан, Тарғынов Алдабай, Айдарбаев Жоламан, Мыңжас Темір, Исаева Айсұлу, Сақтағанов Аңшыбай, Алшымбаев Өнербек, Қатешова Ағиба, Қашаубаева Маңдайлы. Осылардың ішіндегі жоғарыда сөз болмаған кейбір азаматтардың іс-қимылын сөз ете кетейік.

Қоңқаш Ақжігітұлы Жексенбі - айтыс ақыны, домбырашы, әртістік қабілеті бар азамат. Ұйым басқармасы оған балабақша мен саяжай көшелеріне ат қою тапсырмасын берген еді. Ол бұл істі абыроймен орындап шықты. Жексеннің ұсынысы бойынша балабақшалардың орысша аттары былайша өзгерді: Ромашка-Құлыншақ, Дюмовочка — Аққу, Красная шапочка - Балдәурен, Олеся - Жас ұлан, Мишутка - Балапан, Колокольчик-Шынар, Ладушка - Алақай, Катюша - Самал, Золушка - Ақбөбек, Айгүл, Ботагөз, Сәуле, Ер төстік, Әлия, Алтынай, Балдырған, Жанар, Гүлдер. Ал саяжай көшелері үшін ұсынған аттары бұдан да әсем: Балауса, Гүлмайса, Бәйшешек, Жемісті, Лалагүл, Алмалы, Көгорай, Самал, Сандуғаш, Қызғалдақ, Жиделі.

Ұйымның ономастика комиссиясында "скважина" сөзінің мұнаймен байланысқан кездегі аудармасының "ұңғыдан" гөрі "шыңырау"сөзіне мағынасы жақындығын дәлелдеп, оны өмірге еңгізген де осы Жексен еді. Қазір көпшілік жерлерде "Шыңырау" сөзі тұрақталып айтылып келеді.

Түйтеев Темірхан — бұрынғы мұғалім, соңғы кезде мұнай қызметіне маманданған. Ол "Шыңырауларды күрделі жөндеу басқармасында" істеп жүріп, осы басқарма іс-қағаздарын түгелдей қазақшалап, баспаханадан кітап етіп шығарды.

Ал №10 мектептің филолог мұғалімі Аманшаева Меруерт Л.С.Метлинаның "Математика в детском саду" кітабын /"Екінші кіші топ" /қазақ тіліне аударды. Аудару үстінде Меруерт кітаптағы торай, т.б.қазақ топырағына жат хайуандарды, қошақан, ақ лақ, т.б. қазақы мал төлдерімен ауыстырған. Қазақшаланған кітап бірден балабақша оқу құралына айналып жүре берді.

Айдарбаев Жоламан - жазушы,"Жаңаөзен" газеті редакторының орынбасары. Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізуде көпе-көрнеу салбөкселік көрсетіп келе жатқан кәсіпорын басшыларын шен-шекпеніне қарамай сынап, жылт еткен жақсы нышанды жария етуші талантты қаламгер. Ауланұлы Түгелбай — Медколледж мұғалімі, үлгілі ұстаз, мемлекеттік тіліміздің абыройын көтеруде баспасөз бетінде, шәкірттер арасында аянбай еңбек жүрген азамат. Сақтағанов Аңшыбай Газ өңдеу зауытында жұмысшылардың ұлттық реңін қадағалап отырған қызметкер. Айдаров Асылбек — газет редакторы."Қазақ тілі" ұйымының " Аманат" бетшесін ұйымдастыруға көмектесіп жүр. Шынында да күні бүгін,өзінің құрылғанына 10 жыл толуын әңгімелеп отырған "Қазақ тілі" ұйымы өзінің жетістігін сөз етер болса, оның шын иесі жоғарыда аталған қоғамдық қызметкерлер, арлы азаматтар екенін баса айтамыз.

Енді Жаңаөзен атының өзгеріссіз қалу тарихы жайлы бірер сөз.

1990 жылдың 11 желтоқсанында басқарма Қаулысында ұсынылған қала атын Жаңаөзен, Новый Узень, Өзен деп бұлтақтатпай, қазақша бір атқа тоқтау мәселесі күн тәртібінде тұрды. Ескі Өзен - Қызыл сай, болып өз шешімін тапты. Есімде қалған бір жайт: осы отырыста Атқару комитетінің өкілі: "Жаңа, Ескі демей-ақ қала атын "Өзен" деп атайық",- деді. Бірақ мен Жаңаөзен атын қалдыруды ұсындым. Себебі, кешегі қызыл Империяның құрдымға құлауының басы Желтоқсан болса, оның жалғасы осы Жаңаөзендегі Маусым оқиғасы еді. Маусым оқиғасы ат төбеліндей партия, оның басқаруындағы кейбір парақор басшылардың опасыздығынан ұлттың рухы мен өмір сүру құқын қорғап қалды.

Әділет пен азаттық жолында жастайынан Тілеубергенов Нұрберген, Отаралиев Оңдасын, Жанаев Төлеп опат болды. Бұл Қазақстан қалаларындағы қобалжуларды айтпағанның өзінде, төрткүл дүниені елеңдетті. "Сондықтан болашақ тарихымыз үшін, қала атын өзгертпеу керек ", - деп дәлелдедім мен өз ұсынысымды.Ұсыныс қабылданып, қаланың Жаңаөзен аты өзгеріссіз қалды.

Енді ана тіліміздің халқымыз үшін ауадай қажеттігін дер кезінде түсініп, өз ұжымдарында оның өркендеуіне кең жол ашқан жоғарғы саналы басшылар туралы аз сөз.

Бұлардың басында бұрынғы Шегендеу басқармасының директоры Өтебаев Аташ пен Шыңырауларды күрделі жөндеу басқармасының басшысы Әбішаев Орынбек тұрды.Олар қалада алғашқы болып, жеке штатқа аудармашы қабылдады және кеңседегі бір кең бөлмені "Қазақ тілі" бөлмесі етіп жабдықтады.

Бұдан әрі қарай жалғастырсақ: Мамаев Сырым, Қылышбаев Аман, Базылов Бақтығали, Бабаханов Жалғас, Исабергенов Жылқыбек, Бекімов Дәрмен Дәкенов Батыр, Қатарбаев Кемелхан, Әуелбаев Оңдасын болып жалғаса береді. Бұл басшылар басқарған кәсіпорындардағы іс қағаздарының есепші қызметіндегілерден басқалары қазірдің өзінде мемлекеттік тілге өтіп болған.

Әрине орыс тілі отарлық езгінің нәтижесінде отбасымызға дейін кіріп, ой-санамызға қалыптасып, бүкіл тіршілігімізді билеп - төстеп алған еді. Бұның негізі Сталиннің 1953 жылғы тіл біліміне байланысты еңбегіндегі "ұлт тілдері бара-бара біртұтас аймақтық тілге айналады",- деген және Н.Хрущевтың "неғұрлым орыс тіліне тезірек көшсек, солғұрлым коммунизмге тезірек жетеміз" деген бағдарламаларында жатқан еді. Сондықтан да біздің қызметте насихат жұмысы ауадай қажет болды. Осы мақсатпен "Қазақ тілі" ұйымы "Тіл сарбазы" грамотасын бекітті. Ол ұлтжандылығымен ерекше көзге түскен тіл жанашырларына, өнер иелеріне тапсырылды. Қазірге шейін бұл Грамотамен 60-тың үстінде адам марапатталды. 1991 жылдан бастап "Аманат" радиохабары беріліп тұрды. 1996 жылдан бастап, жергілікті "Атамекен" телеарнасынан айына 1 рет "Аманат" студиясы хабар береді. 2000 жылдан бастап, ұйым Басқармасы "Ұлтжанды азамат" Грамотасын бекітті.

 

Бөлісу: