Елбасының ақ батасын алған жас отбасылар

7 Желтоқсан 2012, 23:36

  Сол бір сәт «Елбасының ақ батасын алғанбыз»            Оңтүстік өлкесі жастардың отбасын құруы жөнінен елімізде алдыңғы орынды ешкімге берген емес. Жастарға неке куәлігін тапсырып, болашақ өмірге жолдама беретін Неке сарайы осыдан екі жыл бұрын «Шәмші әлемі» гүлзарының қасынан ашылған еді. Тұсаукесер рәсіміне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. Сол жолы шаңырақ құрған жеті жұпқа неке куәлігін Нұрсұлтан Әбішұлының өзі тапсырды.           Дархан Әбдуәлиев пен Дильнара Қадырқұлова, Ербол Қуатбеков пен Перизат Аштаева, Ерлан Тәшенов пен Меруерт Әбдіхалықова, Ержан Байзақов пен Ақбота Тойымбетова, Мұхтар Назаров пен Райхан Есетова, Максим Мутагиров пен Эльонора Бауэр, Сержан Құттыбаев пен Мөлдір Зияева сияқты жас жұбайлар осылайша бақытты сәттің куәсі болған. Нұрсұлтан Назарбаев Шымкент қалалық әділет басқармасы  АХАТ  бөлімі  некесін қиған жаc отау иелерін жаңа өмірге аттаған қадамдарымен құттықтап, естелікке теледидар тарту еткен еді.            Жоғарыдағы жеті жұптың бірі Мұхтар Назаров «Отырар» телеарнасындағы «Сәлем» сазды бағдарламасы арқылы жұртшылыққа кеңінен танымал. Ал, Сержан Құттыбаев пен Мөлдір Зияева Ж.Шанин атындағы облыстық қазақ драма театрының әртістері. Өміріндегі осы бір ұмытылмас сәтті Мөлдір былайша еске алады:            – 2010 жылы Сержан екеуміз отбасын құруға шешім қабылдап,  қалалық АХАТ бөліміне өтініш жаздық. Неке куәлігімізді жаңадан ашылатын Неке сарайында  Елбасының қолынан алатынымызды естіген сәттен бастап ерекше толқып жүрдік. Өйткені, отбасылық өмірді куәландыратын маңызды  құжатты еліміздің тұңғыш Президентінің өзі тапсыруы жүздің біріне де бұйырмаған бақыт емес пе. Сол жеті жұптың ішінен Сержан екеуміздің неке қию рәсімімізді ұлттық салт-дәстүрге сай етіп өткізді. Неке сарайының бірінші қабатында Нұрсұлтан Әбішұлы, АХАТ бөлімінің қызметкерлері және біздің жұбымыз болды. Қалған жұптар екінші қабатта күтіп тұрды. Ұлттық киім киген қыздар екеумізді ортаңғы залға қарай алып жүрді. Некенің мән-маңызы жайлы ғибратты сөздер айтылған соң жеті рет қадам жасадық. Әр адым сайын некеге жету жолында жолдасым екеуміз мәңгі махаббатқа, адалдыққа, сыйластыққа, бір-бірімізді құрметтеуге серттестік. Сосын «Той жыры» әнінің аясында Елбасыға қарай аяңдадық. Үлкен кісі  ақ батасын беріп, баянды ғұмыр тілеп,  қазақы киіз үйдің макетін сыйлады. Оның ішіне «Шырақтарың сөнбесін» деген ниетпен шырақ орнатылыпты.  «Шаңырақтарың берік болсын!» деген Нұрсұлтан Әбішұлы Сержанға неке куәлігін тапсырды. Мен бұл күнді ешқашан ұмытпаймын.            Бүгінде жас жұбайлар Сержан Құттыбаев пен Мөлдір Зияеваның Әдемі атты  қылығы балдай қызы бар. Ж.Шанин атындағы облыстық қазақ драма театрында Сержан тоғыз, ал Мөлдір бес жылдан бері еңбек етіп келеді.             Жас жұбайлардың келесі жұбы Ержан Байзақов пен Ақбота Тойымбетова да сол сәтті әлі күнге сағынышпен еске алады. «Некеге тұруға бір ай бұрын өтініш беріп, тойдың қамымен шабуылдап жүргенбіз. Неке куәлігін жаңадан ашылатын Неке сарайында Президенттің өзі тапсыратынын естігенде отбасымыздың қуанышында шек болмады. Ата-анам мұны жақсылыққа жорып мәз болды. Өміріміздегі маңызды құжатты Елбасының қолынан алғандықтан немересінің атын ата-анам Елнұр деп қойды», - дейді Ержан.         Шымкенттіктерге алғаш рет осындай тамаша үлгідегі неке сарайын тұрғызған «Береке-А корпорациясы» ЖШС-нің бас директоры Рәшкүл Оспанәлиеваға Нұрсұлтан Әбішұлы алғысын білдірген еді. Құны 241 млн.теңге тұратын ғимарат бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде салынған.         Жанерке ЖҮСІПБЕКОВА.

 

«Елбасының ақ батасын алғанбыз»

 

         Оңтүстік өлкесі жастардың отбасын құруы жөнінен елімізде алдыңғы орынды ешкімге берген емес. Жастарға неке куәлігін тапсырып, болашақ өмірге жолдама беретін Неке сарайы осыдан екі жыл бұрын «Шәмші әлемі» гүлзарының қасынан ашылған еді. Тұсаукесер рәсіміне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. Сол жолы шаңырақ құрған жеті жұпқа неке куәлігін Нұрсұлтан Әбішұлының өзі тапсырды. 

         Дархан Әбдуәлиев пен Дильнара Қадырқұлова, Ербол Қуатбеков пен Перизат Аштаева, Ерлан Тәшенов пен Меруерт Әбдіхалықова, Ержан Байзақов пен Ақбота Тойымбетова, Мұхтар Назаров пен Райхан Есетова, Максим Мутагиров пен Эльонора Бауэр, Сержан Құттыбаев пен Мөлдір Зияева сияқты жас жұбайлар осылайша бақытты сәттің куәсі болған. Нұрсұлтан Назарбаев Шымкент қалалық әділет басқармасы  АХАТ  бөлімі  некесін қиған жаc отау иелерін жаңа өмірге аттаған қадамдарымен құттықтап, естелікке теледидар тарту еткен еді.

           Жоғарыдағы жеті жұптың бірі Мұхтар Назаров «Отырар» телеарнасындағы «Сәлем» сазды бағдарламасы арқылы жұртшылыққа кеңінен танымал. Ал, Сержан Құттыбаев пен Мөлдір Зияева Ж.Шанин атындағы облыстық қазақ драма театрының әртістері. Өміріндегі осы бір ұмытылмас сәтті Мөлдір былайша еске алады:

           – 2010 жылы Сержан екеуміз отбасын құруға шешім қабылдап,  қалалық АХАТ бөліміне өтініш жаздық. Неке куәлігімізді жаңадан ашылатын Неке сарайында  Елбасының қолынан алатынымызды естіген сәттен бастап ерекше толқып жүрдік. Өйткені, отбасылық өмірді куәландыратын маңызды  құжатты еліміздің тұңғыш Президентінің өзі тапсыруы жүздің біріне де бұйырмаған бақыт емес пе. Сол жеті жұптың ішінен Сержан екеуміздің неке қию рәсімімізді ұлттық салт-дәстүрге сай етіп өткізді. Неке сарайының бірінші қабатында Нұрсұлтан Әбішұлы, АХАТ бөлімінің қызметкерлері және біздің жұбымыз болды. Қалған жұптар екінші қабатта күтіп тұрды. Ұлттық киім киген қыздар екеумізді ортаңғы залға қарай алып жүрді. Некенің мән-маңызы жайлы ғибратты сөздер айтылған соң жеті рет қадам жасадық. Әр адым сайын некеге жету жолында жолдасым екеуміз мәңгі махаббатқа, адалдыққа, сыйластыққа, бір-бірімізді құрметтеуге серттестік. Сосын «Той жыры» әнінің аясында Елбасыға қарай аяңдадық. Үлкен кісі  ақ батасын беріп, баянды ғұмыр тілеп,  қазақы киіз үйдің макетін сыйлады. Оның ішіне «Шырақтарың сөнбесін» деген ниетпен шырақ орнатылыпты.  «Шаңырақтарың берік болсын!» деген Нұрсұлтан Әбішұлы Сержанға неке куәлігін тапсырды. Мен бұл күнді ешқашан ұмытпаймын.

           Бүгінде жас жұбайлар Сержан Құттыбаев пен Мөлдір Зияеваның Әдемі атты  қылығы балдай қызы бар. Ж.Шанин атындағы облыстық қазақ драма театрында Сержан тоғыз, ал Мөлдір бес жылдан бері еңбек етіп келеді. 

           Жас жұбайлардың келесі жұбы Ержан Байзақов пен Ақбота Тойымбетова да сол сәтті әлі күнге сағынышпен еске алады. «Некеге тұруға бір ай бұрын өтініш беріп, тойдың қамымен шабуылдап жүргенбіз. Неке куәлігін жаңадан ашылатын Неке сарайында Президенттің өзі тапсыратынын естігенде отбасымыздың қуанышында шек болмады. Ата-анам мұны жақсылыққа жорып мәз болды. Өміріміздегі маңызды құжатты Елбасының қолынан алғандықтан немересінің атын ата-анам Елнұр деп қойды», - дейді Ержан. 

       Шымкенттіктерге алғаш рет осындай тамаша үлгідегі неке сарайын тұрғызған «Береке-А корпорациясы» ЖШС-нің бас директоры Рәшкүл Оспанәлиеваға Нұрсұлтан Әбішұлы алғысын білдірген еді. Құны 241 млн.теңге тұратын ғимарат бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде салынған.

 

      Жанерке ЖҮСІПБЕКОВА.

Бөлісу: