Әбділдин Жабайхан

7 Желтоқсан 2012, 12:30

  Әбділдин Жабайхан Мүбәрәкұлы(16.2.1933 ж. т. Павлодар обл. Май ауд. Майтүбек а.) — ғалым, философия ғылымының докторы (1968), проф. (1970), Қазақстан ҒА-ның академигі (1983), Қазақстанның еңбек сіңірген ғыл. қайраткері. ҚазМУ-ді бітірген (1954). 1958 — 84 ж. Қазақстан ҒА-ның Филос. және құқық ин-тының кіші, аға ғыл. қызметкері, бөлім меңгерушісі, директоры қызметтерін атқарды. 1984 — 86 ж. Қазақстан ҒА Қоғамдық ғылымдар бөлімшесінің акад.-хатшысы, 1986 — 95 ж. ҒА-ның вице-президенті болды. 1990 ж. Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің халық депутаты болып сайланды. 1994 ж. ҚР-ның тұңғыш Парламентіне депутат болды. 1995 жылдан қазірге дейін ҚР Парламентінің сенаторы, Сенаттың Халықар. істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы. Әбділдиннің ғылыми еңбектері негізінен диалектикалық логиканың өзекті мәселелерін зерттеуге арналған. Соның ішінде, әсіресе, нақты ұғым, бастама мәселелерін терең зерттей отырып, олардың филос. тарихы тұрғысынан негізделген диалект. анықтамасын жасады, логикалық және гносеологиялық функцияларына сипаттама берді, қазіргі ғылым мен практикадағы логико-методологиялық рөлін айқындады. Оның басқаруымен диалектикалық логиканың категорияларын, заңдарын, принциптерін жан-жақты зерттеуге арналған ұжымдық монографияларлар жарық көрді. Осы зерттеулердің нәтижесінде “Диалектикалық логика” аталатын 4 томдық іргелі еңбек дүниеге келді. Мұнда диалектиканың логикалық функциясы анық дәлелденіп, категорияларының ғылыми жүйесі жасалды, әрі олар қазіргі жаратылыстану ғылымдарының методологиялық мәселелерімен ұштастырылды. Әбділдиннің ғылыми басшылығымен 10 ғылым докторы, 40-қа тарта ғылым кандидаты дайындалды. Әбділдин белгілі қоғам және мемлекет қайраткері. Ол 1987 — 89 ж. Ш. Құдайбердіұлы, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов шығармаларын зерттеп, оларды ақтау мәселесімен айналысқан арнаулы комиссияларды басқарды. 1987 ж. ғылым мен техника саласындағы Лениндік және КСРО Мемл. сыйлықтары жөніндегі комитеттің мүшесі болды. 1986 — 91 ж. Кеңес-қытай достығы қоғамы Қазақ бөлімшесі басқармасының төрағасы, 1981 — 90 ж. КСРО филос. қоғамы Қазақстан бөлімшесінің төрағасы міндетін атқарды. 1990 жылдан бастап Қазақ филос. қоғамының Президенті, ҚР Мәдениет қорының төрағасы. Әбділдин Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының (1984) ҚР Президентінің Бейбітшілік және рухани татулық сыйлығының (1994), қоғамдық ғылымдар саласы бойынша Ш. Уәлиханов атындағы сыйлықтың (1974) иегері. Еңбек Қызыл Ту, “Құрмет белгісі” ордендерімен марапатталған.

Бөлісу: