«WikiBilim» «Google Translate» қызметіне қазақ тілін қосу жобасын таныстырды

7 Желтоқсан 2012, 08:26

«WikiBilim» қоғамдық қоры жаңа жобаны қолға алып отыр. Ол ғаламдық «Google Translate» аударма қызметіне қазақ тілін қосуды көздейді. Бірақ бұл бастаманы сәтті іске асыру үшін қазақ тіліне жанашыр қазақстандықтар барлығы белсенді атсалысуы тиіс. «Google Translate - сөз, сөйлем мен мәтіндерді, веб-парақшаларды автоматты түрде аударуға арналған Google компаниясының тегін веб-қызметі. Бүгінгі таңда бұл қызмет 64 тілде жұмыс істейді, өкінішке орай, ол тілдердің арасында әзірше қазақ тілі жоқ. Біздің мақсатымыз осы жүйеге қазақ тілін қосу болып отыр. Олай болғанда, алпыс төрт тілдің ішінен кез келгенін қазақ тіліне не болмаса қазақ тілінен өзге тілге аударма жасауға мүмкіндік туады. Осы мақсатты іске асыру үшін, яғни қазақ тілін Google Translate-ке қосу үшін, ағылшын немесе орыс тілінен қазақ тіліне айна қатесіз, сапалы аударылған мәтіндерді жүйеге көп көлемде жүктеу керек», - дейді «WikiBilim» қоғамдық қорының жетекшісі Рауан Кенжеханұлы. Оның айтуынша, бұл жұмысты бір ғана редакция іске асыра алмайды. Қазақ тілін ғаламдық аударма қызметіне қосу үшін қалың көпшілік белсенді атсалысуы тиіс. «Қалаларды аралап, жобаны таныстырып жүрміз. Бұл игі іске кез келген азамат өз үлесін қоса алады. Біз он млн қазақпыз, соның бес пайызы, бес жүз мың адам күніне он бес минут уақытын бөліп, аударма жасап, осы жобаға атсалысса игі болар еді. Мұндағы мақсат - машинаға қазақ тіліндегі мейлінше көп материал жүктеу, жадына сақтап отыру. Белгілі бір уақыттан кейін, жүйе аударма жасауға дайын болғанда, қазақ тілі өздігінен ғаламдық аударма қызметіне қосылады. Ол үшін, тағы да қайталап айтамын, біз барлығымыз сапалы аударылған материалдарды мейлінше көп жүйеге сала беруіміз керек», - деп атап өтті Рауан Кенжеханұлы. Қазақстандықтар тарапынан қолдау тапса, жоба авторлары қазақ тілі ғаламдық қызметке келесі жылдың аяғында іске қосылады деп болжап отыр. Жобаны қолдаушылар – «Қазконтент» АҚ мен «Beeline» компаниясы. Техникалық көмекті Google компаниясы көрсетуде. Студенттермен өткен кездесуде жобаға қызығушылық танытқан кез келген адамға өзі жұмыс істеп, ортақ жұмысқа атсалысуға мүмкіндік беретін Google Translate Toolkit аударма құралы таныстырылды.

«WikiBilim» қоғамдық қоры жаңа жобаны қолға алып отыр. Ол ғаламдық «Google Translate» аударма қызметіне қазақ тілін қосуды көздейді. Бірақ бұл бастаманы сәтті іске асыру үшін қазақ тіліне жанашыр қазақстандықтар барлығы белсенді атсалысуы тиіс.

«Google Translate - сөз, сөйлем мен мәтіндерді, веб-парақшаларды автоматты түрде аударуға арналған Google компаниясының тегін веб-қызметі. Бүгінгі таңда бұл қызмет 64 тілде жұмыс істейді, өкінішке орай, ол тілдердің арасында әзірше қазақ тілі жоқ. Біздің мақсатымыз осы жүйеге қазақ тілін қосу болып отыр. Олай болғанда, алпыс төрт тілдің ішінен кез келгенін қазақ тіліне не болмаса қазақ тілінен өзге тілге аударма жасауға мүмкіндік туады. Осы мақсатты іске асыру үшін, яғни қазақ тілін Google Translate-ке қосу үшін, ағылшын немесе орыс тілінен қазақ тіліне айна қатесіз, сапалы аударылған мәтіндерді жүйеге көп көлемде жүктеу керек», - дейді «WikiBilim» қоғамдық қорының жетекшісі Рауан Кенжеханұлы.

Оның айтуынша, бұл жұмысты бір ғана редакция іске асыра алмайды. Қазақ тілін ғаламдық аударма қызметіне қосу үшін қалың көпшілік белсенді атсалысуы тиіс.

«Қалаларды аралап, жобаны таныстырып жүрміз. Бұл игі іске кез келген азамат өз үлесін қоса алады. Біз он млн қазақпыз, соның бес пайызы, бес жүз мың адам күніне он бес минут уақытын бөліп, аударма жасап, осы жобаға атсалысса игі болар еді. Мұндағы мақсат - машинаға қазақ тіліндегі мейлінше көп материал жүктеу, жадына сақтап отыру. Белгілі бір уақыттан кейін, жүйе аударма жасауға дайын болғанда, қазақ тілі өздігінен ғаламдық аударма қызметіне қосылады. Ол үшін, тағы да қайталап айтамын, біз барлығымыз сапалы аударылған материалдарды мейлінше көп жүйеге сала беруіміз керек», - деп атап өтті Рауан Кенжеханұлы.

Қазақстандықтар тарапынан қолдау тапса, жоба авторлары қазақ тілі ғаламдық қызметке келесі жылдың аяғында іске қосылады деп болжап отыр.

Жобаны қолдаушылар – «Қазконтент» АҚ мен «Beeline» компаниясы. Техникалық көмекті Google компаниясы көрсетуде.

Студенттермен өткен кездесуде жобаға қызығушылық танытқан кез келген адамға өзі жұмыс істеп, ортақ жұмысқа атсалысуға мүмкіндік беретін Google Translate Toolkit аударма құралы таныстырылды.

Бөлісу: