Алматыда балабақшада Желтоқсан оқиғасы туралы арнайы сабақ өтті

7 Желтоқсан 2012, 05:29

Алматыда №93 балабақшаның тәрбиешілері бүлдіршіндерге арнап Желтоқсан құрбандары туралы арнайы сабақ өткізді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. Шара барысында балалар Желтоқсан оқиғасы кезінде қаза болған жастар туралы бейнебаян тамашалап, ән айтып, би билеп өнерлерін ортаға салды. Балабақша қызметкерлері сахналық қойылым көрсетіп, шараның мәнін барынша түсіндіруге тырысты. «Бұл шараны біз балаларды патриоттық сезімге, отаншылдыққа баулу үшін өткізіп отырмыз. Біздің мақсатымыз – балаларды тарихынан, өткенінен, түп-тамырынан ажыратпай тәрбиелеу. Балалар әлі кішкентай болса да, қызықты қойылымдар арқылы түсінікті етуге тырыстық», - деді №93 балабақша меңгерушісі Мейрамгүл Махамбетова.

Алматыда №93 балабақшаның тәрбиешілері бүлдіршіндерге арнап Желтоқсан құрбандары туралы арнайы сабақ өткізді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Шара барысында балалар Желтоқсан оқиғасы кезінде қаза болған жастар туралы бейнебаян тамашалап, ән айтып, би билеп өнерлерін ортаға салды.

Балабақша қызметкерлері сахналық қойылым көрсетіп, шараның мәнін барынша түсіндіруге тырысты.

«Бұл шараны біз балаларды патриоттық сезімге, отаншылдыққа баулу үшін өткізіп отырмыз. Біздің мақсатымыз – балаларды тарихынан, өткенінен, түп-тамырынан ажыратпай тәрбиелеу. Балалар әлі кішкентай болса да, қызықты қойылымдар арқылы түсінікті етуге тырыстық», - деді №93 балабақша меңгерушісі Мейрамгүл Махамбетова.

Бөлісу: