Астанада А.Сейдімбекті еске алуға арналған ғылыми конференция өтіп жатыр

6 Желтоқсан 2012, 06:50

Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде көрнекті ғалым, этнограф, журналист, профессор Ақселей Сейдімбекті еске алуға арналған «Ақселеу Сейдімбек: ғылыми мұрасы мен және Тәуелсіздік» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция басталды деп хабарлайды BAQ.kz ҚазАқпарат ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. Үш бөлім бойынша өтіп жатқан ғылыми мәслихатта Еуразияның ауыз әдебиеті, көшпенділер тарихы, көшпелі халықтардың рухани мұрасы мен дүниетанымы, сондай-ақ қазақ әдебиеттану ғылымы сияқты мәселелер Ақселеу Сланұлы Сейдімбектің шығармашылық мұрасы аясында талқылануда. «Бүгінгі конференцияның тақырыбы: «Ақселеу Сейдімбек: ғылыми мұрасы мен және Тәуелсіздік». Өйткені Ахаңның туған күні - желтоқсанның 12-сі Тәуелсіздікке таяу. Ақселеу Сейдімбек сияқты азаматтар осы Тәуелсіздіктің атмосферасын қалыптастырды. Ахаңның үлкен бір еңбегі - «Қазақтың ауызша тарихы», яғни этнография мен фольклористиканың түйіскен жерінде еленбей жүрген дүниелерді Ақселеу Сейдімбек үлен ғылыми сала ретінде дәлелдеп, бізге бағыт-бағдар көрсетті», - деді конференцияның ашылу рәсімінде Еуразия ұлттық университетінің проректоры, профессор Дихан Қамзабекұлы.

Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде көрнекті ғалым, этнограф, журналист, профессор Ақселей Сейдімбекті еске алуға арналған «Ақселеу Сейдімбек: ғылыми мұрасы мен және Тәуелсіздік» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция басталды деп хабарлайды BAQ.kz ҚазАқпарат ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Үш бөлім бойынша өтіп жатқан ғылыми мәслихатта Еуразияның ауыз әдебиеті, көшпенділер тарихы, көшпелі халықтардың рухани мұрасы мен дүниетанымы, сондай-ақ қазақ әдебиеттану ғылымы сияқты мәселелер Ақселеу Сланұлы Сейдімбектің шығармашылық мұрасы аясында талқылануда.

«Бүгінгі конференцияның тақырыбы: «Ақселеу Сейдімбек: ғылыми мұрасы мен және Тәуелсіздік». Өйткені Ахаңның туған күні - желтоқсанның 12-сі Тәуелсіздікке таяу. Ақселеу Сейдімбек сияқты азаматтар осы Тәуелсіздіктің атмосферасын қалыптастырды. Ахаңның үлкен бір еңбегі - «Қазақтың ауызша тарихы», яғни этнография мен фольклористиканың түйіскен жерінде еленбей жүрген дүниелерді Ақселеу Сейдімбек үлен ғылыми сала ретінде дәлелдеп, бізге бағыт-бағдар көрсетті», - деді конференцияның ашылу рәсімінде Еуразия ұлттық университетінің проректоры, профессор Дихан Қамзабекұлы.

Бөлісу: